Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

                                                                  Қазақстан Республикасы

                                                               Үкіметінің

                                                                  2013 жылғы «____» ____________

                                                                  №______ қаулысымен

                                                               бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

 

         1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 қазандағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 қазандағы            № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 445-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанының 15-бөлімі. «Тараптардың деректемелерi» мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тараптардың деректемелерi

«САҚТАНДЫРУШЫ»                                      «САҚТАНУШЫ»

Атауы:_____________________        Атауы:____________________
Мекен-жайы:________________         Мекен-жайы:_______________
СТН______________________                  ЖСН/БСН__________________
ЖБК______________________           ЖБК_______________________
ББК_______________________           ББК_______________________
Резиденттiк белгiсi________          Резиденттiк белгiсi________
Экономика секторының коды             Экономика секторының коды
___________________________                     _________________________».

2. «Биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiрiсiне мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi есептерiнiң нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 наурыздағы                          № 212 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 288-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген № 1 есептілік нысаны осы қаулыға     1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген № 2 есептілік нысаны осы қаулыға    2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген № 3 есептілік нысаны осы қаулыға    3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 485 қаулысында (ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 2011 ж., № 37, 451-құжат):

1) 1-тармақтың 4) және 6) тармақшасы алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандартында:         8-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсілі кезінде мемлекеттік қызмет үшін бенефициарға жүзеге асырылады: Тұтынушы – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 13-кіреберіс, 4-корпус, «В» блогы, БСН:020940003199 . Банктің атауы: «Нұрбанк» АҚ, ИИК КZ8584905КZ006015415, БИК NURSKZKX,     КБЕ: 16»;

8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Патент беру үшін мемлекеттік баж төлеу бенефициарға жүзеге асырылады: Тұтынушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Астана қаласы бойынша Салық департаменті, Салық комитетінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы, БСН: 081240013779, ИИК – К24070105КSN0000000. Банктің атауы: «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі, БИК – КKМFК 2А, КБЕ – 108118».

 

_________________________________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus