Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы сайланды

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы сайланды

Біртұтас астық холдингі (БАХ) қызметінің шеңберінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өткізілді. Отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінде өткізілді.

Кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің әрі қарай қызметін ұйымдастыру, 2013 жылғы II жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ Кеңес төрағасы мен хатшысын сайлады.
Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев сайланды.
Бұдан басқа, Біртұтас астық холдингінің қатысушыларының аясын кеңейту мақсатында Кеңес мүшелері Біртұтас астық холдингіне шаруашылықтардың кіруі және одан шығу шарттарын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ негізгі астық егумен айналысатын облыстардың астық өндірушілерінің арасында ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін талқылады. Аталған жұмысты «Азық-түлік корпорациясы» ҰК», «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ және облыс әкімдіктерімен бірлесіп астық өндірушілермен көшпелі кездесу серияларын ұйымдастыру арқылы а.ж. шілде айында жүргізу жоспарланады.
Сонымен қатар, Кеңестің бірінші отырысында астық нарығының ахуалы мәселелері және ағымдағы маркетингтік маусымның аяғына дейінгі кезеңге баға конъюнктурасының келешегі талқыланды.
Астық нарығы бойынша қоғамдық кеңес «Азық-түлік корпорациясы» ҰК», «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ арасында 2013 жылғы 21 маусымда жасалған бірлескен қызмет туралы Шарттың қатысушыларының мүдделерін ұсыну мақсатында құрылды. Кеңеске астық нарығының қатысушыларының барлық санаттарының, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ және ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдері кірді.
Қоғамдық кеңес Азық-түлік корпорациясының органдарымен шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезіндегі Шарттың қатысушыларының мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бейімделген. Қоғамдық кеңеспен міндетті келісуге сатып алынатын астықтың көлемі мен бағасын анықтау, сатылатын астық бағасын анықтау сияқты мәселелер, сондай-ақ Шартқа қатысушы – астық өндірушілердің арасында Азық-түлік корпорациясының таза пайдасын бөлу мәселелері жатады.
2013 жылғы 21 маусымда Біртұтас астық холдингін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары аяқталғанын еске саламыз. БАХ шеңберіндегі бірлескен қызмет туралы шарт Азық-түлік корпорациясы» ҰК» және «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ арасында жасалды.
Айтып өткендей, Шарт Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ 2013 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Біртұтас астық холдингін құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жасалды. Құжат астық өндірушілерді Біртұтас астық холдингіне кіру және жұмысына қатысуға тарту үшін құқықтық негізді құрайды.

Анықтама:
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстарын және оның қайта өңделген өнімдерін сатып алуды, қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды ұйымдастыруды, жаңартуды, орнын ауыстыруды, өткізуді, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі айқындаған басқа да қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.

________________________________________________________________________

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі

Ринат Тасболатов, +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz

тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.
http://kazagro.kz/kz/news/1407———l-lr

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus