Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Әділетсіз бәсекелестік үшін отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 % төмендеді

Әділетсіз бәсекелестік үшін отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 % төмендеді

Астана қ.
Баға демпингінің нәтижесінде отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 % төмендеді.

Әділетсіз бәсекелестік ресейлік және украиндық құс етін өндірушілерінің тарапынан құс ұшасына су енгізу арқылы баға демпингі байқалуда. Нәтижесінде тұтыну орамасындағы құс етін жібіткен кезде ет шырыны мен ылғалдылықтың үлесі келесідей болды: «Мироновская птицефабрика» құс етінде (Украина) – 9,9%, «Белая птица» (Ресей) – 16,8%, «Агромарс эксим» (Украина) – 10,7%. Ресейдің Ставрополь аймағының «Птицекомбинат» әкелінген өнімде 9,9% ылғалдық анықталды. Ішкі нарық сауда нысандарынан таңдалған құс етінің сынамаларында БГКП анықталып, КМАФАнМ артық екені анықталды. Осы өнімдердің өндірушілері: «Мироновская птицефабрика» (Украина),  «Алтайский бройлер» және «Приосколье» (Ресей) және т.б.

Кедендік Одақтың қолданыстағы ережелеріне сай құс етін Қазақстан территориясына үшінші елдердің 30 кәсіпорындарынан әкелу рұқсат етілген. Аталмыш рұқсат КО елдерінің ветеринарлық қызметтерінің инпекциялау нәтижесінде сәйкесінше Реестрге енгізіліп, мақұлданды.

Күшейтілген лабораториялық бақылау режиміне Украинаның 3 кәсіпорны кіріп отыр: «Мироновская птицефабрика», «Агромарс эксим» және «Тавр Плюс». Аталмыш режим ветеринарлық-санитарлық талаптардың зертханалық зерттеулерінің, өнімнің қауіпсіздік нормаларына және үнемі жүргізілген тексеріс барысында енгізілді.

Сонымен өткізілген тексеріс барысында импортты құс еті Техникалық регламент талаптарының маркировкаға сәйкессіздігі анықталды: мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы және оның өндіруші елінің ақпаратына сай келмеуі, өндірілген күні мен сақтау мерзімі көрсетілмеген.   

Осы көрсеткіштерді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық қадағалау комитеті бақылайды.

Десек те, инспекторлардың аздығы, аккредитацияланған лабораториялардың жоқтығы Техникалық қадағалау комитетінің тұтынушылардың құқығын қорғау және азық-түлік өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық регламенттердің талаптарын орындауға кедергі етеді.

 

 

 

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

8 (7172) 555-765

info_mcx@mail.ru

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus