Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу Бейжің қаласында өткен келіссөздер қорытындылары бойынша екі ел министрліктерінің арасында ынтымақтастық бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойды.

Құжат мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында, тұқым өсіру және тұқымды сынауда, ауылшаруашылық өнімді сату, органикалық ауыл шаруашылығын, өсімдіктерді қорғау және карантині, ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, ауылшаруашылық машинасын жасау, аграрлық ғылым, инвестициялар және бірлескен кәсіпорындарды құру, сондай-ақ мамандарды оқыту салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.

Оны іске асыру үшін агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі бірлескен жұмыс тобын құру жоспарлануда.

Тараптар ақпарат, материалдар, өнім үлгілері және ауылшаруашылық зерттеулердің қорытындыларымен, ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік актілер және стандарттармен алмасып, екі ел аумағында өткізілетін шараларға (жәрмеңкелер, форумдар, көрмелер және т.б.) қатысады, ҚР және ҚХР-ғы фитосанитардық жағдай, эпизоотикалық жағдай туралы мәліметтермен алмасып отырады.

Бұдан басқа, жоспар аясында Қазақстан мен Қытайдың шекара маңындағы аумақтарында шегіртке және тағы басқа ауылшаруашылық зиянкестердің орналасқан жерлерді анықтау үшін бірлескен зерттеулер өткізу қарастырылып отыр.

Екі елдің АШМ соя, арпа және басқа дақылдардың бейімделуі және олардың жаңа сұрыптарын шығаруда, сондай-ақ етті мал шаруашылығында өнімділікті арттыру саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге үлкен көңіл бөлінеді.

Шөлге және тұзға бейім ағаш және бұталы дақылдардың жаңа түрлерінің интродукциясы саласындағы бірлескен зерттеулерге үлкен көңіл бөлінбек.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus