Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ителгі аулаған браконьерлер қолға түсті

Ителгі аулаған браконьерлер қолға түсті

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нің өзара әрекет ету жөніндегі жедел тобының инспекторлары Қызылорда облысының аумағында жедел іс-шара жүргізу барысында, Арал қаласынан 150 шақырым жерде жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» және «Mitsubishi Pajero» автокөліктеріндегі Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

Автокөліктерді тексеру барысында, ҚР Қызыл кітабына енген ителгі құсы, қос ауызды тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 40 дана оқ дәрі табылып, алынды.

Аталмыш факті бойынша материалдар құқыққорғау органдарына жіберілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus