Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Итбалықтардың өлуіне не себеп болғаны анықталуда

Итбалықтардың өлуіне не себеп болғаны анықталуда

А.ж. 18 қыркүйегінде Форт-Шевченко қаласындағы жағажайда итбалықтардың 6 өлі денесі табылды. Айта кетсек, Каспий теңізіндегі қатты дауыл салдарынан су толқыны итбалықтарды жағалауға лақтырып тастаған.

Қазіргі таңда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Маңғыстау облысы экология департаменті өкілдерінен жасақталған, жедел жұмыс тобы құрылып, арнайы топ оқиға орнына жіберілді.

Итбалықтардың өлуіне не себеп болғанын анықтау үшін сынама алынып, зертханада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus