Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициалық жобалар

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициалық жобалар

Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 млрд. теңгеге (14,7 мың жұмыс орнының құрылуымен) 464 жоба бар, жалпы құны 207,5 млрд. теңгеге (11,5 мың жұмыс орнының құрылуымен) 348 жоба немесе 75% іске қосылған, оның 213 жобасы жобалық қуатқа 70%-ға және одан да жоғары пайызға шықты.
Инвестициялық жобалар бүкіл облыстарда, соның ішінде 75,1% аудандарда, 76,9% облыс маңызындағы қалаларда және 25,9% аудан маңызындағы қалаларда іске асырылуда (ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 24 аудан инвестициялық жобалармен қамтылды).
Облыстар ішінде инвестициялық жобаларды іске қосудағы көшбасшылар болып табылатындар: Ақмола облысы – 63 жоба (немесе іске қосылған жобалардың жалпы санының 18,1%), СҚО – 40 жоба (немесе 11,5%), Алматы облысы – 39 жоба (немесе 11,2%), Қостанай облысы – 37 жоба (немесе 10,6%) және ОҚО – 30 жоба (немесе или 8,6%).
Жаңа жобаларды бекітудің оң серпіні қалыптасқан, осылай, 2013 жылы 113 жоба бекітілген, бұл деңгей 2012 жылдың деңгейінен 1,5 еседен жоғары асып түседі.
Ағымдағы жылдың 31 қазанына 111 жоба бекітілген, бұл қарқын жылдың соңына дейін сақталатын болады.
ҚР Ұлттық Қорының қаражаттары бойынша 216 инвестициялық жоба бекітілді, 187 жоба қаржыландырылды, 146 инвестициялық жоба іске қосылды.
Инвестициялық жобаларды іске асыруға тартылған уақытша бос қаражаттар астық сатып алуға, көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, Несие серіктестіктерін несиелендіруге және т.б. пайдаланылған.
Жалпылай алғанда, 2009-2014 жж. ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттардың есебінен АӨК-н жалпы қолдау сомасы 321 млрд. теңгені құрады, яғни тартылған қаражаттың 1 теңгесі АӨК-н 2,7 теңгеге қаржыландыруға мүмкіндік берді.
ҚазАгро» акционерлік қоғамының жобалар қоржыны құрылымындағы 17% үлесті жалпы құны 50,8 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 82 жоба алады. Негізінен, бұл астықты, етті, сүтті, сондай-ақ майды, күрішті, балықты, жүнді және т.б. қайта өңдеу бойынша жобалар.
Ағымдағы жылы 37,1 млрд. теңгеге 68 инвест.жобаның іске асырылуы жобаланып отыр, қазіргі уақытта оның 56 инвестициялық жобасы іске қосылған. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы да 12 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда.
Холдингтің инвестициялық жобаларының іске асырылуы құс етін тұтынудағы импорт үлесін 21%-ға, сүт және сүт өнімдері импортының үлесін 6%-ға және соған сәйкес, жеміс-көкөніс өнімдері импортының үлесін 5%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін болады.
АӨК-не шетелдік инвесторларды тарту шеңберінде, Холдингтің қолдауымен жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгеге (13,5 млн. АҚШ доллары) тікелей шетел инвестицияларын жұмылдыра отырып, 3 жоба іске асырылуда (жобалардың құны 8 млрд. теңге немесе 49,7 млн. АҚШ доллары). Бұлар Ақмола облысындағы 2 мың бас ІҚМ арналған екі репродуктор-шаруашылық (Kazbeef Ltd ЖШС), Қостанай облысындағы американдық Global Beef компаниясымен бірге 3 мың бас ІҚМ арналған репродуктор-шаруашылық (Global Beef ЖШС) және Agravis AG неміс концернімен бірге қуаты 36,8 мың тоннаға дейін баратын құрама жем зауыты (Agrotrading-2007 ЖШС) сияқты жобалар.
9,1 млрд. теңгеге (50 млн. АҚШ доллары) май дақылдарын қайта өңдеу зауытын тұрғызу бойынша АҚШ-тың инвесторларымен жасалған шарттар аяқталу сатысында тұр (жобаны СҚО-да немесе ШҚО-да іске асыру бойынша бизнес-жоспар әзірленуде) (Archer Daniels Midland (ТНК, өндіру көлемі бойынша дүние жүзіндегі бірінші компания), 3,3 млрд. теңгеге (18 млн. АҚШ доллары) суландыру жүйелерін өндіру бойынша Irrifrance француз компаниясымен (Атырау облысы), 15,2 млрд. теңгеге (100 млн. АҚШ доллары) қазіргі қолдағы бар мал бордақылау алаңын ұлғайту (Батыс Қазақстан облысы) және қой шаруашылығын құру бойынша (Шығыс Қазақстан облысы) БАЭ-нан Emirates Futures бірге, 6,5 млрд. теңге (35,7 млн. АҚШ доллары) сомасына көтерме сауда базарын (Астана қ.) тұрғызу бойынша болгар инвесторларымен бірге («Тера Груп» АД»).
Сонымен бірге, 2014 жылдың соңына дейін Венгрияның ЭксимБанкімен бірлесіп, шамамен 40 млн. АҚШ долларына ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жобаларына инвестиция салу үшін, Қазақстан-Венгрия қорын құру жоспарлануда.
2014 жылдың аяғына дейін Венгрияның ЭКСИМ банкі шамамен 40 млн. АҚШ долларына Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шаруашылығының жобаларына инвестиция салу үшін, бірлескен Қазақстан-Венгрия қорын құруды жоспарлап отыр.

Анықтама:
ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*