Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтілген тәртіпте жүргізілуде

Заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтілген тәртіпте жүргізілуде


Кедендік одақ аясында қармақ бауын сатуға қатаң тыйым салынғанымен, оны біздің елде шығаруды шектейтін заң жоқ. Соның салдарынан көптеген браконьер нақ осы аулау құралын пайдаланып, пысықай сатушылардың қолы жүріп тұр. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтілген тәртіпте жүргізілуде. Жыл басынан бергі рейдтер кезінде 27 тонна бекіре және 17 келі қара уылдырық тәркіленген. Еске сала кетейік, тиісті заңды бұзғандар 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады. Егер қылмыс ұйымдасып жасалса, 5 жылға дейін жаза кесіледі. Заң қатал болса да, дәніккен браконьерлер әлі айылын жияр емес. Министрлік өкілінің пікіріне сайсақ, балық ресурсын сақтап қалу үшін заңға өзгерістер енгізу керек. Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары -Өзіміздің іште соны жасап, заң бойынша сатуға тыйым жоқ. Сол себептен әзірге көбеюдің бір себебі осы. Енді осы мәселеге тыйым салу үшін мәселені үлкен заң жобасына кіргізіп отырмыз.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/21679-zansyz-balyk-aulaushylarmen-kures-kushejtilgen-tartipte-zhurgizilude

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus