Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экотуризмді дамыту туралы ақпараттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экотуризмді дамыту туралы ақпараттар

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) жер телімдерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға бекітіп беру жұмысы 2007 жылы  ЕҚТА туралы жаңа Заңның және заңға тәуелді актілердің қабылданғанынан кейін басталды.

2007-2009 жылдары барлық ұлттық парктер мен мемлекеттік резерваттарды туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары жасалды.

Бас жоспарлар байқау негізінде мамандандырылған мекемелерде жасалып, сонымен қатар, барлық ұлттық парктер мен табиғи резерваттарда туристік және рекреациялық қызметтегі жерлер бөлініп территориялық аймақтандыру жүргізілді.

Бас жоспар бойынша экожүйеге залал келтірмейтіндей етіп жеке және заңды тұлғаларға конкурс негізінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған жер телімдері анықталды.

Әзірленген бас жоспарлар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен  бекітілді.

Бас жоспарда құрылыс нысандарына қойылатын талаптар бойынша көп қабатты құрылыстардың қамтылуы, табиғи ландшафтардан жасалған құрылыс материалдарын пайдалану, сондай-ақ, рекреациялық жүктеме нормалары анықталды.

Тендр нәтижесі бойынша, ұлттық парктер 2008 жылдан 2015 жылға дейін  ұзақ мерзімді пайдалануға жалпы аумағы 9 684.51 га, 218 жер телімін, қысқа мерзімді пайдалануға жалпы аумағы 217,11 га 114 жер телімін пайдалануға берген.

Сондықтан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жер телімдерін пайдалануға беру жаңалық емес. Бұл жағдай, нақтырағын айтқанда,  2007 жылдан қолға алынған болатын.

Бұл жағдайда тек әсемдікке ғана көңіл бөлініп отырған жоқ, сонымен қатар жер телімдерін пайдаланушыларға қойылатын талап та күшейтілмек. Енді мақсатта әрбір пайдаланушы ұлттық парктерде рекреациялық ресурстарды, келушілерді тарту жолымен туризмді дамытуға, өз жобаларын салу кезде экологиялық талаптарды сақтауға (бұрын кездескен жағдайлар сияқты жекежай салып алмауға,  керісінше қонақтар мен туристерге арналға инфрақұрылымды дамытуға)  міндетті.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  облыстық аумақтық инспекциялары табиғат пайдаланушылардың іс-әрекеттерін жіті бақылауға ала отырып, табиғат қорғау заңнамасының заң бұзушылықтары анықталған жағдайда олар әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тартылатын болады.

Келісімшарт міндеттемелерін орындамаған және заңға қайшы әркеттер мен санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін ұзақ мерзімді пайдалануға арналған 36 және қысқа мерзімді пайдалануға арналған  44 келісімшарт бұзылды.

Бүгінде, экотуризмді дамыту жолындағы іс-әркеттерді жақсарту үшін және ұзақмерзімді пайдалануға берілетін жер телімдері бойынша өткізлетін конкурсты айқындай түсі үшін қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек.

Ұлттық парктердің тендерлік құжаттар бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісу ережелері өзгертілуде. Сондай-ақ, тендрлік комиссия құрамына үкіметтік емес ұйым мүшелері кіргізілетін болады.

Әкімшілік рәсімдерді қысқарту үшін эскиздік жобаларды ОШЖДК  келісімінсіз дайындауға және ұлттық парктер жер телімдеріндегі құрылыс нысандарының төменгі қабаттарын пайдалануға рұқсат беруге.

ОШЖДК облыстық аумақтық инспекцияларда құрамына ҮЕҰ, жергілікті орган, қоғамдық бірлестіктер, орман шаруашылығы ардагерлері мен ассоциация өкілдері кіретін қоғамдық құрмақ.

Қоғамдық топтар табиғат қорғау мекемелерін басқаруға қатысып, мекеменің іс-әрекетіне, қызметіне  қоғамдық бақылау жасап, оның ішінде  конкурстарды өткізу кезінде ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға  берілетін жер телімдерін бекітіп беруге қатысатын болады.

Бұл бағыттағы әлемдік тәжрибеге сүйенсек, ЕҚТА экотуризмді дамыту қарқынды дамығанын және дамыған елдерде оның көрсеткіші 0,4-тен  6 пайызға дейін өзгергенін байқауға болады. (Қытай – 0,4 пайыз, Германия – 1,2 пайыз, Ұлыбританияда – 2 пайыз, АҚШ-1 пайыз, Франция-3 пайыз, Испания – 5,8 пайыз).

Шет мемлекеттерде ЕҚТА пайдалану ақылы жүргізіледі. (4 АҚШ долларынан бастап 27 долларға дейін). Бұл бағытта ақылы жұмыс жүргізу  ЕҚТА дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Мемлекеттің қатысуымен ұлттық туристік ұйымдар  құрылады әртүрлі елдерде мемлекеттің қатысу үлесі Франциядан бастап Жаңа Зеландияға дейін 45 пайыздан 100 пайызға дейін. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу концессиясы. Концессия – кешенді пайдалануға берудегі иеленушіге тиесілі айрықша құқықтары туралы келісімшарт формасы.  Келісімшарт обьектісі мекемені, жабдықтар мен өзге де нысандарды  пайдалануға беру құқығы болмақ.

Дамыған елдердегі  ұлттықпарктер концессияның үлесі АҚШ-та 10-15 пайыздан, Франция мен Испанияда 67 пайызға дейін өзгерген.

Туризм нысандарын салынатын жер телімдері тек ғана туристік, рекреациялық және шаруашылық іс-әрекеттер шектелген аймақтарда орналасып, ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынылады.

Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер телімдері тендр нәтижесі бойынша келесі белгілермен анықталады:

  • тендрлік құжаттаманың техникалық ерекшелікке сәйкестілігі;
  • туристік және рекреациялық мақсаттағы нысандардың құрылысын жүргізуге қаражаттық және өндірістік қуат-күшінің болуы;
  • табиғи кешендерді сақтау;

Ұлттық парктерде қысқа мерзімді пайдалануға берілетін жер телімдері үшін туристік сүрлеулер мен маршруттар, дем алу алаңдарының тұрақтары, шатырлы лагерьлер, жағажайлар мен қарау алаңдары бойынша бес жыл мерзімге беріледі.

Жеке және заңды тұлғалар үшін ұлттық парктерде қысқа мерзімді пайдалануға жер телімдерін алу үшін мынандай құжаттар қажет:

  1. Жеке және заңды тұлғаның деректемелері, жер телімінің орналасқан жері мен алаңы, пайдалану мақсаты мен мерзімі көрсетілген өтініш;
  2. Заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік заңды тұлға ретінде тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлігі;

3) ұлттық паркті көркейту және пайдалану туралы,  оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорларын сақтау және санитарлық-гигиеналық, сондай-ақ, өртке қарсы іс-шаралары бекітіліген жоспары;

Ұлттық парктерге келіп түскен өтініштер 15 жұмыс күні ішінде комиссия қарауынан өтіп, жер телімдерін қысқа мерзімді пайдалануға беру немес бермеу туралы шешім қабылданады.

Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту арқылы мыналарды жүзеге асыру жоспарлануда:

Тікелей мемлекеттік қатысу – ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру объектілерін дамытуға, ұлттық құндылықтар мен концессиялық келісімдер және мақсатты қаржыландыру инфрақұрылымының объектілерін салу;

Жеке инвестициялар ағынын ынталандыру – салық жеңілдіктерін беру есебінен (орындау жағдайында арнаулы талаптары бойынша) туристік инфрақұрылым нысандарын дамыту арқылы (қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық нысандары);

Бірлесіп қаржыландыру – туристік бағыттар бойынша ұлттық туристік ұйымдар арқылы іс-шараларды күшейту;

Жалпы алғанда, экологиялық туризмді дамыту үшін ағымдағы жылы 12 ұлттық парк пен 1 табиғи орман резерватында  50 жер телімдерін байқауға қою қарастырылып отыр.

Бұған қатысты мәліметтер, табиғат қорғау мекемелерінің инфрақұрылымды дамыту бас жоспарының көшірмесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланатын болады.

http://mgov.kz/lesnoe-hozyajstvo-i-zhivotnyj-mir/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus