Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

2014 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2014 жылдың 6 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін жеке және заңды тұлғалардан 151 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: заңды тұлғалардан – 74 өтініш, жеке тұлғалардан – 77 өтініш. 151 өтініштің ішінде 76 өтініш жоғары тұрған органдар арқылы (ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министр кеңсесі, ҚР Мәжіліс, Сенат Парламенті) келіп түсті.

Министрлікке келіп түскен 151 өтініштердің ішінде: 42 өтініш – ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша, 20 – мемлекеттік құрылыс, 11 – мал шаруашылығы, 11 – қаржы, қаржыландыру мәселелері бойынша, 7 – ветеринариялық қамтамасыз ету бойынша, 5 – кредит жүйесі бойынша, 4 – мемлекеттік қызмет, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарынан – 2 өтініш, 1- ауыл шаруашылығы, орман техникасы мәселелері бойынша, 1- құс шаруашылығы, және 47 өтініш басқа мәселелері бойынша.

Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды айына бір рет қабылдайды, ал министрліктің жауапты хатшысы және вице-министрлері азаматтарды айына екі рет қабылдайды.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus