Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет 2012-2016 ж.ж. арналған қоғамдық маңызы бар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жетістіктері «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының іске асырылу барысы туралы ақпарат

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының іске асырылу барысы туралы ақпарат

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының іске асыру бойынша көрсеткіштер тізбесі агроөнеркәсіптік кешен бойынша келесі 4 көрсеткіштен тұрады:
1) Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі
2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мәліметтерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялаған жоқ.
Сонымен бірге, жалпы қосылған құн көлемінің 50% астамын өндіріс қорытындылары жылдың соңында шығарылатын өсімдік шаруашылығы өнімі алатынын ескеріп, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін тек жылдың қорытындылары бойынша көрсетуді объективті деп есептейміз.

2) Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы мөлшеріндегі отандық тауарлардың үлесі
Бұл көрсеткішті Комитет жылдық негізде, есепті жылдан кейінгі жылдың шілде айында жариялайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта тамақ өнімдерінің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуі 80% астамды құрайды.
Бұл мыналарға қатысты емес: құс еті (46,6%), ірімшік пен сүзбе (50,3%), алма (51,8%), шұжық өнімдері (56,1%), сары май (60,5%), балық (56,9%).
Өндірістік мәселелерді шешу мақсатында «Агробизнес-2020» ұзақ мерзімді бағдарламасын іске асыру жалғасуда, онда қолданыстағы шаралармен қатар қаржылық сауықтыру, қаржылық институттар алдында сақтандыру және қарыз кепілдігі, инвестициялық субсидиялар түрінде жаңа мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, бұл жалпы АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдететін болады.
Саудалық мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инфрақұрылымдық шығындарды төмендету, сауда алаңдарын кеңейту, логистикаалық орталықтарды құру, тұтыну мәдениетін дамыту, техникалық реттеуді дамыту, сонымен қатар білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылған.

3) Ауыл шаруашылығындағы жалпы қосылған құн алдыңғы жылмен салыстырғанда
2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мәліметтерді Комитет жариялаған жоқ.
Сонымен бірге, саланың өзіндік ерекшілігін (50% астамын өндіріс қорытындылары жылдың соңында шығарылатын өсімдік шаруашылығы өнімі алады) ескеріп, АӨК-дегі жалпы қосылған құнның өсімін жылдың қорытындысы бойынша көрсетуді орынды деп санаймыз.

4) АӨК-дегі экспорт көлемі
Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдері экспортының көлемі 2015 жылғы қаңтар-мамырда 773,4 млн. АҚШ долл. құраған, жылдық жоспар 1,8 млн. АҚШ долл.

03.08.2015    

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus