Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

сыбага фонд 2
ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту мемлекетік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жалпы сомасы 11,9 млрд. теңге 2000 астам несие берді. Бүгінде шаруалар бұл қаражатқа 63,5 мың бас сиыр және 3 мыңға жуық асыл тұқымды бұқа-өндіруші сатып алды.
Фермерлік шаруашылықтарын дамыту үшін әзірленген «Сыбаға» бағларламасы 2011 жылы ірі қара мал етінің экспорт әлеуетін көтеру бойынша жобасының шеңберінде жүзеге асырыла бастады. Аталмыш бағдарлама бойынша қаржы ірі қара малдың жас мал төлін алу үшін аналық басы мен асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу және жөндеуге, айналымдағы қаржыны толықтыруға бағытталған.
Бағдарламаның талаптары оны ауыл тұрғындар арасында өте танымал етті. Несие сомасы – 1-ден 18 млн. теңгеге дейін, несие желісінің мерзімі – 7 жылға дейін, сыйақылық үстемесі – жылдық 6%. Осымен қатар, қарыз алушы негізгі қарыз бен үстемені төлеу бойынша 2 жылға дейін «каникул» ала алады. Осы уақыттың ішінде шаруа мал басынан төл алып, оны бордақылау алаңдарына тапсырып, табыс көре алады.
– Біздің қожа шаруашылығымыз малмен 2003 жылдан бері айналысады, – дейді «Рамазан» ҚШ басшысы Зілиха Ахметова. – Осы жылы біз Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алып, өзімізде бар 23 сиыр мен бір бұқаға қосымша 41 сиыр, 3 герефорд тұқымды бұқа алдық. Осы жылы, бұйыртса, малымыз төлдеп, бұқаларды бордақылау алаңына тапсырып, сиырды өзімізге қалдырамыз деген ойдамыз.
Шаруашылық Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Садырбай ауылында орналасқан. Меншігінде 260 гектар егістік жер мен 140 гектар жайылымы бар.
– Мемлекеттің көмегісіз біз мал басын көбейте алмайтын едік, – дейді З.Ахметова. – «Сыбаға» – ауылда тұрып, ата кәсіппен айналысқандарға үлкен көмек болды.
«Сыбаға» бағдарламасы басталғалы бері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 11 млрд. 878 млн. теңгеге 2 169 несие берді. Бұл қаржыға шаруалар 63 560 сиыр мен 2 926 етті асыл тұқымды бұқа-өндіруші сатып алды.
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі
Тел. 8 /7172/ 678 249 (Әлия Еңсебаева)
www.fad.kz, e-mail: pressa@fagri.kz

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus