Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚХР СИКҚББ өкілдері Ақмола облысының омарташыларымен кездесті

ҚХР СИКҚББ өкілдері Ақмола облысының омарташыларымен кездесті


2016 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан омарташылары ұлттық кеңесінің қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай ауылы маңындағы ара шаруашылығымен айналысатын омарташылардың СИКҚББ өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесуге Қытай делегациясын СИКҚББ төрағасының орынбасары Мей Кэбао бастап келсе, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан вице-министр Г. Исаева қатысты.

Кездесу барысында Ақмола облысының Аршалы және Сандықтау аудандарының омарташылары Юрий Лагутин, Анатолий Добровольский және Вячеслав Богомолов бал өнімдерімен (бал, балауыз, забрус, балтозаң, тозаң, ара желімдері) таныстырды. Қытайлықтар дала және орман балдарының түрлерімен (қарақұмдық бал, жөке балы, шөптердің балы, түйе бұршақ балы ) танысып, дәмін татып көрді. Қытай делегациясы қазақстандық балдың дәмдік сапасының жоғары деңгейде екендігін айта отырып, олардың экологиялық таза екендігін атап өтті.

Мей Кэбао Қытай мемлекетінің өз нарығына ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруды қамтамасыз етуде барлық рәсімдерді тез арада жүргізуге дайын екенін және қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қазақстанға бал өндірісі жүйесіне және эпизоотикалық жағдайға баға беретін СИКҚББ испекциялық тобы келген болатын. Аталмыш инспекция Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламары (Т.Алтангерел, Е.Жұмабаев), Қазақстан омарташыларының ұлттық кеңесі (С.А.Терещенко) қолдауымен құрылған.

Делегация Шығыс Қазақстан облысындағы 6 омарта шаруашылығымен және бал өнімдерін өңдейтін цехтардың жұмысымен танысты. Инспекция мүшелері тексерістердің қорытындысы бойынша бұған дейінгі шектеулерді алып тастауды және Қытай Халық Республикасы нарығына ара өнімдерін жеткізуді қаматамсыз етуді қарастырып отыр.

Қазақстан өз тарапынан отандық өнім шығарушылар дайындығының жоғарылығын атай отырып, жақын арада бал өнімдері өндірісінің артатынын және Қытайға жылына 8 тонна өнім экспорттауға мүмкіндік болатынын хабарлады.

Анықтама: 2015 жылғы бал өндірісі 2,1 тоннаны құрады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus