Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы

АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғановтың ҚР Үкіметінің мәжілісінде «АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» сөйлейтін сөзі,
Үкімет Үйі, 2017 жылғы 30 мамыр, 10.00 сағат

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Үкіметтің ағымдағы жылғы 13 наурыздағы қаулысымен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2017 жылғы 1 маусымға дейін 12 іс-шара жоспарланған болатын, оның барлығы орындалды, ал 2017 жылы барлығы 100 іс-шара жоспарланған.
Анықтама:
1) 1.2-т. «АШМ, Еңбекмині және облыстар әкімдіктерінің арасында 2017 жылға арналған үшжақты іс-шаралар жоспарлары мен индикативті жоспарларға қол қою»
2) 1.3-т. «160 аудан мен қаланы түсіндіру жұмыстарымен қамту (кооперативтер құру негіздері мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша). 2016 жылы құрылған 157 ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша мониторинг жүргізу және даму жоспарын әзірлеу»
3) 1.4-т. «Кредит бойынша бастапқы төлемді инвестициялық субсидиялар есебінен өтей отырып (қоса қаржыландыру), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының шарттары бойынша кредиттер мен лизинг беру рәсімдерін жеңілдету бөлігінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның тиісті ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу»
4) 2.11-т. «АШМ, облыстардың әкімдіктері, “ҚазАгро” ҰБХ” АҚ және “ҰАҒББО” КеАҚ арасында егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша меморандумдар жасасу»
5) 3.49-т. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу шарттарын қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу»
6) 3.50-т. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығына АӨК субъектілеріне тек айналым қаражатын толықтыруға (2017 жылдан бастап) берілген кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу»
7) 3.51-т. “Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 9-3/726 бұйрығына:
ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жеке жобалар үшін басымдықты белгілеу;
бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға өтінімдерді қарау;
ірі жобалар бойынша шығыстардың бір бөлігін кезең-кезеңімен өтеуді енгізу;
абсолюттік мәнде субсидиялардың лимит берілген мөлшерін пайдалану;
құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шығыстарды өтеу тәртібін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу»
8) 3.60-т. «Ірі агрохолдингтердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу»
9) 6.114-т. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер арасында Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (инвестициялық келісім) жасасу»
10) 6.116-т. «Инвестициялар және даму министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мәселелерін реттеу бөлігіндегі функцияларды беру туралы ұсыныстар әзірлеу»
11) 7.119-т. «Көтерме-тарату орталықтарын құруға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін пысықтау»
12) 8.121-т. «ҒЗТКЖ-ны қалыптастыруға және іске асыруға техникалық ерекшелік жасауға техникалық талаптар әзірлеу».
Атқарылған жұмыс туралы толығырақ айтар болсақ, ол мынадай.
(1-слайд) Егістік алқаптарын пәрменді әртараптандыру жүргізілуде. Ол үшін министрлік пен әкімдіктердің арасында 2021 жылға дейінгі меморандумдарға қол қойылды.
Бүгінгі күні көктемгі егіс жұмыстары 87%-ға аяқталды.
Кешігіп келген көктемге қарамастан, қарқыны өткен жылдың деңгейінде, ал жеке өңірлер бойынша 2016 жылға қарағанда жоғары.
(Анықтама ретінде:
– Ақтөбе облысы бойынша 2016 жылдағы 71%-ға қарағанда 81%;
– Шығыс Қазақстан облысы бойынша 81%-ға қарағанда 87%;
– Қызылорда облысы бойынша 89%-ға қарағанда 96%.)
Нәтижесінде, қажетті дақылдардың алқаптары 932 мың гектарға кеңейтілуде.
(Анықтама ретінде:
• Майлы –100 мың га;
• Мал азықтық –582 мың га;
• Жемдік дәнді дақылдар – 235 мың га;
• Дәндік жүгері – 8 мың га;
• Қант қызылшасы – 7 мың га.)
Әртараптандырудың соңғы қорытындылары көктемгі егіс жұмыстарының аяқталуы бойынша шығарылатын болады.
(2-слайд) Өкінішке орай, соңғы жылдары жыл сайынғы астық сапасының төмендеуі байқалуда. 2011 жылы 1-3 класс астықтарының көлемі 88%-ды, 2016 жылы – 45%-ды құрады, бұл ретте, керісінше сапасы аса төмен 4-5 класс астық 2011 жылғы 10%-дан 2016 жылғы 41%-ға ұлғайды.
Осыны ескере отырып, келесі шаралар қабылданды:
• Бірегей және элиталық тұқымдарды, сондай-ақ ең төменгі нормаларды қолданбай, бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын субсидиялау қалпына келтірілді.
• Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 7,7 млрд. теңге көздей алдық, бұл 2016 жылға (2,4 млрд. теңге) қарағанда 3,2 есе артық. Бұл ретте әкімдіктер басында 3,7 млрд. теңге бөлген болатын, бұл қажет қаражаттан 56%-ға төмен. Әкімдіктермен жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша қосымша 4,0 млрд. теңге бөлінді. Бұл сол бюджеттің шеңберінде, басымдықтарды қайта қарау есебінен болды. Ол сапалы тұқымдармен егуді ағымдағы жылы 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді.
• Тұқым шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасына тұқым шаруашылығы техникасы енгізілді.
• Тауар өндірушілерді сапалы тұқымдар пайдалану бойынша міндеттейтін заңнамалық норма мен бұл талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу көзделуде.
Тыңайтқыштарды қолдануға ынталандыру мақсатында субсидиялау тәсілдері өзгертілді, олар тыңайтқыштар қолдану көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 млрд. теңге бөлінді, бұл 2016 жылға (11,1 млрд. теңге) қарағанда 2 млрд. теңгеге артық.
Нәтижесінде:
• Тыңайтқыштарды қолдану күрт артты. 407 мың тоннаға өтінім берілді, бұл 2016 жылға (261 мың тонна) қарағанда 1,5 есе артық;
• (3-слайд) Тыңайтқыштарды енгізу соңғы бірнеше жылда алғаш рет қажеттіліктен 14%-ға жетеді. Бұл жақсы өсім. Бұрын тыңайтқыштарды енгізу орта есеппен 10%-дан артық емес болатын.
• Бұл ретте субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері 2016 жылғы 85-тен 2017 жылғы 161-ге дейін артты.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Тыңайтқыштарды қолдануды ынталандыру бойынша жасалған жағдайларды ескере отырып, Ивестициялар және даму министрлігі мен әкімдіктерге зауыттармен бірлесіп, өңірлерде тыңайтқыштарды сақтау бойынша қоймаларды ұйымдастыруға кірісуді және көктемгі егіс жұмыстарының басталуына дейін тыңайтқыштар өндірісін бастауды тапсыруыңызды сұраймыз. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі, өз кезегінде, 2018 жылға өтінімдер беруді ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін ұйымдастыруға дайын.
(4-слайд) Мал шаруашылығындағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін субсидиялау өлшемшарттарына елеулі өзгерістер енгізілді, олар субсидия алушыларды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл түпкі нәтижесінде өнім көлемінің өсуіне әсер ететін болады:
– егер сиыр еті бойынша бұрын субсидияны
175 шаруашылық алса, бүгінгі күнде қамту 522 немесе 100%;
– сүт бойынша 2 есе, 269-дан 532 шаруашылыққа дейін;
– қой еті бойынша 1,3 есе, 180-нен 234 шаруашылыққа дейін;
– жүн бойынша 3,6 есе, 50-ден 180 шаруашылыққа дейін.
Бұл ретте осының бәрі сол бюджет шеңберінде.
(5-слайд) Ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке қатыстыру бойынша келесі шаралар қабылданды:
• барлық 160 ауылдық ауданда семинарлар өткізіліп, 2 248 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары оқытылды;
• ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін модульді сүт қабылдау және мал сою пункттерін кепілсіз және алғашқы жарнасыз сатып алу схемасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру тетігі көзделді.
(6-слайд) Қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша индикативтік көрсеткіштер қайта қаралды. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017 жылы 326 кооператив құру жоспарланса, ал енді олардың санын 467-ге дейін жеткізу жоспарлануда. 30 мамырға 286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181. 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды (2017 жылға жоспар – 135 мың ЖҚШ).
Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды.
(7-слайд) Мал шаруашылығында және ұсақ шаруа қожалықтары мен ЖҚШ-ны тауарлы өндіріске қатыстыру бойынша атқарылған жұмыс 2017 жылғы қаңтар-сәуірде келесі өндіріс көлемдеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді:
 сиыр еті бойынша 4,1%-ға өсті (116,8 мың тоннадан 121,6 мың тоннаға дейін);
 құс еті бойынша 9,2%-ға (50,7 мың тоннадан 55,4 мың тоннаға дейін);
 сүт бойынша 3,3%-ға (1 299,5 мың тоннадан 1 342,4 мың тоннаға дейін).
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдері өндірісінің жоспарланған көлемдеріне қол жеткізу үшін келесі жұмыс атқарылды.
• «Азық-түлiк корпорациясы» ҰК» АҚ майды қайта өндейтін кәсіпорындарды жүктеу үшін 135 мың тонна май тұқымдарын форвардтық сатып алуды жүзеге асыруда.
• Агроиндустрияландырудың жүйелі шаралары әзірленіп, олардың негізінде қайта өңдеу карталары дайындалды. Олар жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының толық талдауын, жоспарланған жаңа қуаттылықтардың орналасуын және қажетті инвестициялар көлемдерін қамтиды. Қазіргі уақытта аталған карталар әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға келісуге жолданды және қорытындылары бойынша Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады.
(8-слайд) Қабылданған шаралар мен субсидиялаудың жаңа тетіктерінің нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда:
сары май өндірісі 8,9%-ға;
қатты ірімшік 10,3%-ға;
ет және ет-өсімдікті консервілер 6,7%-ға;
өңделген сүт 6,4%-ға;
өсімдік майы 10,6%-ға;
құрама жем 18,2%-ға артты.
(9-слайд) Қаржы құралдары.
Қаржылық шаралардың тиімділігін арттыру үшін келесі жұмыс жүргізілуде.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме алғаш рет жылдық 6%-дан аспайды, өткен жылдары соңғы мөлшерлеме 9-10%-ды құраған болатын.
Бұл ретте несие беру бір айға ерте басталды.
Бұдан басқа, жалпы «ҚазАгроның» несие өнімдері бойынша қажетті құжаттар пакеті 24%-ға қысқартылды.
Мысалы, Аграрлық несие корпорациясы бойынша заңды тұлғалар үшін 27 құжат болған, қазір 19 болды, жеке тұлғалар үшін 16 құжат болған, қазір – 12.
(Анықтама ретінде:
ҚазАгроҚаржы бойынша заңды тұлғалар үшін 24 құжат болған, қазір 19 болды, жеке тұлғалар үшін 13 болған, қазір 12 құжат болды.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бойынша заңды тұлғалар үшін 16 құжат болған, 12 құжат болды, жеке тұлғалар үшін 16 құжат болған, қазір 13 құжат болды).
Инвестициялық субсидиялау қағидаларына келесі өзгерістер енгізілді:
Бірінші, Өтінімдерді тек бөлінген бюджет шегінде қарау шектеуі белгіленді.
Екінші, Тауар өндірушілерді барынша қамтуға мүмкіндік беретін жаңа тетік.
(10-слайд) Бұл белгілі дәрежеде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың ұлғаюына ықпал етті.
Сонымен, 2017 жылғы 4 ай бойынша 26,3%-ға өсім байқалуда.
Ветеринария саласында 25 мамырда Қазақстан қалған 5 облыс (ШҚО, ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары) үшін аусылдан таза аймақ мәртебесін алды. Бұл шешім үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше 180 елден делегаттар дауыс берді.
Бұл жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер экспортын ұлғайтуға жақсы мүмкіндік береді.
Қытай нарығы қазақстандық балық пен балық өнімдері, жылқы тұқымдас асыл тұқымды жануарлар, сондай-ақ бал және бал ара шаруашылығы өнімі үшін ашық. Маусым айында Мұздатылған қой еті бойынша хаттамаға қол қою жоспарлануда, аталған елге тауарлы жылқыларды да әкелу шарттары келісілуде.
Иранға тоңазытылған қой еті мен тірі қойларды әкелуге ветеринариялық сертификаттардың жобалары келісілді, және мұздатылған қой еті бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі және ұсақ қара малды, тауық жұмыртқасын әкелуге ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды.
Бұдан басқа, Израиль және Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметтерімен жануарлардан алынатын қазақстандық өнімнің экспортын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ветеринариялық қауіпсіздік бойынша басқа қабылданып жатқан шаралар ағымдағы жылы 16 мамырда Үкімет мәжілісінде баяндалды.
Фитосанитария саласында ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша өңдеулердің болжамды көлемдері 4,8 млн. гектарды, оның ішінде үйірлі шегіртке бойынша 1,6 млн. гектарды құрайды.
Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы 500 мың га өңделді, бұл ағымдық жоспардан 180 мың гектарға немесе 55 %-ға артық. Осыған қарамастан, жер-жерлерде қажетті препараттар мен техникалар саны бар.
Басқа өңірлерде жұмыс белгіленген жоспарларға сәйкес жүргізілуде.
(12-слайд) Су шаруашылығы саласында
Суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін Ислам даму банкі мен Еуропа Қайта құру және Даму банкімен 205 мың га жерді қалпына келтіру және айналымға тарту үшін сомасы 103,4 млрд. теңгеге келісімдерге қол қойылды.
Ұлттық экономика министрлігінің қарауына сегіз облыста (Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан) 22 жаңа су қоймаларын салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалар енгізілді және еріген қар суы мен тасқын суларды жинау бойынша ұсыныстар даярлануда.
(13-слайд) Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Құрметті мәжіліске қатысушылар! Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2017 жылғы 4 айда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,9 %-ға ұлғайды.
Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 2017 жылғы 4 айда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,7%-ға артты.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың бастапқы нәтижелері осындай.
Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus