Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Халықаралық жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер Алматыда бас қосады

Халықаралық жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер Алматыда бас қосады

E8414250C6
Ағымдағы жылдың қазан айында өткізілетін «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» халықаралық конференциясына әлемінің 15-тен артық елдерінен 200-ден астам делегат қатысатын болады. Бұл туралы конференцияның ұйымдастырушысы «ҚазАгро» ҰХ АҚ еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ мәлімдеді. «АПК информ» ақпараттық ұйымы обаның қосалқы ұйымдастырушысы болып табылады.
Бүгінгі күні конференцияға қатысуға Ресейдің, Украинаның, Италияның, Германияның және тағы басқа елдердің жеміс-көкөніс саласының белсенді өкілдері мүдделік танытуда. «Қазагромаркетинг» АҚ конференцияға қатысушылардың 50 пайызын еліміздің жеміс-көкөніс өнідірушелері құрайтын болады деп атап өтті.
Халықаралық конференция 2016 жылдың қазан айының 20 мен 21 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында, Holiday Inn Almaty қонақүйінде (Тимирязев көш., 2Д) өткізілетінін естеріңізге сала кетеміз. Шараның іскери бағдарламасында Қазақстанның жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласының өзекті мәселелерін талқыланып, болашақтағы дамуы болжамданатын болады. Аталған мәселелерді талқылау отандық жеміс-көкөніс саласына қатысушылармен қатар, ТМД, Еуропа және басқа алыс та жақын шетелдердің өнім өндірушілері және технологияларды жеткізушілері үшін қызығушылық танытатыны сөзсіз.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, FAO халықаралық ұйымының, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ, Қазақстанның картоп және көкөніс өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Қазақстанның бақша өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Қазақстанның фермерлер одағының, Қазақстанның жылыжайлар қауымдастығының, Қазақстанның сауда жасаушы кәсіпорындарының қауымдастығының, Қазақстанның халықаралық сауда биржасының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоллау қоры» АҚ өкілдері белсене қатысатын болады.
Конференцияға қатысушылардың негізгі топтары:
• жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер;
• көтерме және бөлшек сауда өкілдері;
• Қазақстанның жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаушылары және әлемнің басқа елдерінің әлеуетті өнім жеткізушілері;
• МТҚ, ӨҚҚ, тыңайтқыштарды, көшеттер мен тұқымдық материалдарды жеткізушілер;
• жеміс-көкөніс өнімдерін жетілдіру және қайта өңдеу жолдарының заманауи шешімдерін ұсынушы компаниялар;
• қаржы және инвестициялық ұйымдар;
• арнайы мамандандырылған БАҚ және т.б.
«Казагромаркетинг» конференцияға қатысу үшін тіркелген жаңа компаниялар туралы мәліметтер ұсынады:
DLV Plant (Нидерланды) – әлемнің көптеген елдерінде ауыл шаруашылығы жобаларын, соның ішінде, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласында жобаларды іске асыруда көптеген тәжірибе жинақтаған компания.
Tokam Ltd. (Кипр/Нидерланды) – жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласы үшін зманауи жабдықтар, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуші халықаралық компания.
Superior d.o.o. (Сербия) – көкөніс дақылдарын және жеміс ағаштарының көшеттерінің тұқымдарын өндіру және экспорттау. Бүгінгі күні компания әлемнің 18 еліне өнімдер жеткізумен айналысады
“Ақтогай-Агро” фирмасы ЖШС (Қазақстан) – нарықта 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. Негізгі бағыты – жеміс-көкөніс өнімдерін және дәнді дақылдарды өсіру, селекциялау, сонымен қатар, сату.
“Қайрат” ШҚ (Павлодар облысы , Қазақстан) – нарықта 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. Жұмысының негізгі бағыты- бақша өнімдерін өсіру, селекциялау және сату. Компания косметика шығару үшін асқабақ дәндерін экспорттауды жоспарлауда
Компания «ИНФРОСТ» (Ресей) – жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалардың құрылысы. Реттелетін атмосферада ұзақ уақыт бойы сақтау технологиялары.
Анықтама:
Конференцияны өткізетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Шараға қатысу үшін тіркеу нысанын толтыру қажет. Шара туралы толық ақпарат конфренцияның ресми сайтында жарияланған. .
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді. «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының стратегиялық қызметі агробизнес субъектілеріне қолжетімді ақпараттық-маркетингтік әрі кеңестік көмек беру арқылы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған. Холдинг құрамына енетін еншілес акционерлік қоғамдар: «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры! АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ.

Источник: http://www.kazagro.kz/kk/holding?p_p_id=newsportlet_WAR_newsportlet&p_p_lifecycle=0&p_p_state=maximized&p_p_mode=view&p_p_col_id=column-2&p_p_col_pos=1&p_p_col_count=5&_newsportlet_WAR_newsportlet_action=showNewsFull&_newsportlet_WAR_newsportlet_idNews=1999&_newsportlet_WAR_newsportlet_type=1

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика