Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Хабарландыру

Хабарландыру

Балық өсірушілердің назарына!
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық өсіру кәсіпорындары 2017 жылы 127,7 млн. дана құнд балықтардың шабақтарын өсіріп, балық шаруашылығы су айдындарына жіберді.
Оның ішінде мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары:

«Атырау бекіре балық өсіру зауыты» – 3,5 млн. дана бекіртұқымдас балық шабақтары;
«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» – 3,5 млн. дана бекіртұқымдас балық шабақтары;
«Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК – 15,22 млн. дана тұқы, ақ амур және дөңмаңдайдың біржазғы және екіжылдық шабақтары
«Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» РМҚК/ «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС –  8,4 млн. дана тұқы, ақ амур және дөңмаңдайдың біржазғы шабақтары;
«Петропавл балық питомнигі» РМҚК – 54,4 млн. дана ақсаха дернәсілі және тұқы дернәсілі мен біржазғы шабақтары;
Бұдан басқа, жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуіне байланысты 2017 жылы бәсекелестік ортада орналастырылды. Айталық, конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша жеке меншік балық өсіру кәсіпорындары 42,7 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіріп, табиғи мекен ету ортасына жіберді, оның ішінде:
«Қарағанды балық питомнигі» ЖШС – 40 млн. дана тұқы дернәсілі;
«Сандель» ШҚ – 2,3 млн. дана тұқының біржазғы шабағы;
«Бекеш» ЖК – 0,4 млн. дана ақ амур мен дөңмаңдайдың біржазғы шабақтары.
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су айдындарын балықтандыру бойынша 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс бәсекелестік ортада орналастырылатын мәлімет ретінде хабарлаймыз. Балықтандыру көлемі жалпы құны 225 115 мың теңгені құрайтын шамамен 45 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтары (ақсаха дернәсілдері, тұқы, ақ амур және дөңмаңдай балықтарының біржазғы шабақтары) (қосымшаны қараңыз).

Егжей-тегжейлі ақпаратты 74-98-51, 74-99-23, 74-91-24 телефондары арқылы алуға болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика