Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017 жылғы 12-15 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Наньнин қаласында ЭКСПО «Қытай – АСЕАН» 14-ші көрмесі өтетінін хабарлайды.

Көрме агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін көрсету, Қытай Халық Республикасының нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету үшін импорттаушы қытайлық компаниялармен байланыс және ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және саланы дамыту болашағын талқылау үшін бірегей мүмкіндік береді.

Көрмеге Қытай Халық Республикасының және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ірі компаниялары қатысады.

Егжей-тегжейлі және нақты талқылаулар өткізу мақсатында көрме шеңберінде B2B, B2G кездесулер көзделген.

Көрмеге қатысу шарттары:

  Қазақстан үшін Қытай тарапы ақысыз негізде стендтер орнатуға арналған 180 ш.м. павильон, сондай-ақ 20 сауда қатары (3х3) беріледі. Аталған іс-шараға қатысуға байланысты барлық басқа шығындарды кәсіпорындардың өздері өтейді.
 Сонымен қатар, ҚР павильоны дизайнын әзірлеу және оны құру қазақстандық тараптың есебінен жүзеге асырылады. Қытай тарапы стендттер құрылысшыларының тізімін береді.
 Одан бөлек, қазақстандық тауарларды жеткізу үшін Қытай тарапы тасымалдаушы компаниялардың тізімін береді. Көрме экспонаттарын кедендік тазарту мәселелерімен Гуанси-Чжуан автономды ауданының өкілдері айналысатын болады.
 Сонымен бірге, тез бүлінетін тауарларды сақтауға арналған мұздату құрылғылары Қытай тарапынан берілмейді. Осыған байланысты Қытай тарапы көрмеге тиісті өңдеуден өткен ауыл шаруашылығы тауарларын қоюды ұсынады.

Көрме жұмысына қатысуды сұраймыз.
Байланыс тұлғалары және телефондары: Сарыбаева Ұлбосын – 555-779, Бижанова Гүлзира – 555-994.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus