Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтының оқырмандары!

2017 жылдың 2 маусымында ҚР Премьер – Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлының Қарағанды қаласында online режимінде халық алдында есеп беруі жоспарланған.

Осыған байланысты, бұған дейін фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшамызда call-орталығының ашылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Орталық мемлекеттік орган басшысы мен Тәуелсіз Қазақстан халқының алдағы бұл диалогы ашықтық және жариялық түрде өтуді басты негізге алады.

Әрбіріңіз, 1417 сенім телефонына қоңырау шалып немесе Фейсбуктегі «Зачем и Почему в АПК» группасына қосылу арқылы Министрге сұрақ қоя аласыздар. Сонымен қатар, АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында саланы жетілдіруде туындаған мәселелер мен ҚР АШМ Стратегиялық жоспарында қол жеткізген жетістіктер, еліміздің агроөнеркәсіптік бәсекеге қабілетін күшейту төңірегінде пікір айтып, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыздар.

Баршаңызды интерактивті диалогке шақырамыз.

Сіздерден сұрақтар мен ұтымды ұсыныстар күтеміз!

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика