Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ХАБАР Шетел инвесторлары: Қазақстан әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы

ХАБАР Шетел инвесторлары: Қазақстан әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы


Қазақстан әлемді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқары бар. Шетел инвесторлары Кеңесіне қатысушылар осылай деді. Жиында елді сондай дәрежеге жеткізу үшін көптеген бағдарламалардың орындалу қажеттілігі айтылды. Дегенмен форумға делегаттар құр қол келмеген. Олар ауыл шаруашылық секторын дамытуға бағытталған жобаларын ұсынды. Басқосуға келген шетелдік инвесторлар бір-бірін осылайша бауырдай амандасуда. Себебі қазақ жерінде бұл олардың алғашқы кездесуі емес. Яғни барлығы елдегі ауыл шаруашылық саласының жағдайы мен инвесторларға жасалған мүмкіншіліктен хабардар деп айтуға болады. Сондықтан уақыт күттірмей келіссөздер жүргізе бастағаны да сол. Дмитрий Панкин, Еуразиялық даму банкінің төрағасы
-Менің пікірімше, мұндай форматтағы кеңес маңызды. Инвесторлар мен шенеуніктердің басын бір арнаға тоғыстырып, идея алмасу қажет дер едім. Бұл өз кезегінде бірлесе атқаратын жұмыстың жандануына көмегі көп.

Жерімізді игеріп, төлімізді көбейтуге қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар бүгін осы бағытта 15 ірі жобасын ұсынды. Дихандардың өнім сапасын арттырып, оны сақтауға арналған бағдарлама да бар ішінде. «Жалпы елімізде инвестиция салуға жақсы мүмкіндіктер көп», – дейді делегаттар. Оған қоса бүгін Елбасы бұған дейінгі инвесторларға арналған жеңілдіктер агроөнеркәсіптік секторға да таралатынын баса айтты.
Куртис Мастерс, «Бейкер и Макензи Си-Ай-Эс, Лимитед» филиалының директоры
-Біз үшін Қазақстандағы агроөнекәсіптің дамуына ықпал жасау үлкен мәртебе. Бұл елде игерілмей қалған егістік орындары көп екенін естігенмін. Ол үшін көптеген жобалар бар. Заманауи техника мен сапалы мамандардың күшімен біраз жұмыстарды атқаруға болады. Жалпы мен Қазақстанды болашақта әлемді азық-түлікпен қауқарлы ел ретінде көремін. Эльвира Тағайқызы, тілші -Кеңеске қатысушылардың айтуынша, соңғы 5 жылда елімізге жыл сайын 20 млрд АҚШ доллары инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш Қазақстан экономикасының тұрақтылығын көрсетеді. Барымызды көрсету бүгін мынадай көрме ұйымдастырылған екен. Қонақтарға ұннан пісірілген нанымызды, Қызылордадан келген күрішімізді және мынадай дәмі тіл үйіретін апортымыз ұнапты. Олардың бұлай тамсануы жай емес. Бұл дегеніміз алда дәлі осы өнімдердің әлемдік нарыққа шығарылуы әбден мүмкін. Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Жәнібек Дәулетбек

Источник: http://khabar.kz/kz/news/economy/item/25459-shetel-investorlary-kazakstan-alemdi-azyk-tulikpen-kamtamasyz-etuge-kaukarly

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus