Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Шегірткелермен күрес шараларына бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді –С. Хасенов

Шегірткелермен күрес шараларына бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді –С. Хасенов

preview-image

Биыл үйірлі шегірткелердің 3,8 млн. га жерде таралуы болжанып отыр. Шегірткелермен күресу іс шараларына республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл жөнінде бүгін Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.

«Соның ішінде итальяндық прус – 3,2 млн. га, азиялық шегіртке – 541,9 мың га, марокко шегірткесі – 100,1 мың га аумақта тараладыдеп отырмыз. Осы негізде пестицидтер сатып алуға – 721 млн. теңге және химиялық өңдеу жүргізуге – 3 млрд. Теңге қаражат бөлінді. Бүгінде конкурстар өткізіліп, пестицидтерді ұсынушылар, оларды сақтау, тасымалдау жұмыстарын орындаушылар және өңдеу жұмыстарын жүргізушілер анықталды. Қазіргі кезде барлық ұсынушылар және жұмысты орындаушылармен келісім шарттар жасалуда» деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, 2015 жылы үйірлі шегірткенің таралу қауіпі жоғары 39,2 млн. га жерде мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мониторингі жүргізу үшін ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті қосымша 437 маусым аралық анықтаушыларды жұмысқа тартып және арнайы техникаларды жалға алады. Штаттағы қызметкерлермен бірге анықтау жұмыстарына барлығы 1234 адам қатысады.

Источник: baq.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus