Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы  ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 10-бабының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурсында, сондай–ақ сараптамалық ұйымдағы стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі шитті–мақта сапасы туралы қағаз тасығыштағы куәлік (бұдан әрі – куәлік) болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы өтінім тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бес жұмыс күнінен артық емес;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан артық емес;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінім ұсынады.

Мемлекеттік қызмет алушының өтінімін тіркегеннен кейін сараптамалық ұйымның маманы мемлекеттік қызмет алушының не оның өкілінің және мақта өндеу ұйымы өкілінің қатысуымен шитті мақтаң сынамаларын іріктеуді жүргізеді. Сынамаларды іріктеу нысанын сараптамалық ұйым бекітетін сынамаларды іріктеу актісімен ресімделеді.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурстарынан немесе сараптамалық ұйымның кеңселерінде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтінім осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан
сараптамалық ұйымның кеңселеріне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) өтінімді қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер жоқ.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17.  Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

         18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19.  Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5.  Шағымдану тәртібі

 

20. Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан сараптамалық ұйымның заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 36-үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-59-61 мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым сараптамалық ұйым басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты сараптамалық ұйымның кеңсесінде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz және www.kazagrex.kz интернет-ресурсынан ала алады.

 

_____________________________

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

 

«ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамының және оның филиалдарының мекенжайлары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон

нөмірі

1

2

3

«ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы Астана қсы,  Республика длы, 64/3үй тел.: 8 (7172) 397647
Алматы облыстық филиалы Талдықорған қсы, Балпык-би ксі, 84үй тел.: 8 (7282) 270185
Актөбе облыстық филиалы Актөбе қсы, Заводская ксі, 21үй тел.: 8 (7132) 213555
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қсы, Ушанов ксі, 27үй тел.: 8 (7232) 260891
Жамбыл облыстық филиалы Тараз қсы, Абай ксі, 164үй тел.: 8 (7262) 462662
Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал қсы, Толстой ксі, 48үй тел.: 8 (7112) 505629
Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды қсы, Резник ксі, 14аүй тел.: 8 (7212) 512051
Қостанай облыстық филиалы Қостанай қсы, Дулатов ксі, 68аүй тел.: 8 (7142) 540769
Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда қсы,  Байтұрсынов ксі, 42-32үй тел.: 8 (7242) 271712
Павлодар облыстық филиалы Павлодар қсы, Победа аңы,  17үй тел.: 8 (7182) 321794
Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Петропавловск қсы, Ульянов ксі, 59үй тел.: 8 (7152) 344446
Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Шымкент қсы, Майлы қожа ксі, 203үй тел.: 8 (7252) 577741

________________________

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

20__жылғы «__» ___________

 

Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге
№___ өтінім

 

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Мекенжайы _________________________________________________________

Телефон, факс _______________________________________________________

 

_____________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтауда тұрған

(атауы)

___________________________________________________________ арналған

(мақсаты көрсетіледі)

массасы ______________________________________________________ тонна

(жазбаша түрде)

шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймын.

 

Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша жүргізіледі:

__________________            __________________________       _______________

(көрсеткіш атауы)                (стандарттың нөмірі және күні)                (норма)

 

______________     _______________________________________

(қолы)                                         (Т.А.Ә.)

 

М.О.  (заңды тұлға үшін)

 

Сараптамалық ұйымның _______________________________________________ _____________________________________ маманына орындау үшін жолданды.

(Т.А.Ә.)

Орындалуы туралы белгі: ______________________________________________

 

___________________

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus