Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

 

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» деген кіші бөлімде, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан немесе жергілікті баспасөзде жарияланады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі басқаруға арналған сенімхатқа мөртабан қою немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап күнтізбелік бір күні ішінде жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерін қоспағанда, аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған кресло, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады). Аумақтық инспекцияның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықтаған.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар:
1) еркін нысандағы бойынша өтініш;
2) көлікті басқару құқығына сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) техникалық паспорттың көшірмесі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш аумақтық инспекцияға еркін нысанда беріледі.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін осы Стаңдарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық инспекцияға тапсыруы қажет.
14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне өтініштің тіркелгендігі туралы шығыс нөмірі, күні, өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіліп белгі қойылады.
15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
16. Өтініш берушінің осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуші аумақтық инспекциялардың қызметкерлері өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайға, оның ішінде көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдау;
4) қызметті тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

20. Аумақтық инспекция мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетуді мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкерлері жүзеге асырады.
21. Тұтынушы көрсетілген қызметтің нәтижелеріне келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-761, www.tehnika@minagri.kz, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін шағым жасай алады.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым демалыс күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30 дейін аумақтық инспекция бастығының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Тұтынушы шағым беру үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартудың көшірмесі (бар болған жағдайда).
25. Тұтынушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын, берілген шағымға жауап алу күні мен уақыты, мерзімі мен орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар аумақтық инспекциялардың кеңсесінен ала алады.

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

   Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық
инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

 

 

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 8 (7162) 401494
Ақкөл аудандық аумақтық инспекция Ақкөл кенті, Нұрмағамбетов көшесі, 81 8 (71638) 21100, 22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекция Аршалы кенті, Комсомол көшесі, 3 8 (71644) 22483, ф. 21634
Астрахан аудандық аумақтық инспекция Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49 8 (71641) 22808, 22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекция Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 67 ф. 8 (71643) 42902, 41388
Бұланды аудандық аумақтық инспекция Макинка қаласы, Углинский көшесі, 42 8 (71646) 21530, ф. 21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекция Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7 8 (71642) 21965, ф. 21334
Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекция Степняк кенті, Рысқұлов к., 2 8 (71639) 21154, ф. 21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекция Ерейментау қаласы, Степная көшесі, 1 8 (71633) 23770, ф. 23798
Есіл аудандық аумақтық инспекция Есіл қаласы, Мырзашев көшесі, 96а 8 (71647) 29387, 21437, ф. 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекция Жақсы ауылы, Тұқтыбаев көшесі, 1 8 (71635) 21168, ф. 21672
Жарқайын аудандық аумақтық инспекция Державинск қаласы, Ленин көшесі, 24 8 (71648) 91437, 91336
Зеренді аудандық аумақтық инспекция Зеренді ауылы, Ленин көшесі, 23а 8 (71632) 21250, ф. 22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекция Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 72 8 (71637) 21869, ф. 21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекция Балхашино ауылы, Ленин көшесі, 126а 8 (71640) 91674, ф. 92200
Целиноград аудандық аумақтық инспекция Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14 8 (71651) 31153, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекция Шортанды кенті, Зеленый айналымы, 5 8 (71631) 22520, 21744
Щучье аудандық аумақтық инспекция Щучье қаласы, Железнодорожная кенті, 105 8 (71636) 36236
Степногор қалалық аумақтық инспекция Степногор қаласы, 2 шағын ауданы, 16 үй 8 (71645) 64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекция Ақтөбе қаласы, Смағұл көшесі, 11 8 (7132) 244089, ф. 241819
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекция Комсомольское ауылы, Құлымбет көшесі, 6 8 (71339) 21712; 21182; 21577
Алға аудандық аумақтық инспекция Алға қаласы, Тамды көшесі, 1 8 (71337) 31475; ф. 31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекция Байғанин кенті, Метеостанция көшесі, 33 8 (71345) 22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекция Ырғыз кенті, Барысбай көшесі, 7 8 (71343) 21643; 21848
Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы Бадамша кенті, Әйтеке би көшесі, 40 8 (71342) 23106; 23156
Қобда аудандық аумақтық инспекция Қобда кенті, Алиата көшесі, 21 8 (71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк кенті, Панфилов к., 50 8 (71331) 22778; 21747
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция Қандыағаш қаласы, Қалиев көшесі, 14 8 (71333) 35550
Темір аудандық аймақтық инспекция Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5 8 (71346) 22152; 23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекция Ойыл кенті, Бақаев көшесі, 6 8 (71332) 21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекция Хромтау қаласы, Спортивная к., 2 8 (71336) 21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекция Шалқар қаласы, Үргенішбаев көшесі, 26 8 (71335) 21748
Ақтөбе аудандық аймақтық инспекция Ақтөбе қаласы, Иманов көшесі, 33 8 (7132) 962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекция Талдықорған қаласы, Лесная көшесі, 1 8 (7282) 261297
Ақсу аудандық аумақтық инспекция Жансүгіров кенті, Сәтпаев көшесі, 2 8 (72832) 21315
Алакөл аудандық аумақтық инспекция Үшарал қаласы, Шуақов көшесі, 30 8 (72833) 21455
Балқаш аудандық аумақтық инспекция Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 4 8 (72773) 91466
Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекция Есік қаласы, Пугачев көшесі, н-з 8 (72775) 41879
Ескелді аудандық аумақтық инспекция Қарабұлақ кенті, Оразбек көшесі, 52 8 (72836) 30130
Жамбыл аудандық аймақтық инспекция Ұзынағаш ауылы, Сәтпаев көшесі, 117 8 (72770) 22731
Іле аудандық аумақтық инспекция Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 33а 8 (72752) 22286
Қарасай аудандық аумақтық инспекция Қаскелең қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 23 8 (72771) 23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекция Үштөбе қаласы, Оспанов көшесі, 8 8 (72834) 21849
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек кенті, Рысқұлов к., 20 8 (72840) 31280
Көксу аудандық аумақтық инспекция Балпық би кенті, Сейфуллин көшесі, 5 8 (72838) 20565
Панфилов аудандық аумақтық инспекция Жаркент қаласы, Иванов көшесі, 94 8 (72831) 51034
Райымбек аудандық аумақтық инспекция Кеген ауылы, Лебаев көшесі, 43 8 (72777) 21911
Сарқанд аудандық аймақтық инспекция Сарқанд қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 6 8 (72839) 21089
Талғар аудандық аумақтық инспекция Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 98 20783
Ұйғыр аудандық аумақтық инспекция Шонжы ауылы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 119 8 (72778) 21800
Талдықорған қалалық аумақтық инспекция Талдықорған қаласы, Қабліс жырау көшесі, 207 8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекция Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49а 8 (7122) 282941; 292071
Жылыой аудандық аймақтық инспекция Құлсары қаласы, 8-учаске 8 (71237) 55730
Мақат аудандық аумақтық инспекция Мақат кенті, Орталық алаң, 2 8 (71239) 31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекция Махамбет қаласы, Ветстанция, 1 8 (71236) 30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекция Миялы ауылы, Құттыбаев көшесі, 16 8 (71238) 21324
Индер аудандық аумақтық инспекция Индер кенті, Қаражанов көшесі, 9 8 (71234) 22244
Исатай аудандық аумақтық инспекция Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, 45 8 (71231) 20952
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1 8 (71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 40 8 (7232) 259920, 254008 ф.
Абай аудандық аумақтық инспекция Қарауыл ауылы, Баян көшесі, 25 8 (72252) 91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қаласы, Осенний орамы, 48а 8 (72237) 33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция Большая Владимировка ауылы, Совхозная көшесі, 38 8 (7222) 91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекция Бородулиха ауылы, СТО, 4 8 (72351) 21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекция Глубокое ауылы, Пирогов көшесі, 6 8 (72331) 22870, 21552
Жарма аудандық аумақтық инспекция Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 21 8 (72347) 65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекция Зайсан қаласы, Стамбетова көшесі, 10 8 (72340) 21393
Зырян аудандық аумақтық инспекция Зырян қаласы, Бриллин көшесі, 55 8 (72335) 61718
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекция Үлкен нарым ауылы, Слямов көшесі, 136 8 (72341) 21833
Көкпекті аудандық аумақтық инспекция Көкпекті ауылы, Қабанбай көшесі, 81 8 (72348) 21808
Күршім аудандық аумақтық инспекция Күршім ауылы, Момышұлы көшесі, 12 8 (72339) 31280
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекция Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 24 8 (72346) 21405
Үржар аудандық аймақтық инспекция Үржар ауылы, Калинин көшесі, 1 8 (72230) 34739
Ұлан аудандық аймақтық инспекция Молодежный кенті 8 (72338) 27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекция Шемонаиха ауылы, Мичурина көшесі, 21 8 (72332) 30630
Риддер аудандық аумақтық инспекция Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40 8 (72336) 40930
Семей қаласы бойынша аумақтық инспекция Семей қаласы, Павлодарская көшесі, 106 8 (72226) 36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекция Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 140-б 8 (7262) 453362
Байзақ аудандық аумақтық инспекция Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 89 8 (72637) 22559, 21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекция Аса ауылы, Промышленная көшесі, 3 8 (72633) 21707, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекция 080300
Б. Момышұлы ауылы, 93
8 (72635) 21592, 21311
Қордай аудандық аумақтық инспекция Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 108 8 (72636) 42170, 26438
Меркі аудандық аумақтық инспекция Меркі ауылы, Панфилов көшесі, 6 8 (72632) 24888, 24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекция Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 5 8 (72642) 24820, 24970
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекция Құлан ауылы, Асылов көшесі, 54 8 (72631) 21975, 21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекция Саудакент ауылы, Асанов көшесі, 7 8 (72639) 22052, 22130
Талас аудандық аумақтық инспекция Ақкөл ауылы, Қонаев көшесі, 17 8 (72641) 21446, 21169
Шу аудандық аумақтық инспекция Төле би ауылы, Асатұлы көшесі, 21 8 (72638) 32587, 32568
Тараз қалалық аумақтық инспекция Тараз қаласы, 12 шағын аудан, 23-үй, 22-пәтер 8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75 8 (7112) 515446, 507529
Ақжай аудандық аумақтық инспекция Чапаев ауылы, Меңдалиев көшесі, 23 8 (71136) 92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекция Ақсай қаласы, Советская көшесі, 81/2 8 (71133) 21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекция Сайқын ауылы, Жәнікешов көшесі, 16 8 (71140) 21320
Жаңақала аудандық аймақтық инспекция Жаңақала ауылы, Заправочная көшесі, 2 8 (71141) 21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекция Жәнібек ауылы, Чурин көшесі, 19 8 (71235) 21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекция Переметное ауылы, Набережная көшесі, 59 8 (71130) 22708
Зеленов аудандық аумақтық инспекция Даринск ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі, 43 8 (71131) 21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекция Қазталов ауылы, Ветстанция көшесі, 1 8 (71144) 31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекция Қаратөбе ауылы, Құрманғали көшесі, 13 8 (71145) 21468
Сырым аудандық аумақтық инспекция Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15 8 (71134) 31267
Тасқала аудандық аймақтық инспекция Тасқала ауылы, Ветстанция көшесі 8 (71139) 21897
Теректі аудандық аумақтық инспекция Федоровка ауылы, Ленин көшесі, 162 8 (71132) 21953
Орал қалалық аумақтық инспекция Орал қаласы, Конкин көшесі, 5 8 (7112) 37585

Қарағанды облысы

Қарағанды облыстық аумақтық инспекция Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20 8 (7212) 563595 567819 ф.
Қарағанды аудандық аумақтық инспекция Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 23 8 (7212) 437823
Қаражал аудандық аумақтық инспекция Қаражал кенті, Сардары Сарытоқа көшесі, 1 8 (71032) 26879
Абай аудандық аумақтық инспекция Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 42 үй 8 (72131) 44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекция Ақтоғай кенті, Оразалин көшесі, 14 8 (71037) 21861
Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекция Ботақара кенті, Шопанай көшесі, 3 8 (72154) 21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция Атасу кенті, Жамбыл көшесі, 124 8 (71030) 27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекция Қарқаралы қаласы, Игенсартов көшесі, 35 8 (72146) 31432
Нұра аудандық аумақтық инспекция Киевка кенті, Ленин көшесі, 2а 8 (72144) 22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекция Осакаров кенті, Шеткебұлақ көшесі, 1 8 (72149) 42072
Шет аудандық аумақтық инспекция Ақсу-Аюлы кенті, Жезқазған көшесі, 62 8 (71031) 22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекция Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 30 8 (71035) 21204
Балқаш қалалық аумақтық инспекция Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, 20 8 (71036) 65426
Жезқазған қалалық аумақтық инспекция Жезқазған қаласы, Балычная көшесі, 16 8 (71027) 60557,
Теміртау қалалық аумақтық инспекция Теміртау қаласы, 7 шағын ауданы, 55-үй 8 (72139) 88114
Саран қалалық аумақтық инспекция Саран қаласы, Саран көшесі 2/1 үй 8 (72137) 25684

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекция Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79а 8 (7142) 501199
Алтынсарин аудандық аумақтық инспекция Обаған ауылы, Строительная көшесі, 2 8 (71445) 34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекция Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 18 8 (71440) 21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекция Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 48 8 (71453) 21072
Жангелдин аудандық аумақтық инспекция Торғай ауылы, Құлжановтар көшесі, 66 8 (71439) 21580
Денисов аудандық аумақтық инспекция Денисовка ауылы, Дорожная көшесі, 1 8 (71434) 91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекция Жітіқара қаласы, Д. Асанбаев көшесі, 51 үй 8 (71435) 27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекция Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 61 8 (71437) 22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекция Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16 8 (71441) 33285
Карасу аудандық аумақтық инспекция Қарасу кенті, Исаков көшесі, 66 8 (71452) 22062
Қостанай аудандық аумақтық инспекция Затобольск кенті, Терешкова көшесі, 13/1 8 (71455) 21463
Меңдіқара аудандық аумақтық инспекция Боровской ауылы, Алтынсарин көшесі, 83 8 (71443) 21894
Наурызым аудандық аумақтық инспекция Қарамеңді кенті, Шаяхметов көшесі, 2 8 (71454) 21652
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекция Сарыкөл кенті, Миронов көшесі, 1а 8 (71451) 22740
Таран аудандық аумақтық инспекция Таран ауылы, Западная көшесі, 3 8 (71436) 36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекция Ұзынкөл ауылы, Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, 23 8 (71444) 21842
Федоров аудандық аумақтық инспекция Федоров ауылы, Пушкин көшесі, 56 8 (71442) 22150
Арқалық қалалық аумақтық инспекция Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29 8 (71430) 70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекция Қызылорда қаласы, Мостовая көшесі, 2 8 (7242) 212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекция Арал қаласы, М. Сәдібеков көшесі, 118 8 (72433) 21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекция Қазалы ауданы, Түктібаев көшесі, 78 8 (72438) 23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекция Қармақшы ауданы, Момышұлы көшесі, 101 8 (72437) 21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекция Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр көшесі, 224 8 (7243) 131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекция Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93 8 (72436) 21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекция Шиелі ауданы, Бөгенбай Батыр көшесі, 21 8 (72432) 43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекция Жаңақорған ауданы, Мұсаханов көшесі, 105 8 (72435) 22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 39-үй 8 (7292) 605040
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекция Жаңаөзен қаласы, Мұнайшылар көшесі, 8 8 (7234) 32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекция Бейнеу кенті, Бизнес орталық 8 (72932) 21167
Қарақия аудандық аумақтық инспекция Құрық ауылы, Босан батыр көшесі, 6 8 (72937) 22330
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекция Шетпе кенті, Орталық кітапхана 8 (72931) 21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекция Форт-Шевченко қаласы, Ж. Мыңбаев көшесі, 46-үй 8 (72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекция Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 71 8 (7182) 512078
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекция Ақтоғай ауылы, ветеринарлық кешен 8 (71841) 21999
Ақсу қалалық аумақтық инспекция Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі, 17 8 (71837) 60742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекция Баянауыл ауылы, Әуезов көшесі, 1 8 (71840) 91506
Железин аудандық аумақтық инспекция Железин ауылы, Чкалов көшесі, 21 8 (71831) 21154
Ертіс аудандық аумақтық инспекция Ертіс ауылы, Интернациональная көшесі, 6 8 (71832) 21189
Қашыр аудандық аумақтық инспекция Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 234 8 (71833) 22394
Лебяжі аудандық аумақтық инспекция Лебяжі ауылы, Ыдырысханов көшесі, 39 8 (71839) 21754
Май аудандық аумақтық инспекция Көктөбе ауылы, ветеринарлық кешен 8 (71838) 91654
Павлодар аудандық аумақтық инспекция Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 145 8 (7182) 324301
Успен аудандық аумақтық инспекция Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 18 8 (71834) 91636
Шарбақты аудандық аумақтық инспекция Шарбақты ауылы, ветеринарлық кешен 8 (71836) 21692
Екібастұз қалалық аумақтық инспекция Екібастұз қаласы, Геологическая көшесі, 205а 8 (71873) 36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 66 8 (7152) 360141
Айыртау аудандық аумақтық инспекция Саумалкөл ауылы, Озерная көшесі, 4 8 (71533) 21190
Ақжар аудандық аумақтық инспекция Талшық ауылы, Ветеринарная к., 1 8 (71546) 21562
Аққайың аудандық аумақтық инспекция Смирнов ауылы Жұмабаев көшесі, 3 8 (71532) 22489
Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекция Новоишим ауылы, Ауелбеков көшесі, 34 8 (71535) 21640
Есіл аудандық аумақтық инспекция Явленка ауылы, Фурманов көшесі, 12 8 (71543) 22485
Жамбыл аудандық аумақтық инспекция Преснов ауылы, Интернациональная көшесі, 35 8 (71544) 22855
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл ауылы, Новая көшесі, 20 8 (71538) 28177
Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекция Булаев ауылы, Водопроводная көшесі, 20 8 (71531) 22759
Мамлют аудандық аумақтық инспекция Мамлют ауылы, Больничный городок 8 (71541) 22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекция Тайынша аулы, Советская көшесі, 191 8 (71536) 23037
Тимирязев аудандық аумақтық инспекция Тимирязев ауылы, Целинная к., 13 8 (71537) 20125
Шал ақын аудандық аумақтық инспекция Сергеевка ауылы, Степная көшесі, 2 8 (71534) 21435

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі, нөмірсіз 8 (7252) 551417
Арыс қалалық аумақтық инспекция Арыс қаласы, Төле би көшесі, нөмірсіз 8 (72540) 21052, 21255 ф.
Түркістан қалалық аумақтық инспекция Түркістан қаласы, Т. Мыңбасы көшесі, 16 8 (72533) 43052, 43167 ф.
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекция Шаян ауылы, Қадырбаев көшесі, 32 8 (72548) 22012, 21459 ф.
Қазығұрт аудандық аймақтық инспекция Қазығұрт ауылы, Әуезов көшесі, нөмірсіз 8 (72539) 22889, 21405 ф.
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция Жетісай қаласы, Маханбет көшесі, 1 8 (72534) 67344, 67250 ф.
Отырар аудандық аумақтық инспекция Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, 17 8 (72544) 21578, 21337 ф.
Ордабасы аудандық аумақтық инспекция Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, н-з 8 (72530) 21586, 21757 ф.
Сайрам аудандық аумақтық инспекция Қарасу ауылы, Панфилов көшесі, н-з 8 (72531) 20281, 20208 ф.
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекция Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесі, н-з 8 (72537) 22890, 21413 ф.
Созақ аудандық аумақтық инспекция Шолаққорған ауылы, Төреқұлов көшесі, 1 8 (72546) 42420, 41305 ф.
Төле би аудандық аумақтық инспекция Леңгір қаласы, Есенқұлов көшесі, 55 8 (72547) 61427, 62585 ф.
Түлкібас аудандық аумақтық инспекция Т. Рысқұлов ауылы, Жантұров көшесі, 17 8 (72538) 52440 ф.
Шардара аудандық аумақтық инспекция Шардара қаласы Қасымов көшесі, 17 8 (72535) 21309, 22369 ф.

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекция Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі, 15 8 (7272) 302792, 738776

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қаласы, Фурманов көшесі, 6 8 (7172) 299278

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

   Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы  
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайы %-ы (үлесі)      
2. Сапасы  
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      
3. Қолжетімділік  
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)      
4. Шағымдану үдерісі  
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      
5. Сыпайылық  
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus