Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

   1. Жалпы ережелер

 

1. «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi – Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 13) тармақшасының, 8-бабы 13) тармақшасының;
2) «Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарға мемлекеттік тіркеу және Мемлекеттік реестр жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 349 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттің үй-жайында ілінген стендтерде орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық препараттарды тіркеу куәлігін (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
тіркеу (қайта тіркеу) сынақтарын ескере отырып – 96 (тоқсан алты) күнтізбелік күннің ішінде;
байқаудан өткізуді ескере отырып – 2 (екі) жыл 41 (қырық бір) күнтізбелік күннің ішінде;
Оның ішінде:
Комитет кеңсесі құжаттар пакетін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жібереді;
ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-техникалық Кеңестің сараптаманы жүзеге асыруы – 1 (бір) айдан аспайды;
тіркеу сынақтары – 55 (елу бес) күнтізбелік күннен аспайды;,
байқаудан өткізу – 2 (екі) жылдан аспайды;
уәкілетті орган зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы рұқсат етілген уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы рұқсат етілген уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жүзеге асырылады Ветеринариялық препараттарды бақылаудан өткізу, серияларын бақылау және тіркеу сынақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бағалар прейскурантына сәйкес тұтынушының қаражаты есебінен жүргізіледі. Тұтынушы мемлекеттік қызмет құнын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы төлейді.
Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеген кезде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:
1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде — төлем тапсырмасы.
Мемлекеттiк қызмет үшiн ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бенефициарына аударылады, СТН 620300015504, IBAN KZ1084905KZ000609209, Кбе 16, бенефициар банкi «Нұрбанк» АҚ филиалы, Астана қ., БЖС 030140001998.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Үкіметінің 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
9. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Комитеттің ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

 

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен оларға қойылатын талаптар тізбесі:
1) осы Стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ветеринариялық препаратты мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізуге өтініш;
2) ғылыми-техникалық құжаттама (бұдан әрі – ҒТҚ) екі дана мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал шетелдіктер үшін ағылшын мен мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аудармасы бар құжаттар пакеті (қайта тіркеу кезінде – бір пакеті);
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгілері;
4) фармакологиялық заттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде – үлгімен қоса ветеринариялық препарат субстанциясының үлгісін табыс етуге міндетті;
5) мемлекеттік қызмет құны төленгенін растайтын құжат.
12. Осы Стандарттың 1-тармағындағы мекенжай бойынша Комитетте берілетін белгіленген өтініш нысаны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитеттің стендтерінде орналастырылады.
13. Өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттардың тізбесі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.
14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат – күні мен тіркеу нөмірі және мемлекеттік қызметті алатын күн көрсетілген талон болып табылады.
15. Ветеринариялық препаратты тіркеу куәлігін беру тұтынушының жеке өзі не оның өкілі келген кезде жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың болмауы;
2) ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми техникалық кеңестің теріс қорытындысының нәтижелері және апробация мен тіркеу (қайта тіркеу) сынақтарының нәтижелері бар сараптама актісі негіз болады.

 

 3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шараларды қабылдау;
4) қызметті тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитеттің лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетуді мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, Комитеттің заң қызметі маманы жүзеге асырады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 202-кабинет, телефон (8-7172) 555-763, www.minagri.gov.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701 кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.кz, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін беріледі.
23. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым жазба түрінде (еркін) нысанда (дәлелді бас тартудың көшірмесімен – болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Комитет кеңсесінде қабылданады.
25. Өтініш берушіге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретінде берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, мерзімі мен орны көрсетілген, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Тұтынушы мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: vetermar@minagri.кz Комитет кеңсесінен, Комитетте ілінген стендтерден ала алады.

 

  «Ветеринариялық препараттарға, оларды
мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу)
тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша

 

 ӨТІНІШ

 

Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараты мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), апробацияны өткізуді сұраймын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ветеринариялық препараттың саудалық және жалпы қабылданған аты)
1. Ветеринариялық препаратты Мәлімдеуші
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)
2. Мәлімдеушінің мекен-жайы, телефоны, факсі, банкілік реквизиттері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Ветеринариялық препарат туралы мәлімет:___________________________
_____________________________________________________________________
3.1. Құрамы__________________________________________________________
3.2. Емдеу үлгісі____________________________________________________
3.3. Тағайындау______________________________________________________
3.4. Препаратты әзірлеуші____________________________________________
(жеке тұлғаның Ф.А.Ә. заңды тұлғаның аты,
мекен-жайы)
3.5. Препаратты өндіруші_____________________________________________
(заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә.
мекен-жайы)
4. Мәлімдеушінің өкілі_______________________________________________
(Ф.А.Ә. және өкілдің лауазымы)
5. Өтінішке мынадай нормативтік-техникалық құжаттар енгізіледі
_____________________________________________________________________
6. Мәлімдеуші ветеринариялық препаратты мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге), (керегін сызу қажет) шығымдарды төлеуге кепіл болады.
_____________________________________________________________________

 

Өтініш берілді:
200_ж.”___”______________ __________________________________________
(қолы)             (Мәлімдеушінің өкімінің Ф.А.Ә.)
8. Өтініш қабылданды:
200_ж.”___”___________ _____________________________________________
(қолы)      (өтінішті қабылдаушың қызметі және Ф.А.Ә.)
9. Өтініш қабылданды:
200_ж.”___”___________ _____________________________________________
(қолы)     (өтінішті қабылдаушың қызметі және Ф.А.Ә.)

 

  «Ветеринариялық препараттарға, оларды
мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу)
тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметі
стандартына 2-қосымша

 

 Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы мақсаттық мәні

Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100

   

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100

   

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus