Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

  1. 1.     Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының (бұдан әрі – инспекция) мекенжайлары бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
12 шілдедегі Заңының 16-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының;

2) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің және Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың;

3) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) рұқсат беру:

импортқа, экспортқа – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзитпен тасуға (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы керек;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде келісу берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда келісу берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен
оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша мыналарды көрсете отырып өтініш береді:

заңды тұлғалар үшін – өндіріс объектісінің атауы, мекенжайы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) берген есептік нөмірі (коды), жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты және есептік нөмірі (коды)

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және шыққан жері;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдалануға көзделетін көлік түрі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды олар арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;

импорттың, экспорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін – ол арналған жануарлар түрі);

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті;

жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін (дериваттарын), оның ішінде олар құжаттары, орама жапсырмасы немесе таңбалануы бойынша немесе басқа да белгілері бойынша құрып кету қаупі төніп тұрған және СИТЕС қолданылатын жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болып табылатындарды не болып табылуы мүмкіндерді әкелген жағдайда Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын жануарлардың, олардың бөліктерінің және/немесе дериваттарының импортына рұқсаттың нөмірі;

ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым;

2) экспорттаушы елдің ресми органы малдың әрбір басына берген асыл тұқымдық куәлігінің немесе оған барабар құжаттың көшірмесі (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде);

3) ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты беру Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің Комитет берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және есептік нөмірі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы елі немесе импорттаушы елі және шыққан елі;

5) көлік түрі;

6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті оның аумағы арқылы жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарымен келісілген жануарлардың жүру маршруты, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселеріне тапсырылады.

Мемлекеттік қызмет алушының транзитке рұқсат алуы үшін импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, электрондық поштасы: veterinary@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 55-58-15 мекенжайы бойынша Комитетке жазбаша өтініш жолдайды.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

Транзитке рұқсат беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елің ветеринария саласындағы уәкілетті органына жолданады.

Берілген рұқсаттар Кеден одағының сыртқы шекарасына электрондық түрде жолданады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

импортқа рұқсат беру кезінде:

1) импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;

3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін, бақылауға жататын тауарлар өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – Бірыңғай ұйымдар тізілімі) кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы;

экспортқа рұқсат беру кезінде:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;

3) Бірыңғай ұйымдар тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.

транзитке рұқсат беру кезінде – экспорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыстың нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін Комитеттің және инспекциялардың жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитеттің және инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55–54–07  мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың заң қызметінің мамандары  жүзеге асырады.

21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

Инспекциялар көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша немесе тиісті Инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің немесе
инспекциялардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

 

___________________

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірлері

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 8-үй 8 (7162) 401494
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қ-сы, Нұрмағамбетов к-сі, 81-үй 8 (71638) 21100,
22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы кенті,  Комсомольская к-сі, 3-үй 8 (71644) 22483,
21634
Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астраханка ауылы, Әл-Фараби к-сі, 49-үй 8 (71641) 22808,
22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қ-сы, Жеңіс к-сі, 67-үй 8 (71643)
42902, 41388
Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қ-сы,

Углинский к-сі, 42-үй

8 (71646) 21530, 21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы Егіндікөл ауылы,

Жеңіс к-сі, 7-үй

8 (71642) 21965,
21334
Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қ-сы,

Рысқұлов к-сі, 2-үй

8 (71639) 21154, 21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау қ-сы,

Степная к-сі, 1-үй

8 (71633) 23770,
23798
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Есіл қ-сы,

Мырзашев к-сі, 96а-үй

8 (71647) 29387,
21437, 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы ауылы,

Тұқтыбаев к-сі, 1-үй

8 (71635) 21168,
21672
Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы Державинск қ-сы,

Ленин к-сі, 24-үй

8 (71648) 91437,
91336
Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы Зеренді ауылы,

Ленин к-сі, 23 а-үй

8(71632)21250,
22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын ауылы,

Абай к-сі, 72-үй

8 (71637) 21869,
21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балқашино ауылы,

Ленин к-сі, 126 а-үй

8 (71640) 91674, 92200
Целиноград аудандық аймақтық инспекциясы Ақмола аулы,

Гагарин к-сі, 14-үй

8 (71651) 31153,
31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды кенті,

Зеленый орамы к-сі, 5-үй

8 (71631) 22520,
21744
Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қ-сы, Железнодорожная к-сі, 105-үй 8 (71636) 36236
Степногор аудандық аумақтық инспекциясы  Степногорск қ-сы,

2 ш.а.,16-үй

8 (71645) 64997,
61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ-сы,

Смағұл к-сі, 11-үй

8 (7132) 244089,
241819
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольское ауылы, Кұлымбет к-сі, 6-үй 8 (71339) 21712,
21182, 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қ-сы, Тамды к-сі,

1-үй

8 (71337) 31475,
31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин кенті, Метеостанция к-сі, 33-үй 8 (71345) 22998,
22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз кенті,

Барысбай к-сі, 7-үй

8(71343)21643,
21848
Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы Батамша кенті,

Әйтеке би к-сі, 40-үй

8 (71342) 23106,
23156
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда кенті, Алиата к-сі, 21-үй 8 (71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк кенті,

Панфилов к-сі, 50-үй

8 (71331) 22778,
21747
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы Қандыағаш қ-сы,

Қалиев к-сі, 14-үй

8 (71333) 35550
Темір аудандық аумақтық инспекциясы Шұбаркұдық кенті, Желтоқсан к-сі, 5-үй 8 (71346) 22152,
23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл кенті, Бақаев к-сі,

6-үй

8 (71332) 21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қ-сы, Спортивная к-сі, 2-үй 8 (71336) 21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы  Шалқар қ-сы, Үргенiшбаев к-сі, 26-үй 8 (71335) 21748
Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ-сы,

Иманов к-сі, 33-үй

8 (7132) 962558,
230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ-сы,

Лесная к-сі, 1-үй

8 (7282) 261297
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгіров кенті, Сәтпаева к-сі, 2-үй 8 (72832) 21315
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қ-сы,

Шуақов к-сі, 30-үй

8 (72833) 21455
Балхаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас ауылы,

Бижанов к-сі, 4-үй

8 (72773) 91466
Еңбекші қазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есік қ-сы, Пугачев к-сі, нөмірсіз 8 (72775) 41879
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы Қара бұлак кенті, Оразбеков к-сі, 52-үй 8 (72836) 30130
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынағаш ауылы,

Сәтпаев к-сі, 117-үй

8 (72770) 22731
Іле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген Батыр кенті,

Титов к-сі, 33 а-үй

8 (72752) 22286
Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қ-сы, Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23-үй 8 (72771) 23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қ-сы,

Оспанов к-сі, 8-үй

8 (72834) 21849
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек кенті,

Рысқұлов к-сі, 20-үй

8 (72840) 31280
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық Би кенті, Сейфуллин к-сі, 5-үй 8 (72838) 20565
Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы Жаркент қ-сы,

Иванов к-сі, 94-үй

8 (72831) 51034
Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген ауылы,

Лебаев к-сі, 43-үй

8 (72777) 21911
Сарқанд аудандық аумақтық инспекциясы Сарқанд қ-сы,

Қабанбай Батыр к-сі, 6-үй

8 (72839) 21089
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қ-сы,

Аблайхан к-сі, 98-үй

8 (72774) 20783
Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы Шонжы ауылы,

Ж. Кұдайбергенов к-сі, 119-үй

8 (72778) 21800
Талдықорған қалаық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ-сы,

Қабліс жырау к-сі, 207-үй

8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Атырау қ-сы,

Лесхоз ш.а., 49 a-үй

8 (7122) 282941
Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы Құлсары қ-сы, 8 учаске 8 (71237) 55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат кенті, Орталық алаң, 2-үй 8 (71239) 31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет ауылы, Ветстанция, 1-үй 8 (71236) 30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы ауылы, Құттыбаев к-сі, 16-үй 8 (71238) 21324
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер кенті,

Қаражанов к-сі,  9-үй

8 (71234) 22244
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау ауылы, Ынтымақ к-сі,  45-үй 8 (71231) 20952
Құрмағанзы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1-үй 8 (71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өскемен қ-сы,

Крылов к-сі, 40-үй

8 (7232) 259920,
254008
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қараул ауылы,

Баян к-сі, 25-үй

8 (72252) 91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қ-сы,

Осенний орамы, 48 А-үй

8 (72237) 33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка ауылы, Совхозная к-сі,

38-үй

8 (7222) 91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха ауылы,

СТО, 4-үй

8 (72351) 21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое ауылы, Пирогов к-сі, 6-үй 8 (72331) 22870,
21552
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов к-сі,

21-үй

8 (72347) 65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қаласы, Стамбетов к-сі, 10-үй 8 (72340) 21393
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қ-сы, Бриллин к-сі, 55-үй 8 (72335) 61718
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым ауылы, Слямов к-сі, 136-үй 8 (72341) 21833
Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы Көкпекті ауылы, Қабанбай к-сі, 81-үй 8 (72348) 21808
Күршім аудандық аумақтық инспекциясы Күршім ауылы,

Б. Момышұлы к-сі, 12-үй

8 (72339) 31280
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат ауылы,

Қабанбай к-сі, 24-үй

8 (72346) 21405
Үржар аудандық аумақтық инспекциясы Үржар ауылы,

Калинин к-сі, 1-үй

8 (72230) 34739
Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы Молодежный кенті 8 (72338) 27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха ауылы, Мичурин к-сі, 21-үй 8 (72332) 30630
Риддер аудандық аумақтық инспекциясы Риддер қ-сы,

Қонаев к-сі, 40-үй

8 (72336) 40930
Семей қалалық аумақтық инспекциясы Семей қ-сы,

Павлодарская к-сі, 106-үй

8 (72226) 36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қ-сы, Пушкин к-сі, 140 б-үй 8 (7262) 453362
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер ауылы, Орынкұл к-сі, 89-үй 8 (72637) 22559,
21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса ауылы, Промышленная к-сі, 13-үй 8 (72633) 21707,
21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы Б. Момышұлы ауылы,

93-үй

8 (72635) 21592,
21311
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай ауылы,

Жібек жолы к-сі,108-үй

8 (72636) 42170, 26438
Мерке аудандық аумақтық инспекциясы Мерке  ауылы,

Панфилов к-сі, 6-үй

8 (72632) 24888,
24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм ауылы, Көшенов к-сі, 5-үй 8 (72642) 24820,
24970
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан ауылы,

Асылов к-сі, 54-үй

8 (72631) 21975,
21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент ауылы,

Асанов к-сі, 7-үй

8 (72639) 22052
Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ауылы,

Қонаев к-сі, 17-үй

8 (72641) 21446,
21169
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төлеби ауылы,

Асатұлы к-сі, 21-үй

8 (72638) 32587,
32568
Тараз қалалық аумақтық инспекциясы Тараз қ-сы,

12 ш.а., 23-үй, 22 пәтер

8 (7262) 347201,
347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Орал қ-сы,

Қ.Аманжолов к-сі, 75-үй

8 (7112) 515446
Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев ауылы,

Мендалиев к-сі, 23-үй

8 (71136) 92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қ-сы,

Советская к-сі, 81/2-үй

8 (71133) 21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайхин ауылы, Жәнікешов к-сі, 16-үй 8 (71140) 21320
Жанқала аудандық аумақтық инспекциясы Жанқала ауылы, Заправочная к-сі, 2-үй 8 (71141) 21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнібек ауылы,

Чурин к-сі, 19-үй

8 (71235) 21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Переметное ауылы, Набережная к-сі, 59-үй 8 (71130) 22708
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Даринск ауылы,

Жеңістің 40 жылдығы

к-сі, 43-үй

8 (71131) 21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов аулы, Ветстанция к-сі, 1-үй 8 (71144) 31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Каратөбе ауылы, Құрманғалиев к-сі, 13-үй 8 (71145) 21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, Қазақстан к-сі, 15-үй 8 (71134) 31267
Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы Тасқала ауылы, Ветстанция к-сі 8 (71139) 21897
Теректі аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка ауылы,

Ленин к-сі, 162-үй

8 (71132) 21953
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау ауылы, Сырым Датов к-сі 108-үй 8 (71137) 33155
Орал қалалық аумақтық инспекциясы Орал қ-сы, Конкин к-сі,

5-үй

8 (7112) 37585

Қарағанды облысы

Қарағанды облыстық аумақтық  инспекциясы Қарағанды қ-сы,

Лобода к-сі, 20-үй

8 (7212) 563595
567819
Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ-сы,

Прогресс к-сі,  23-үй

8 (7212) 437823
Қаражал қалалық аумақтық инспекциясы Қаражал қ-сы,

Сардары Сарытоқа к-сі,

1-үй

8 (71032) 26879
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қ-сы, 3 ш.а., 42-үй 8 (72131) 44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай  кенті,

Оразалин к-сі, 14-үй

8 (71037) 21861
Бұхар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара  кенті,

Шопанай к-сі, 3-үй

8 (72154) 21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу  кенті, Жамбыл к-сі, 124-үй 8 (71030) 27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қ-сы, Игенсартов к-сі, 35-үй 8 (72146) 31432
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка кенті, Ленин к-сі, 2 а-үй 8 (72144) 22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров кенті, Шеткебұлақ к-сі, 1-үй 8 (72149) 42072
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы кенті, Жезказған к-сі, 62-үй 8 (71031) 22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау ауылы,

Бұлкышев к-сі, 30-үй

8 (71035) 21204
Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы  Балқаш қ-сы,

Желтоқсан к-сі, 20-үй

8 (71036) 65426
Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы Жезқазған қ-сы,

Балықшы к-сі, 16-үй

8 (71027) 60557,
63922
Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы Теміртау қ-сы, 7 ш.а,

55-үй

8 (72139) 88114
Саран қалалық аумақтық инспекциясы Саран қ-сы, Саран к-сі, 2/1-үй 8 (72137) 25684

Қостанай облысы

Костанай облыстық аумақтық инспекциясы Костанай қ-сы,

Гоголь к-сі, 79 a-үй

8 (7142) 501199
Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы Обаған ауылы, Строительная к-сі, 2-үй 8 (71445) 34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы Амангелді ауылы,

Б. Майлин к-сі, 18-үй

8 (71440) 21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов к-сі, 48-үй 8 (71453) 21072
Жангелді аудандық аумақтық инспекциясы Торғай ауылы,

Құлжанов к-сі, 66-үй

8 (71439) 21580
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисов ауылы, Дорожная к-сі, 1-үй 8 (71434) 91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы Жітіқара қ-сы,

Д. Асанбаев к-сі, 51-үй

8 (71435) 27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты ауылы,

Ленин к-сі, 61-үй

8 (71437) 22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық кенті, Космонавтов к-сі, 16-үй 8 (71441) 33285
Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу кенті, Исак к-сі,

66-үй

8 (71452) 22062
Костанай аудандық аумақтық инспекциясы Затобол кенті,

Терешкова к-сі, 13/1-үй

8 (71455) 21463
Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровское ауылы, Алтынсарин к-сі, 83-үй 8 (71443) 21894
Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қараменды  кенті, Шаяхметов к-сі, 2-үй 8 (71454) 21652
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкөл  кенті,

Миронов к-сі, 1а-үй

8 (71451) 22740
Таранов аудандық аумақтық инспекциясы Таранов аулы,

Западная к-сі, 3-үй

8 (71436) 36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл аулы,

Октябрдің 60 жылдығы

к-сі, 23-үй

8 (71444) 21842
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка аулы,

Пушкин к-сі, 56-үй

8 (71442) 22150
Арқалық  қалалық аумақтық инспекциясы Арқалық қ-сы, Абай к-сі,  29-үй 8 (71430) 70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Қызылорда қ-сы, Мостовая к-сі, 2-үй 8 (7242) 212562,
212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қ-сы,

М. Сәдiбеков к-сі, 118-үй

8 (72433) 21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы қ-сы,

Түктiбаев к-сі, 78-үй

8 (72438) 23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Қармақшы ауылы,

Б. Момышұлы, 101-үй

8 (72437) 21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к-сі,

224-үй

8 (7243) 131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Сырдария а-ны,

Ғ. Мұратбаев к-сі, 93-үй

8 (72436) 21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы Шиелі а-ны,

Бөгенбай батыр к-сі, 21-үй

8 (72432) 43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңакорған қ-сы, Мұсаханов к-сі, 105-үй 8 (72435) 22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Актау қ-сы, 23 ш.а., 39-үй 8 (7292) 605040
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Жанаөзен қ-сы, Мұнайшылар к-сі, 8-үй 8 (7234) 32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу кенті,

Бизнес орталығы

8 (72932) 21167
Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық ауылы,

Босан батыр к-сі, 6-үй

8 (72937) 22330
Манғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе кенті,

Орталық кітапхана

8 (72931) 21499
Түпкараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко кенті,

Ж. Мыңбаев к-сі, 46-үй

8 (72938) 22573

Павлодарская область

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Павлодар қ-сы,

Крупская к-сі, 71-үй

8 (7182) 512078
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай ауылы, веткомплекс 8 (71841) 21999
Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы Ақсу қ-сы,

Вокзальная к-сі, 17-үй

8 (71837) 60742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл ауылы,

Әуэзов к-сі, 1-үй

8 (71840) 91506
Железинка аудандық аумақтық инспекциясы Железинка ауылы,

Чкалов к-сі, 21-үй

8 (71831) 21154
Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы Ертіс ауылы, Интернациональная к-сі,

6-үй

8 (71832) 21189
Қашыр аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов к-сі, 234-үй 8 (71833) 22394
Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжі ауылы, Ыдырысханов к-сі, 39-үй 8 (71839) 21754
Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе ауылы, Веткомплекс 8 (71838) 91654
Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қ-сы,

Ленин к-сі, 145-үй

8 (7182) 324301
Успенка аудандық аумақтық инспекциясы Успенка ауылы, Терешкова к-сі, 18-үй 8 (71834) 91636
Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты ауылы, веткомплекс 8 (71836) 21692
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы Екібастұз қ-сы, Геологическая к-сі,

205 А-үй

8 (71873) 36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Петропавл қ-сы,

Казахстанская правда к-сі, 66-үй

8 (7152) 360141
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл ауылы, Озерная к-сі, 4-үй 8 (71533) 21190
Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық ауылы, Ветеринарная к-сі, 1-үй 8 (71546) 21562
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирново ауылы, Жұмабаев к-сі, 3-үй 8 (71532) 22489
Ғабит Мүсрепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишимка ауылы, Әуелбеков к-сі, 34-үй 8 (71535) 21640
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка ауылы, Фурманов к-сі, 12-үй 8 (71543) 22485
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Пресновка ауылы, Интернациональная к-сі, 35-үй 8 (71544) 22855
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл аулы, Новая к-сі, 20-үй 8 (71538) 28177
Мағжан Жумабаев аудандық аумақтық инспекциясы Булаево ауылы, Водопроводная к-сі, 20-үй 8 (71531) 22759
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлютка ауылы, Больничный городок 8 (71541) 22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша ауылы, Советская к-сі, 191-үй 8 (71536) 23037
Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязево ауылы, Целинная к-сі, 13-үй 8 (71537) 20125
Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кішкенекөл ауылы,

С. Маликов к-сі, 124-үй

8 (71542) 22139
Шал ақын атындағы аудандық аумақтық инспекциясы Сергеевка ауылы,

Степная к-сі, 2-үй

8 (71534) 21435

Оңтүстік Қазақстан обылысы

Оңтүстік Қазақстан обылыстық аумақтық инспекциясы Шымкент қ-сы,

Қабанбай батыр к-сі, нөмірсіз

8 (7252) 551417
Арыс қалалық аумақтық инспекциясы Арыс қөсы, Төлеби к-сі, нөмірсіз 8 (72540) 21052,
21255
Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы Түркістан қ-сы,

Т. Мыңбасы к-сі, 16-үй

8 (72533) 43052,
43167
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян ауылы,

Қадырбаев к-сі, 32-үй

8 (72548) 22012,
21459
Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы Қазығұрт ауылы,

Әуезов к-сі, нөмірсіз

8 (72539) 22889,
21405
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетісай қ-сы,

Маханбет к-сі, 1-үй

8 (72534) 67344,
67250
Отрар аудандық аумақтық инспекциясы Шәуілдір ауылы,

Жібек жолы к-сі, 17-үй

8 (72544) 21578,
21337
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темірлан ауылы, Қажымұқан к-сі, нөмірсіз 8 (72530) 21586,
21757
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу ауылы,

Панфилов к-сі, нөмірсіз

8 (72531) 20281,
20208
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қ-сы,

Майлы қожа к-сі, нөмірсіз

8 (72537) 22890,
21413
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған ауылы, Төреқұлов к-сі, 1-үй 8 (72546) 42420,
41305
Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы Ленгер қ-сы,

Есенқұлов к-сі, 55-үй

8 (72547) 61427,
62585
Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы  Т. Рысқұлов ауылы, Жантүров к-сі, 17-үй 8 (72538) 52440
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қ-сы,

Қасымов к-сі, 17-үй

8 (72535) 21309,
22369
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қ-сы, Медеу а-ны,

Мақатаев к-сі, 15-үй

8 (7272) 302792,
738776
Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қ-сы,

Фурманов к-сі, 6-үй

8 (7172) 299278

________________________________

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus