Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы  ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болу шарты кезінде www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 9-бабы 5) тармақшасының;

2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 14-бабы 2) тармақшасының;

3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;

4) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындардағы орнатылған стендтерде;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) жергілікті атқарушы органда – аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) қағаз тасығышта жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) www.elicense.kz порталында – лицензияны жергілікті атқарушы органның уәкілеттік берілген тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы жергілікті атқарушы органға не порталға өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең етілген уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшін ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру екі жұмыс күні ішінде көрсетінеді.

Егер белгіленген мерзімдерде лицензияны берілмеген не лицензияны беруден дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия берілген деп есептеледі.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына ие болу үшін бюджетке 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі лицензиялық жарнаны қолмақол ақшалай немесе қолмақол ақшасыз тәсілмен төлейді.

Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Жұмыс және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыс кестесі:

1) жергілікті атқарушы органдарда – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойы.

10. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттік қызмет алушының порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

Жергілікті атқарушы органдар арқылы:

лицензияны беру үшін:

1)       өтініш;

2)       мемлекеттік қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлға үшін;

3)       мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

4)       мемлекеттік қызмет алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі – дара кәсіпкер үшін;

5)       мемлекеттік қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

6)       жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

7)       осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1)       өтініш;

2)       жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

3)       лицензияның көшірмесі;

лицензияның телнұсқасын беру үшін:

1)       лицензияны жоғалтқаны не бүлдіргені туралы өтініш;

2)       жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

портал арқылы:

лицензияны беру үшін:

1)       мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2)       жарғы (заңды тұлға үшін) – сканерленген көшірмесі электрондық сұрау салуға қоса беріледі;

3)       осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшірмелері электрондық сұрау салуға қоса беріледі;

4)       мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері – жеке тұлға үшін;

5)       мемлекеттік қызмет алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің мәліметтері – заңды тұлға үшін;

6)       мемлекеттік қызмет алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтері – дара кәсіпкер үшін;

7)       мемлекеттік қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;

8)       жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1)     мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2)     мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;

3)     жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері;

4)     лицензияның деректері (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензияның сканерленген көшірмесі түрінде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса беріледі.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;

лицензияның телнұсқасын беру үшін:

1)     мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2)     мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;

3)     жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін жергілікті атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерінен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz және жергілікті атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарында алуға болады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.

13. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде құжаттар жергілікті атқарушы органдардың кеңселеріне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

14. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызмет:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы ықылас білдіргенде, мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінің» порталына ескерту жіберіледі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімді қабылдағаны жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет нәтижесі туралы есеп.

15. Қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттік қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрінде беріледі.

Портал арқылы өтінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне жолданады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз:

1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленбеуі;

3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны беру тиісті мемлекеттік органмен келісілмеуі;

5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет
түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің
болуы;

6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауапты мемлекеттік қызмет алушы жергілікті атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетінде электрондық құжат түрінде алады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:

1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;

2) жергілікті атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына;

3) портал арқылы өтіну жолымен беріледі.

Шағымды жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде
шағым жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті әкімнің атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.

Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағым портал арқылы жөнелтілген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгендігі, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

______________________

«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с№

Жергілікті атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерінің мекенжайы

Байланыс деректері

Интернет- ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Көкшетау қсы,
Абай ксі, 85үй
тел.: 8(7162)25-07-72, 25-55-11,   электрондық поштасы: economy_cx@mail.ru,
kanz_akim@akmo.kz
www.akmo.kz

2.

«Алматы облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Талдықорған қсы,
Тәуелсiздiк ксі, 38үй
тел.: 8(7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.
kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Атырау қсы,
Әйтеке би ксі, 77үй
тел.: 8 (7122)
35-45-03;
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru
www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Ақтөбе қсы, Әбілхайыр хан длы, 40үй тел.: 8 (7132)
56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru,
do.aktobe@minagri.kz
www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Өскемен қсы, М. Горький ксі, 40үй тел.: 8 (7232)
26-42-48, 24-23-04,
20-42-42
электрондық поштасы:
ispaevt@yandex.ru
www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Тараз қсы,
Абай ксі, 119үй
тел.: 8 (7262)
43-28-94, 45-88-31,
ф.:45-42-05, 45-46-28
www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Орал қсы,
Достық ксі, 179үй
тел.: 8 (7112)51-35-41,45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru
www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Қарағанды қсы,
Мир булры, 39үй
тел.: 8 (7212)42-10-80, электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме  Қостанай қсы, Әл-Фараби длы, 66үй тел.: 8 (7142)57-50-03,
электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay.
www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Қызылорда қсы,
Ы.Жақаев ксі, 76үй
тел.: 8 (7242)26-26-44,  электрондық поштасы:
sh_kyzyl@mail.ru
www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Ақтау қсы, 14 ш.а., 1үй тел.: 8 (7292)31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru
www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Павлодар қсы
Академик Сатпаев ксі, 49үй
тел.: 8 (7182)32-25-67, электрондық поштасы: kense.dsh@
pavlodar. gov.kz
www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Петропавловск қсы
Қазақстан Конституциясы ксі, 58үй
тел.: 8 (7152) 46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@sko.kz,
dshag@mail.ru

akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме  Шымкент қсы,
Тәукехан ксі, 6үй
тел.: 8 (7252)53-03-33,
электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru
www.ontustik.gov.kz

15.

 «Астана қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Астана қсы, Бейбітшілік ксі, 11үй тел.: (7172) 55-69-80, 55-69-79, 55-54-85, электрондық поштасы: usx@astana.kz www.astana.kz

16.

 «Алматы қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Алматы қсы, Республика алаңы, 4үй тел.: 8 (727) 27258-17, 271-65-89, электрондық поштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru www.almaty.kz

 

________________________________

«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Біліктілік талаптары

 

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық тәсілмен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі арнайы техника мен жабдықтың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда өндіруші зауыт берген арнайы техника мен жабдық паспорттарының, аккредиттелген машина сынау станциясы берген қорытындылардың нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген арнайы техника мен жабдықтың тізімдемесі);
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдық үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі көлік құралдарының немесе тракторлардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген көлік құралының немесе трактордың техникалық паспорттарының тіркелгені туралы куәліктерінің нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген негізгі құралдардың тізімдемесі);
3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);

4) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;

5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 2 жылдан кем емес, мамандар үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (2 адамнан кем емес) бiлiктi құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.

 

______________________________________

«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

____________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus