Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа  1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекция) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 4-тармағы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереженің 26-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан.
5. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелді бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап – бес жұмыс күні ішінде;
2) фитосанитариялық сертификатты алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиісті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері келтірілген стендтермен жабдықталады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі данадағы өтінімді;
2) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарын (импорттық карантиндік рұқсат), карантинге жатқызылған өнімді жеткізу туралы шартта және (немесе) келісімшартта талаптар көрсетілмеген жағдайда;
3) жеке тұлғалар үшін – салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
4) салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
5) карантинге жатқызылған өнімді жеткізу туралы шарттың және (немесе) келісімшарттың көшірмесін (бар болса) ұсынады.
12. Өтінім бланкісін аумақтық инспекцияның кеңсесі береді сондай-ақ оның нысаны Министрліктің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті аумақтық инспекцияның кеңсесіне тапсырылады.
14. Тұтынушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;
5) аумақтық инспекцияның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
15. Фитосанитариялық сертификат мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияда берілген фитосанитариялық сертификаттар журналына жеке келіп қол қою арқылы қолма-қол беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық бермеуі;
2) тұтынушының карантинге жатқызылған өнімді оның карантиндік жағдайын анықтауға ұсынбауы;
3) карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік объектілердің анықталуы негіз болып табылады.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде аумақтық инспекцияның лауазымды адамдары:
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

20. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген аумақтық инспекцияның заң қызметінің маманы түсіндіреді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін пошта арқылы немесе қолма қол беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті аумақтық инспекцияның басшысының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма- қол, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-дең 18.30-ға дейін беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар жазбаша дәлелді жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.
25. Қабылданған шағым тиісті аумақтық инспекцияда немесе Комитеттің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекция кеңсесінің, (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Аумақтық инспекцияның және Комитеттің байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және аумақтық инспекцияларда орналасқан стендтерде көрсетіледі.

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
фитосанитариялық сертификаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының байланыс деректері 

 

 

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 akmola_C-OTU@minagri.
kz
8(7162)250816
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 8(71638)21100, 22312, 20188, 21451
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы кенті, Комсомол көшесі, 3 8(71644) 22483,
ф. 21634, 21290
Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49 8(71641)22808,22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қаласы Жеңіс көшесі, 67 ф. 8(71643)42902, 41388
Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қаласы, Яглинский көшесі. 42 8(71646)21505,
ф.21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7 8(71642)21965,
ф.21334
Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қаласы, Рысқұлов көшесі, 2 8(71639)21154,
ф.21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 39 8(71633)23770,
ф. 23798
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Есіл қаласы, Мырзашев көшесі, 96а 8(71647)29387, 21437,
ф. 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 32 8(71635)21168,
ф. 21672, 91672
Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы Державинск қаласы, Ленин көшесі, 24 8(71648)91437, 91336
Зеренді аудандық аумактык инспещиясы Зеренді ауылы, Ленин көшесі, 23 а 8(71632)21250,
ф.22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын ауылы, Ленин көшесі, 14 8(71637)21869,
ф. 21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балқашин ауылы, Ленин көшесі, 126 а 8(71640)91674,
ф.92200
Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14 8(71651)31153, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды кенті, Зеленый айналымы, 5 8(71631)22520, 21744, 21914
Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қаласы, Железнодорожный
көшесі, 105
8(71636)36236
Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы Ақмола облысы, Красный Яр ауылы, Ветлаборатория
көшесі, 4
8(7172)403120
Степногор қалалық аумақтық инспекциясы Степногорск қаласы, 2 шағын ауданы, 16 үй 8(71645)64997,
ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қаласы, Смағұл көшесі, 11 aktobe_D-OTU@
minagri.kz
8(7132), 215323, 400301
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольский ауылы, Құлымбет көшесі, 6 8(71339)21712; 21182; 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қаласы, Тамды көшесі, 1 8(71337)31475; ф. 31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин кенті, Метеостанция көшесі, 33 8 (71345) 22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз кенті, Барысбай көшесі, 7 8(71343)21643; 21848
Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы Бадамша кенті, Әйтеке би көшесі, 40 8(71342)23106; 22356
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда кенті, Алиата көшесі, 21 8(71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк кенті, Панфилов көшесі, 50 8(71331)21778; 21747
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция Қандыағаш қаласы, Қалиев көшесі, 14 8(71333)35550
Темір аудандық аймақтық инспекция Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5 8(71346) 22152; 23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл кенті, Бақаев көшесі, 6 8(71332)21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қаласы, Спортивная көшесі, 2 8(71336)21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қаласы, Үргенішбаев көшесі, 26 8(71335)21748
Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы Ақтөбе қаласы, Иманов көшесі, 33 8(7132) 962558; 228477

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Талдықорған қаласы, Лесная көшесі, 1 Almaty_B-OTU@
minagri.kz
8(7282)268337, ф.268338
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгіров кенті, Сәтпаев көшесі, 2 8(72832)21940,22797
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қаласы, Шуақов көшесі, 30 8(72833)21455, 21365
Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас кенті, Бижанов көшесі, 4 8(72773)91466, 91575
Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы Иссык қаласы, Пугачев көшесі, н-з 8(72775)41879, 44481
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұлақ кенті, Оразбек көшесі, 52 8(72836)30130, 31523
Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы Ұзынағаш ауылы, Сәтпаев көшесі, 117 8(72770)22731, 21592
Іле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 33 а 8(72752)22286, 23692
Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 23 8(72771)22173 8(7272)983211
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қаласы, Оспанов көшесі, 8 8(72834)21849, 21198
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек кенті, Рыскулов көшесі, 20 8(72840)31280, 32125
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би кенті, Сейфуллин көшесі, 5 8(72838)21716, 21660
Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы Жаркент қаласы, Иванов көшесі, 94 8(72831)51034, 53278
Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген ауылы, Лебаев көшесі, 43 8(72777)21911, 21393
Сарқанд аудандық аймақтық инспекция Сарқанд қаласы, Қабанбай Батыр
көшесі, 6
8(72839)21089, 21068
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар каласы, Пугачев көшесі, 1 8 (7283) 882897,
8(72774)32045
Үйғыр аудандық аумақтық инспекциясы Шонжы ауылы, Ж. Құдайбергенов көшесі,119 8(72778)21800, 22541
Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы Талдықорған қаласы Қабліс жырау көшесі, 207 8(7282)301980, 301996
Текелі қалалық аумақтық инспекциясы Текели қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 60 8(72835)41498, ф.41498

Атыраү облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49 а atyrau_E-OTU@
minagri.kz
8(7122)282941; 292071
Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы Құлсары қаласы, 8-учаске 8(71237)55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат кенті, Орталық алаң, 2 8(71239) 31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет ауылы, Ветстанция, 1 8(71236)30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы ауылы, Құттыбаев көшесі, 16 8(71238)21324
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер кенті, Қаражанов көшесі, 9 8(71234)22244
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, 45 8(71231)20952
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1 8(71233)23063
Атырау қалалық аумақтық инспекциясы Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49 а 8(7122)290633,292070

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 40
vko_F-OTU@minagri.kz
8 (7232) 259920, ф.254008
Абай аудандық аумақтыҚ инспекциясы Қарауыл ауылы, Баян көшесі, 25 8(72252)91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қаласы, Осенний орамы, 48 а 8(72237) 33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка ауылы, Совхозная көшесі, 38 8(7222)91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха ауылы, СТО,4 8(72351)21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубоковское ауылы, Пирогов көшесі, 6 8(72331)22870, 21552
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 21 8(72347)65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қаласы, Стамбетова көшесі, 10 8(72340)21393
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қаласы, Бриллин көшесі, 55 8(72335)61718
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым ауылы, Слямов көшесі.136 8(72341)21833
Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы Көкпекті ауылы, Қабанбай көшесі, 81 8(72348)21808
Күршім аудандық аумақтық инспекциясы Күршім ауылы, Момышұлы көшесі,12 8(72339)31280
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 24 8(72346)21405
Ұржар аудандық аймақтық инспекциясы Ұржар ауылы, Калинин көшесі, 1 8(72230) 34739
Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы Молодежный кенті 8(72338) 27366
Шемонаиха аудандык аумақтық инспекциясы Шемонаиха ауылы, Мичурин көшесі, 21 8 (72332)30630
Риддер аудандық аумактық инспекциясы Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40 8(72336)40930
Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Семей қаласы, Павлодарская көшесі, 106 8(72226) 36101
Курчатов қалалық аумақтық инспекциясы Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35/59 8(72251)22955
Өскемен қалалық аумақтық инспекциясы Өскемен қаласы, Пограничный көшесі, 49 8(7232)532480

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 140-б
zhambyl_H-OTU@
minagri.kz
8(7262) 432963
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер ауылы. Орынқұлов көшесі, 89 8(72637)21249, 21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса ауылы, Промышленная көшесі, 3 8(72633)22598, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы 080300 Б.Момышұлы ауылы, 93 8(72635)21592, 21311
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 108 8(72636)47464, 47461
Меркі аудандық аумақтық инспекциясы Меркі ауылы, Панфилов көшесі, 6 8(72632) 24888, 24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, 5 8(72642)24625, 21467
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан ауылы, Асылов көшесі, 54 8(72631)21199, 21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент ауылы, Асанов көшесі, 7 8(72639)21954, 22149
Талас аудандық аумақтық  инспекциясы Ақкөл ауылы, Қонаев көшесі, 17 8(72641)21460, 21169
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төле би ауылы, Асатұлы көшесі, 21 8(72638)32587, 32568
Тараз қалалық аумақтық инспекциясы Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 143 8(7262)432930, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75
zko_L-OTU@minagri.kz
8(7112)515446, 507529
Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев ауылы, Мендалиев көшесі, 23 8(71136)92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қаласы, Советская көшесі, 81/2 8(71133)21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайқын ауылы, Жәнікешов көшесі, 16 8(71140)21320
Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы Жаңғала ауылы, Заправочная көшесі, 2 8(71141)21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнібек ауылы, Чурин көшесі, 19 8(71235)21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Переметное ауылы, Набережная көшесі, 59 8(71130)22708
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Даринск ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі, 43 8(71131)21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов ауылы, Ветстанция көшесі, 1 8(71144)31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратөбе ауылы, Құрманғали көшесі, 13 8(71145)21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15 8(71134)31267
Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы Тасқала ауылы, Ветстанция көшесі 8(71139)21897
Теректі аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка ауылы, Ленин көшесі, 162 8(71132)21003, 21142
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау ауылы, Сырым Датов көшесі, 108 8(71137)33155
Орал қалалық аумақтық инспекциясы Орал қаласы, Конкин көшесі, 5 8(7112)537585

Қарағанды облысы

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20 karagandy_M-OTU@
minagri.kz
8(7212)563595, ф.567819
Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 23 8(7212)437823
Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы Қаражал қаласы, Сардары Сарытоқа көшесі,1 8(71032)26879
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 42 үй 8(72131)44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай кенті, Оразалин көшесі, 14 8(71037)21861
Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара кенті, Шопанай көшесі., 3 8(72154)21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу кенті, Жамбыл көшесі, 124 8(71030)27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қаласы, Игенсартов көшесі, 35 8(72146)31432
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киев кенті, Ленин көшесі, 2 а 8(72144)22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров кенті, Шеткебұлақ көшесі, 1 8(72149)42072
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы кенті, Жезқазған көшесі, 62 8(71031)22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 30 8(71035)21204
Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, 20 8(71036)65426
Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы Жезқазған қаласы, Балычная көшесі. 16 8(71027)60557,
Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясы Шахтинск қаласы, Карл Маркс көшесі, 40 А 8(72156)54907, 55644
Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы Теміртау қаласы, 7 шағын ауданы, 55 үй 8(72139)88114
Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы Сатпаев қаласы, Горьков көшесі, 25 8(71063)72042, 72351
Саран қалалық аумақтық инспекциясы Саран қаласы Саран көшесі, 2/1 үй 8(72137)25684
Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы Приозерск қаласы, Фрунзе көшесі, 5 8(71039)54006, 53245

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Қостанай қаласы,
Гоголь көшесі, 79а
kostanai_P-OTU@
minagri.kz
8(7142)501199
Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы Обаған ауылы, Строительная көшесі, 2 8(71445)34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 18 8(71440)21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 48 8(71453)21072
Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы Торғай ауылы, Құлжановтар көшесі, 66 8(71439)21580
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка ауылы, Дорожная көшесі, 1 8(71434)91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы Жітіқара қаласы, Д.Асанбаев көшесі, 51 үй 8(71435)27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 61 8(71437)22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 16 8(71441)33285
Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу кенті, Исақов көшесі, 66 8(71452)22062
Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затобольск кенті, Терешкова көшесі, 13/1 8(71455)21463
Мендіқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской ауылы, Алтынсарин көшесі, 83 8(71443)21894
Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қараменді кенті, Шаяхметов көшесі, 2 8(71454)21652
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкөл кенті, Миронов көшесі, 1 а 8(71451)22740
Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран ауылы, Западная көшесі, 3 8(71436)36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл ауылы, Октябрдің 60 жылдығы көшесі, 23 8(71444)21842
Федоров аудандық аумактык инспекциясы Федоров ауылы, Пүшкин көшесі, 56 8(71442)22150
Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29 8(71430)70364
Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы Қостанай қаласы, Жеңіс көшесі, 49 А 8(7142)542735
Лисаков қалалық аумақтық инспекциясы Лисаковск қаласы, 3 шағын ауданы, 6 үй, ВП 2 8(71433)32744
Рудный қалалық аумақтық инспекциясы Рудный қаласы, Королева көшесі, 1 Б 8(71431)92198

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Қызылорда қаласы, Мостовая көшесі, 2 kyzylorda_N-OTU@
minagri.kz
8(7242) 212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қаласы, М. Сәдібеков көшесі, 118 8(72433)21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы ауданы, Түктібаев көшесі, 78 8(72438) 23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Қармақшы ауданы, Момышұлы көшесі, 101 8(72437)21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш ауданы, Буқарбай батыр көшесі, 224 8(7243) 131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93 8(72436)21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы Шиелі ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 21 8(72432)43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорған ауданы, Мұсаханов көшесі, 105 8(72435)22185
Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, 100 А 8(7242)201587

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы., 39-үй mangystau_R-ОTU@minagri.kz 8(7292) 605040
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қаласы, Мұнайшылар көшесі., 8 8(7234) 32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу кенті, Бизнес орталық 8(72932)21167
Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық ауылы, Босан батыр көшесі, 6 8(72937)22330
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе кенті, Орталық кітапхана 8(72931)21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко қаласы, Ж. Мыңбаев көшесі, 46-үй 8(72938)22573
Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы Атамекен ауылы, Совхозный көшесі 398 8(7292)340043, 331040
Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 39-үй 8(7292) 605026, 605460

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 71 pavlodar_S-OTU@
minagri.kz
8(7182)513070,512078
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай ауылы, ветеринарлық кешен 8(71841)21999
Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі. 17 8(71837)60742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл ауылы, Әуезов көшесі, 1 8(71840)91506
Железин аудандық аумақтық инспекпиясы Железин ауылы, Чкалов көшесі, 21 8(71831)21154
Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы Ертіс ауылы, Интернациональная көшесі, 6 8(71832)21189
Качир аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 234 8(71833)22394
Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжі ауылы, Ыдырысханов көшесі, 39 8(71839)21754
Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе ауылы, ветеринарлық кешен 8(71838)91654
Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 8(7182)321118
Успен аудандық аумақтық инспекциясы Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 18 8(71834)91636
Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты ауылы, ветеринарлық кешен 8(71836)21692
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы Екібастұз қаласы, Геологическая көшесі, 205 а 8(71873)36057
Павлодар қалалық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 53 8(7182)614156

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 241 sko_T-OTU@mail.ru 8(7152)425558
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі, 4 8(71533)22155
Ақжар ауданднқ аумақтық инспекциясы Талшық ауылы, Ветеринарная к., 1 8(71546)22169
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирнов ауылы, Жұмабаев көшесі, 3 8(71532)22225
Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишим ауылы, Ауелбеков көшесі, 34 8(71535)21687
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка ауылы, Фурманов көшесі,12 8(71543)22342
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Преснов ауылы, Интернациональная көшесі, 35 8(71544)21333
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл ауылы, Новая көшесі, 20 8(71538)28177
Мағжан Жүмабаев аудандық аумақтық инспекциясы Булаев ауылы, Водопроводная көшесі,20 8(71531)21924
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют ауылы, Школьный көшесі,44 8(71541)21006
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша ауылы, Советская көшесі, 191 8(71536)21772
Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязев ауылы, Целинная к., 13 8(71537)21473
Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кішкенекөл ауылы,
С.Мәліков көшесі, 124
8(71542)21242
Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы Сергеевка ауылы, Степная көшесі, 2 8(71534)21435
Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 302 8(7152)425483

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі, нөмірсіз uko_X-OTU@minagri.kz 8(7252)551417
Арыс қалалық аумақтық  инспекциясы Арыс қаласы, Төле би көшесі нөмірсіз 8(72540)21052, 21255 ф.
Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы Түркістан қаласы, Т.Мыңбасы көшесі, 16 8(72533) 43052, 43167 ф.
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян ауылы, Қадырбаев көшесі, 32 8(72548) 22012, 21459 ф.
Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы Қазығұрт ауылы, Әуезов көшесі, нөмірсіз 8(72539)22889, 21405 ф.
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетісай қаласы, Махамбет көшесі, 1 8(72534) 67344, 67250 ф.
Отырар аудандық аумақтық инспекциясы Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы.17 8(72544)21578, 21337 ф.
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, н-з 8(72530) 21586, 21757 ф.
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу ауылы, Панфилов көшесі, н-з 8(72531)20281, 20208 ф.
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесі, н-з 8(72537)22890. 21413 ф.
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Щолаққорған ауылы, Төреқұлов көшесі, 1 8(72546)42420,41305 ф.
Төле би аудандық аумақтық инспекциясы Леңгір қаласы, Есенқұлов көшесі, 55 8(72547)61427, 62585 ф.
Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы Т.Рысқұлов ауылы, Жантұров көшесі, 17 8(72538) 52440 ф.
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қаласы, Қасымов көшесі, 17 8(72535)21309, 22369 ф.
Шымкент қалалық аумақтық инспекциясы Шымкент қаласы, Майлы Қожа көшесі, 129 8(72525)17686
Ленгер қалалық аумақтық инспекциясы Ленгер қаласы, Ешенқұлов көшесі, 55 8(72547)61417
Кентау қалалық аумақтық инспекциясы Кентау қаласы, Ата-Түрік көшесі, 52 8(72536)33775

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қаласы, Медеу ауданы Мақатаев көшесі, 15 dtp_alma@rambler.ru 8(7273) 975650, ф. 975036

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қаласы, Жиенқұлов көшесі, 2 fitokontrol.Ast
@mail.ru
8(7172)345492, ф.346868, 489257

 

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
фитосанитариялық сертификаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

____________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

 

Өтінім

 

Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын
1)___________________________________________________________________(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы, орын саны және буып-түю сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
2)___________________________________________________________________                       (өсімдіктердің ботаникалық атауы)
3)___________________________________________________________________
импорттаушы елдің атауы және карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін
мекенжай)
4)___________________________________________________________________
(алушы және оның мекенжайы)
5)___________________________________________________________________
(залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
6)___________________________________________________________________
(импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы импорттық карантиндік рұқсатта немесе экспортталатын карантинге жатқызылған өнім шартында көрсетілген талабы)
7)___________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімдері мен орны)
8)__________________________________________________________________
(импорттаушы елдің карантинге жатқызылған өнімді әкелу көзделіп
отырған шекара пунктінің атауы)
а)өтінім берушінің (экспорттаушының) толық мекенжайы_________________
_____________________________________________________________________б) Жеке куәлігінің №________________________________________________
в) кім берді және қашан берілді_____________________________________
г) СТН__________________________,
д) заңды тұлғаны тіркеу №___________________________________________
Басшы_______________________    ____________________________________
(қолы)                            (Т.А.Ә.)

 

М.О.             20___жылғы «____»______________

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
фитосанитариялық сертификаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

 

   Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні 

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)      
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)      

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus