Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36үй мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 22) тармақшасының және
12-3-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай–ақ Комитетіндегі стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушының сақтауы туралы қағаз тасығыштағы растама (бұдан әрі – растау) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы өтінім тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бес жұмыс күні ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде растау берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда растау берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет
алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен
оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар растау беруге арналған өтінімді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан        немесе   Астана    қаласы,      Кенесары  көшесі, 36үй,    706-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-13 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттің кеңсесінде алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) өтінімді қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

16. Растамада көрсетілген астықты жеткізу көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экспортталатын астық көлеміне пайыздық қатынаста есептелетін мөлшерден кем болса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін Комитеттің жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 710-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-59-61 мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандарттың
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Комитеттің кеңсесінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

 

___________________

«Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

  ____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Өтінім

Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелерді ______________________________________________________

____________________________________________________________________

________________тонна көлемінде сақтау туралы растама беруіңізді сұраймын.

(цифрлармен және жазумен)

 

Өтінім берушінің мекенжайы: _____________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон)

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________           _____________________
(қолы)                                 (Т.А.Ә.)

М.О.  (заңды тұлға үшін)    20___ жылғы «___» ___________

Өтінім  20___ жылғы «__» _______ № _____ қарауға қабылданды
____________________________________________________________________                   (өтінім қабылдаған жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қолы)

___________________________

«Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәтінен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus