Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

   1. Жалпы ережелер

 

1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректерi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрi – Аумақтық инспекция) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрi – Инспектор) ұсынады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының, 4-тармағы 2) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;
2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында – www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі – ветеринариялық сертификатты (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
1) ветеринариялық сертификатты беру:
Қазақстан Республикасының ішінде – тұтынушының өтініш білдірген күнінде көрсетіледі;
экспортқа – 3 (үш) жұмыс күн;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты -15 (он бес) минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (ветеринариялық сертификатының бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші дәрежелі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде – төлем тапсырмасы.
9. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Комитеттің ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:
1) мыналар көрсетілген еркін нысандағы өтініш:
жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы және жануардың (балық, бал ара, қос мекенділер, насекомдардан басқа) және жануарлардан алынатын өнімдердің орнын ауыстыру кезінде жануардың жеке нөмері;
заңды тұлғалар үшін – атауы, мекенжайы, жануардың (балық, бал ара, қос мекенділер, насекомдардан басқа) және жануарлардан алынатын өнімдердің орнын ауыстыру кезінде өндіріс объектісінің есептік номері – жануардың жеке нөмері.
2) жануарды тасымалдау кезінде жануарлардың ветеринариялық паспортын немесе ветеринариялық анықтама;
3) жануарлардан алынған өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі;
4) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – асыл тұқымды куәлік көшірмесін табыс етеді;
5) ветеринариялық сертификаты бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжат.
12. Өтініш осы Стандарттың 11-тармағының ережелерін есепке ала отырып еркін нысанда толтырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, Аумақтық инспекцияның лауазымды адамдарына өтініш жасайды.
14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат – тіркеу нөмірі мен күні және мемлекеттік қызметті алатын күн көрсетілген талон болып табылады.
15. Ветеринариялық сертификатты беру тұтынушының жеке өзі не оның өкілі келген кезде жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) егер ветеринариялық сертификат берілетін объекті қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;
2) 11-тармақта көрсетілген тұтынушы берген ақпараттың толық және анық болмауы;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектісінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмауы негіз болып табылады.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін Аумақтық инспекцияның лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шараларды қабылдау;
4) қызметті тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз ету.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

20. Инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетуді осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесі қызметкері жүзеге асырады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым аумақтық инспекция бастығының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерін есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін беріледі.
23. Шағым жазба түрінде (еркін) нысанда (дәлелді бас тартудың көшірмесімен – болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Аумақтық инспекция кеңсесінде қабылданады.
24. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
25. Өтініш берушіге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретінде берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, мерзімі мен орны көрсетілген, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Тұтынушы мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі бойынша қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесінде және аумақтық инспекцияда ілінген стендтерден ала алады.

 

  «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілерге Қазақстан Республикасының
ішінде қолданылатын және экспортқа
арналған ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

 Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

 

 

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы Көкшетау қ. Абай к., 89 8(7162)401494
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81 8(71638)21100, 22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы к-ті, Комсомол к., 3 8(71644)22483, ф. 21634
Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астраханка а., Әл-Фараби к., 49 8(71641)22808, 22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қ, Жеңіс к., 67 ф. 8(71643)42902, 41388
Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қ., Углинский к., 42 8(71646)21530, ф.21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы Егіндікөл а., Жеңіс к., 7 8(71642)21965, ф.21334
Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қ., Рысқұлов к., 2 8(71639)21154, ф. 21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау к., Степная к., 1 8(71633)23770, ф.23798
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Есіл қ., Мырзашев к., 96а 8(71647)29387, 21437, ф. 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы а., Тұқтыбаев к., 1 8(71635)21168, ф. 21672
Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы Державинск к., Ленин к., 24 8(71648)91437, 91336
Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы Зеренді а., Ленин к., 23 а 8(71632)21250, ф.22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын а., Абай к., 72 8(71637)21869, ф. 21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балхашино а., Ленин к., 126 а 8(71640)91674, ф.92200
Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмола а., Гагарин к., 14 8(71651)31153, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды к., Зеленый айналымы, 5 8(71631)22520, 21744
Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қ. Железнодорожная к., 105 8(71636) 36236
Степногор қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй 8(71645)64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ., Смағұлов к., 11 8(7132) 244089, ф. 241819
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольское а., Құлымбет к., 6 8(71339)21712; 21182; 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қ., Тамды к., 1 8 (71337) 31475; ф. 31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин к., Метеостанция к., 33 8(71345)22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз к., Барысбай к., 7 8 (71343)21643; 21848
Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы Батамша к., Әйтеке би к., 40 8(71342)23106; 23156
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда к., Алиата к., 21 8(71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк к., Панфилов к., 50 8(71331)22778; 21747
Мұғалжар аудандық, аумақтық инспекциясы Қандыағаш қ., Қалиев к., 14 8(71333)35550
Темір аудандық аймақтық инспекциясы Шұбарқұдық к., Желтоқсан к., 5 8 (71346) 22152; 23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл к., Бақаев к., 6 8(71332)21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қ., Спортивная к., 2 8(71336)21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қ., Үргенішбаев к., 26 8(71335)21748
Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы Ақтөбе қ, Иманов к., 33 8(7132) 962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облысының аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Лесная к. 1 8 (7282) 261297
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгіров к., Сәтпаев к. 2 8(72832)21315
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қ., Шуақов к., 30 8 (72833) 21455
Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас қ., Бижанов к., 4 8(72773) 91466
Еңбекші қазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есік қ., Пугачев к., н-з 8(72775)41879
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұдақ к., Оразбек к., 52 8(72836)30130
Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы Ұзынағаш а., Сәтпаеа к., 117 8(72770) 22731
Іле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген батыр к., Титов к., 33 а 8(72752) 22286
Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қ., Тәуелсіздікке 10 жыл к., 23 8(72771)23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қ., Оспанов к., 8 8(72834)21849
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек к., Рысқұлов к, 20 8(72840) 31280
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би к., Сейфуллин к., 5 8(72838)20565
Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы Жаркент қ., Иванов к., 94 8(72831)51034
Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген а., Лебаев к., 43 8(72777)21911
Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6 8(72839)21089
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қ., Абылай хан к.,98 20783
Ұйғыр аудандық аймақтық инспекциясы Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119 8(72778)21800
Талдықорған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Қабліс жырау к., 207 8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау аудандық аумақтық инспекциясы Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а 8(7122)282941; 292071
Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы Құлсары қ., 8-учаске 8(71237) 55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат к., Орталық алаң, 2 8(71239)31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет а., Ветстанция, 1 8(71236) 30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы а., Құттыбаев к, 16 8(71238)21324
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер к., Қаражанов к.,9 8(71234)22244
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау а., Ынтымақ к., 45 8(71231)20952
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино а., Ветстанция, 1 8(71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Ш. Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Өскемен қ., Крылов к., 40 8(7232) 259920, 254008 ф.
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қарауыл а., Баян к., 25 8(72252) 91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а 8(72237)33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка а., Совхозная к., 38 8(7222)91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха а., СТО, 4 8(72351)21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое а., Пирогов к., 6 8(72331)22870, 21552
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21 8(72347)65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қ., Стамбетова к., 10 8(72340)21393
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қ., Бриллин к, 55 8(72335)61718
Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым а,, Слямов к.,136 8(72341)21833
Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы Көкпекті а., Қабанбай к., 81 8(72348)21808
Күршім аудандық аумақтық инспекциясы Күршім а., Момышұлы к.,12 8(72339)31280
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат а., Қабанбай к., 24 8(72346)21405
Ұржар аудандық аймақтық инспекциясы Ұржар а., Калинин к., 1 8(72230)34739
Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы Молодежный кенті 8(72338)27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха а, Мичурина к., 21 8(72332)30630
Риддер аудандық аумақтық инспекциясы Риддер қ., Қонаев к., 40 8(72336) 40930
Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Семей қ., Павлодарская к., 106 8(72226)36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының аумақтық инспекциясы Тараз қ., Пушкин к., 140-б 8 (7262) 453362
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89 8 (72637) 22559, 21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса а., Промышленная к. 3 8(72633)21707, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы 080300 Б.Момышұлы а., 93 8(72635)21592, 21311
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай а., Жібек жолы к., 108 8(72636)42170, 26438
Меркі аудандық аумақтық инспекциясы Меркі а., Панфилов к., 6 8 (72632) 24888, 24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм а., Көшенов к., 5 8 (72642) 24820, 24970
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан а., Асылов к., 54 8(72631)21975, 21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент а., Асанов к., 7 8 (72639) 22052, 22130
Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17 8(72641)21446, 21169
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төле би а., Асатұлы к., 21 8(72638)32587, 32568
Тараз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Тараз қ., 12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер 8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Орал қ., Қ. Аманжолов к., 75 8(7112)515446, 507529
Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев а., Мендалиев к., 23 8(71136)92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қ., Советская к., 81/2 8(71133)21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайқын а., Жәнікешов к., 16 8(71140)21320
Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы Жаңақала а., Заправочная к., 2 8(71141)21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнібек а., Чурин к., 19 8(71235)21898
Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы Переметное а., Набережная к., 59 8(71130)22708
Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы Даринск а., Жеңістің 40 жылдығы к., 43 8(71131)21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов а., Ветстанция к., 1 8(71144)31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратөбе а., Құрманғали к., 13 8(71145)21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты а,, Қазақстан к., 15 8(71134)31267
Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы Тасқала а., Ветстанция к. 8(71139)21897
Теректі аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка а., Ленин к., 162 8(71132)21953
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108 8(71137)33155
Орал қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Орал қ., Конкин к., 5 8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Лобода к., 20 8(7212) 563595 567819 ф.
Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Прогресс к., 23 8(7212)437823
Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1 8(71032)26879
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қ., 3 ш.а., 42 үй 8(72131)44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай к., Оразалин к., 14 8(71037)21861
Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара а., Шопанай к., 3 8(72154)21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу к., Жамбыл к., 124 8(71030) 27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35 8(72146)31432
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка к., Ленин к., 2 а 8(72144) 22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров к., Шеткебұлақ к., 1 8(72149) 42072
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы к., Жезқазған к., 62 8(71031)22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау а., Бұлқышев к., 30 8(71035) 21204
Балқаш қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Балқаш қ., Желтоқсан к., 20 8(71036) 65426
Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Жезқазған қ., Балычная к., 16 8(71027) 60557
Теміртау қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Теміртау қ., 7 ш.а.., 55 үй 8(72139)88114
Саран қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Саран қ., Саран к., 2/1 үй 8(72137)25684

Қостанай облысы

Қостанай облысының аумақтық инспекциясы Қостанай қ., Гоголь к., 79 а 8(7142)501199
Алтынсары аудандық аумақтық инспекциясы Обаған қ., Строительная к., 2 8(71445)34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы Амангедді а., Б. Майлин к., 18 8(71440)21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48 8(71453)21072
Жангелді аудандық аумақтық инспекциясы Торғай а., Құлжановтар к., 66 8(71439)21580
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка а., Дорожная к., 1 8(71434)91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы Жітіқара қ., Д.Асанбаев к., 51 үй 8(71435)27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты а., Ленин к., 61 8(71437)22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық к., Космонавттар к., 16 8(71441)33285
Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу к., Исаков к., 66 8 (71452) 22062
Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затобольск к., Терешкова к., 13/1 8(71455)21463
Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской а., Алтынсарин к., 83 8(71443)21894
Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қарамеңді а., Шаяхметов к., 2 8(71454)21652
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкөл к., Миронов к., 1а 8 (71451) 22740
Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран а., Западная к., 3 8 (71436) 36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл а., Октябрдің 60 жылдығы к., 23 8(71444)21842
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоров а., Пушкин к., 56 8 (71442) 22150
Арқалық қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Арқалық қ., Абай даңғылы, 29 8 (71430) 70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының аумақтық инспекциясы Қызылорда қ, Мостовая 2 8(7242) 212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қ., М. Сәдібеков к.,118 8(72433) 21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы ауданы, Түктібаев к., 78 8(72438)23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101 8 (72437) 21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224 8(7243)131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93 8(72436)21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы Шиелі ауданы, Бөгенбай батыр к., 21 8 (72432) 43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорған ауданы, Мұсаханов к., 105 8(72435)22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының аумақтық инспекциясы Ақтау қ, 23 ш.а., 39-үй 8(7292)605040
Жаңаөзен қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8 8(7234)32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу к., Бизнес орталық 8(72932)21167
Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық а., Босан батыр к., 6 8(72937) 22330
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе к., Орталық кітапхана 8(72931)21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй 8 (72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облысының аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Крупская к., 71 8(7182)512078
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай а., ветеринарлық кешен 8(71841)21999
Ақсу қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Ақсу к., Вокзальная к., 17 8(71837)60742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл а., Әуезов к., 1 8(71840)91506
Железин аудандық аумақтық инспекциясы Железин а., Чкалов к., 21 8(71831)21154
Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы Ертіс а., Интернациональная к., 6 8(71832)21189
Качир аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234 8(71833)22394
Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжі а., Ыдырысханов к., 39 8(71839)21754
Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе қ, ветеринарлық кешен 8(71838)91654
Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Ленин к., 145 8(7182)324301
Успен аудандық аумақтық инспекциясы Успенка а, Терешкова к., 18 8(71834)91636
Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты а., ветеринарлық кешен 8(71836)21692
Екібастұз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Екібастұз қ., Геологическая к., 205 а 8(71873)36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы Петропавл қ., Казахстанская правда к., 66 8 (7152) 360141
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл а. Озерная к., 4 8(71533)21190
Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық а. Ветеринарная к., 1 8(71546)21562
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирнов а. Жұмабаев к., 3 8(71532)22489
Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишим а. Ауелбеков к., 34 8(71535)21640
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка а. Фурманов к., 12 8(71543)22485
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Преснов а. Интернациональная к., 35 8(71544)22855
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл а. Новая к., 20 8(71538)28177
Мағжан Жұмабаев аудандық аумаұтық инспекциясы Булаев а. Водопроводная к., 20 8(71531)22759
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют а. Больничный городок 8(71541)22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша а. Советская к., 191 8(71536)23037
Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязев а. Целинная к., 13 8(71537)20125
Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кішкенекөл а. С. Маліков к., 124 8(71542)22139
Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы. Сергеевка а. Степная к., 2 8(71534)21435

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы Шымкент қ., Қабанбай батыр к., нөмірсіз 8(7252)551417
Арыс қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Арыс қ., Төле-би к., нөмірсіз 8(72540) 21052, 21255 Ф.
Түркістан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Түркістан қ., Т.Мыңбасы к., 16 8(72533) 43052, 43167 ф.
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян а., Қадырбаев к., 32 8(72548) 22012, 21459 ф.
Қазығұрт аудандық аймақтық инспекциясы Қазығұрт а., Әуезов к., нөмірсіз 8(72539) 22889, 21405 Ф
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетісай қ., Маханбет к., 1 8(72534) 67344, 67250 Ф.
Отырар аудандық аумақтық инспекциясы Шәуілдір а, Жібек жолы даңғ., 17 8(72544) 21578, 21337ф.
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темірлан а., Қажымұқан к., нөмірсіз 8(72530) 21586, 21757 ф.
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу а., Панфилов к., нөмірсіз 8(72531) 20281, 20208 ф.
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қ., Майлы қожа к., 8(72537) 22890, 21413 Ф.
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1 8(72546) 42420, 41305 ф.
Төле би аудандық аумақтық инспекциясы Леңгір қ., Есенқұлов к., 55 8(72547) 61427, 62585 ф.
Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы Т. Рысқұлов а., Жантүров к., 17 8(72538) 52440 ф.
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қ., Қасымов к., 17 8(72535) 21309, 22369 ф.
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15 8(7272) 302792, 738776
Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қ., Фурманов к., 6 299278

 

  «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілерге Қазақстан Республикасының
ішінде қолданылатын және экспортқа
арналған ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

   Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы мақсаттық мәні

Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100

   

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)

100

   

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100

   

4. Шағымдану үдерісі

4.1.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

   

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus