Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы  ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй мекенжайы бойынша көрсетеді.

Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың кең ауқымына қол жетімді стандарт;

2) бағдарлама – 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарлама.

3) комиссия – Министрліктің құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет алушыларды – бағдарламаға қатысушыларды айқындау және субсидияларды бөлу үшін құрылатын комиссиясы;

4) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

5) тартылған консультант – халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағы 7) тармақшасының, 9-бабының
2-тармағы 2) тармақшасының және 11-бабының;

2) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының;

3) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 679 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ  Министрлікдегі стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

Министрлік мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты әлеуметті мемлекеттік қызмет алушыларға барлық қол жетімді тәсілдермен қосымша жеткізеді: ақпаратты құжаттарды қабылдау – тиісті жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімді көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ консалтингтік компанияларға жолдайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі субсидиялар не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының резиденттері және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7.  Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

мемлекеттік қызмет алушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша комиссияның шешім қабылдауы – мемлекеттік қызмет алушылардан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

Министрліктің мемлекеттік қызмет алушылардың шоттарына субсидияларды аударуы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген мерзімдерде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

3) өтінімді қайтару себептері көрсетілген негізделген жауапты ұсыну қызметі – комиссия отырысының хаттамасы жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізуі және оған (оларға) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі шығындарын субсидиялауға өтінімі;

2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылған кезде олардың көшірмелері;

3) қызметін біріккен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін бизнес сәйкестендіру нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе қызметін меншікті кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның ішінде дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылған кезде олардың көшірмелері;

4) мемлекеттік қызмет алушы мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы міндетті түрде ұсынылған кездегі оның көшірмесі не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) мемлекеттік қызмет алушы мен тартылған консультант (консультант тартылған жағдайда) арасында жасалған шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы міндетті түрде ұсынылған кездегі оның көшірмесі не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) тартылған консультант (консультант тартылған жағдайда) және мемлекеттік қызмет алушы қол қойған орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілердің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылған кезде оның (олардың) көшірмесі не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

7) сәйкестікті растау жөніндегі орган және мемлекеттік қызмет алушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілердің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылған кезде оның (олардың) көшірмелері не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

8) тартылған консультанттың (консультант тартылған жағдайда) және сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтері үшін мемлекеттік қызмет алушының ақы төлегені туралы мемлекеттік қызмет алушының қолы мен мөрі қойылған төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың көшірмелері не қызметтердің төленгенін растайтын өзге құжаттардың көшірмелері;

9) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылған кезде сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмелері.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін  Министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 1407-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-94 мекенжайы бойынша алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан комиссия хатшысына тапсырылады.

  1. 14.  Мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды тапсыруының растамасы тапсырылған құжаттардың тізілімі бар мемлекеттік қызмет алушының өтінімінің немесе ілеспе хатының көшірмесі немесе екінші данасы болып табылады, онда құжаттар мен өтінімді тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызмет нәтижесі – субсидиялар мемлекеттік қызмет алушының банктік шотына аударылады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес көлемде ұсыну, сондай-ақ осы стандарттың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімін бұзу болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Министірліктің лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Министрліктің  лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

5.  Шағымдану тәртібі

 

20. Министірліктің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 36-үй, 1034-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Министірліктің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефон: 8 (7172) 55-57-63, электронды пошта: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Министірліктен Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе Министірліктің  www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

 

__________________________

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу бағдарламасына қатысушылардың шығындырын субсидиялауға және оған (оларға) сәйкестігін сертификаттауға өтінім

 

 

20___жылғы «___» ___________

 

051 «Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін басқарма жүйесін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен өтінім берушінің мына №___________ есеп-шотына (банк атауы) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінен ________________________бағдарламасының қатысушысы осы өтінім арқылы ______________ теңге көлемінде қаржы аударуды  сұрайды.

 

_____________________________   м.о   ________________________________

(кәсіпорын атауы)                                  (бірінші басшының Т.А.Ә., қолы)

 

Өтінімге жауапты:_______________________

(өтінім толтырушының Т.А.Ә.)

Телефон:___________________

________________________________

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

 

    Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus