Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттк қызмет стандарты

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша көрсетеді.

Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) бағдарлама – тиісті қаржы жылына арналған 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының орнын толтыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы;

2) қаржы институттары – екінші деңгейлі банктер, банктік қызметті жүзеге асыру құқығына ие тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;

3) қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруақожалығын (фермерлік) қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға;

4) кредит (лизинг) – кредиттік келісім негізінде қаржы институтының қарыз алушыға берген ақша сомасы (лизинг мәні);

5) кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз (қаржы лизингі) шарты;

6) сыйақы ставкасы – қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері;

7) комиссия – Министрліктің бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындау және субсидиялауды бөлу үшін құрылған комиссиясы.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының;

2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
9 шілдедегі Заңының 9-бабы 2-тармақшасының және 11-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ  Министрліктегі стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

Министрлік тиісті құжаттар мен өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін, айқындауды өткізу және өтінімдері бар конверттерді ашу күнін көрсете отырып, қаржы институттарын айқындауды өткізу және қаржы институттарының өтінімдерін қабылдау туралы хабарламаны Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «жаңалықтар» бөлімінде  орналастыра отырып тиісті жылда көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қаржы институттарына  хабарлайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі субсидиялар не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет қарыз алушы болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

қаржы институттарын айқындау – айқындау рәсімін өткізген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

комиссияның ашу хаттамасын жасауы және қол қоюы – комиссия өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызмет алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау не субсидиялаудан бас тартуы және оның субсидиялар сомаларын бөлуі туралы комиссия отырысын (бұдан әрі – комиссия отырысы) өткізу – ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

комиссия отырысының хаттамасын жасау – комиссия отырысынан кейін он жұмыс күні ішінде;

бағдарламаға қатысқан қаржы институттарын комиссия отырысының нәтижелері туралы хабардар ету – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызмет алушыларға қаржы институттарының кредит беруі – комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

Министрлік пен қаржы институттары арасында субсидиялау шарттарын жасасу – қаржы институттары мемлекеттік қызмет алушыларға кредит бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

қаржы институттарының шоттарына Министрліктің субсидияларды аударуы – субсидиялау шарттарын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көрсетілген мерзімдерде құрайды;

мемлекеттік қызмет алушылардың шоттарына қаржы институттарының субсидияларды аударуы мемлекеттік қызмет алушылар қаржы институтына тиісті кезеңге сыйақы ставкасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ  уақыты – отыз минуттан спау керек.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Қаржы институттарын айқындау және субсидиялар сомасын бөлу үшін қаржы институттары Министрлікке мыналарды ұсынады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаның (қаржы институтының) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа);

3) тиісті жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:

1) кредитті (лизингі) өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен мемлекеттік қызмет алушы арасында жасалған кредиттік келісімнің және (немесе) алдын ала кредиттік келісімінің қаржы институты куәландырған көшірмесі;

2) кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын тиісті құжаттардың (шарттар, келісімшарттар, актілер) қаржы институты куәландырған көшірмелері;

3) қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің меншікті өндірісінің көлемі туралы мемлекеттік қызмет алушының анықтамасы;

4) кредит (лизинг) алғаны туралы мемлекеттік қызмет алушының несие шотынан алынған үзіндінің қаржы институты куәландырған көшірмесі немесе қарызды, лизинг мәнін алғанын растайтын құжат;

5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының қысқаша сипаттамасы;

6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;

7) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының әрбір кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі;

8) мемлекеттік қарыз алушының салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысанындағы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні айқындау өткізілген күннің алдындағы үш айдан артық болмауы, оған осы салық органының мөрімен бірге бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылуы тиіс;

9) комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушымен кредиттік келісімдер жасасуы және мемлекеттік қызмет алушыларға кредит беруі туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі;

10) өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда басқа тұлғаның қол қою құқығы берілген сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, мемлекеттік қызмет алушының анықтамасына мемлекеттік қызмет алушының бірінші басшысы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсететін қаржы институты (немесе оның филиалы) растайды (қаржы институтының бірінші басшысының қолы және мөрі). Мемлекеттік қызмет алушының қысқаша сипаттамасының, мемлекеттік қызмет алушы жобасының қысқаша сипаттамасының, сыйақы есебінің, анықтамасының көшірмесі немесе сканерленген көшірмесі ұсынылған жағдайда олар қаржы институтының түпнұсқа мөрімен және соған уәкілеттік берілген тұлғаның қолымен куәландырылады.

Өтінім мен барлық қоса берілетін құжаттар бір пакетке тігілуі, беттері нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағындағы жіптің ұшы «__ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 201_ жылғы «___» ______» деген сөздер жазылған қағаз жапсырылуы, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жеке құжаттардың болуына жол берілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бірден артық өтінім берген жағдайда барлық өтінімдер ретімен нөмірленуге жатады.

Қаржы институты бір уақытта бірнеше өтінімді ұсынған жағдайда қаржы институты бір уақытта басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттары тиісті өтінімге қоса берілгендігі туралы қаржы институтының құжатын қоса беріп, өтінімдердің біріне осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

Заңды тұлғаның (қаржы институтының) БСН көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің және банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының (лизингтік компаниялардан басқа) нотариалды  куәландырылған көшірмелерін қаржы институттары бөлек мөрмен жабылған конвертте ұсынады, онда:

1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы;

2) Министрліктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары
көшесі, 36-үй, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
1402-кабинет;

3) мынадай:

039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау»;

«Қаржы институттарын айқындауды өткізгенге дейін ашылмасын» деген сөздер көрсетіледі.

Құжаттар тапсырудың түпкі мерзімі – қаржы институттарын айқындауды өткізу күні 12 сағат 00 минутқа дейін.

12. Осы стандартқа барлық қосымшалардың бланкілерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
1402-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-79, электронды поштасы: wool@minagri.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан комиссия хатшысына тапсырылады.

14. Қаржы институты құжаттарды тапсыруының растамасы тапсырылған құжаттардың тізілімі бар қаржы институты өтінімінің немесе ілеспе хатының көшірмесі немесе екінші данасы болып табылады, онда құжаттар мен өтінімді тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызмет нәтижесі – субсидиялар мемлекеттік қызмет алушының банктік шотына аударылады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;

2) мемлекеттік қызмет алушыда салық органының анықтамасын беру күніне мерзімі өткен (3 айдан артық) салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;

3) мемлекеттік қызмет алушының ауыл шаруашылығын қолдауға берілген кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасын тиісті жылға бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленетін субсидиялауға жататын басым бағыттарға сәйкес болмауы, кредиттің (лизингтің) мақсатты бағыттары жөніндегі талаптарға сәйкес болмауы, кредит (лизинг) сомасының сыйақы ставкасының мөлшеріне, лимитке сәйкес болмауы;

4) қаржы институтының өтініміне қоса берілетін және осы стандарттың 11-тармағының 1)–7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарда мемлекеттік қызмет алушы, қаржы институты мөрінің және (немесе) қолының болмауы болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Министірліктің лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыстың нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Министрліктің  лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Министірліктің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 36-үй, 1034-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Министірліктің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Министірлікте Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 1402-кабинет, телефон: 8 (7172)
55-57-79 мекенжайы бойынша немесе Министірліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

 

___________________

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттік  қызмет стандартына
1-қосымша

ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» ________ №____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын қарап, _______________

____________________________________________________________________                                 (қаржы институтының толық атауы)

cубсидияларды алуға 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.

Осы өтінім қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтерді қамтиды

Р/с

Заңды тұлғаның,
кәсіпорынның
толық атауы

Мекен-жайы

Негізгі
қызмет
түрі

Кредиттің
мақсаты

Кредит
сомасы,
млн теңге

Кредиттің қолданылу мерзімі, ай

             

 

Бірінші басшы   __________________     (Т.А.Ә)

                                             (қолы)

М.О. (Күні)

______________________________________

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттік  қызмет стандартына
2-қосымша

Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*

 

  1. Толық атауы, ұйымдастырушының-құқықтық нысаны______________________________________________________________

2. Меншік нысаны _______________________________________________

3. Заңды, нақты және электрондық мекенжайлары, телефондары, факс нөмерлері____________________________________________________________

4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (ЖСН), куәлікті берген орган (нөмірі, күні мен берілген орны)_________________________________________

5. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары __________

____________________________________________________________________

6. Негізгі қызмет түрлері (ӘҚЖЖ бойынша), кәсіпорынның қуаты_______

____________________________________________________________________
7. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың өнімділігі  (ауысымда тонна, литр, дана) ______________________________

____________________________________________________________________

8. 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар алуға қаржы институттары берген кредиттер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде және басқа сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламаларына  қатыспаған.

 

Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

(лауазымы)                                       (қолы)

М.О. (күні)

__________________________________________туралы мәліметтерді **
(кәсіпорынның атауы)

растаймын:_________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)

(қолы)

 

Ескертпе:
* Әрбір қарыз алушы бойынша жеке толтырылады

** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға қызмет көрсетлетін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттік  қызмет стандартына
3-қосымша

Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*

  1. Қарыз алушының атауы______________________________________
  2. Кредиттің (лизинг) сомасы, теңге/АҚШ  долл./евро____________________________________________________

3.  Кредит (лизинг) беру мерзімі, айы_______________________________

4.  Сыйақы ставкасы, %___________________________________________

5.  Жобаның мақсаты_____________________________________________

 

Р/с

Сатып алынатын
ауыл шаруашылығы
шикізатының, материалының жабдықтарының және т.б. атауы

Бағасы

Саны

Сомасы

         
         

Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

(лауазымы)                                       (қолы)

М.О. (күні)

 ______________________________________________ туралы мәліметтерді **

                                  (кәсіпорынның атауы)

растаймын:_______________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)

(қолы)

Ескертпе:

* Қарыз алушының әрбір кредиті бойынша жеке толтырылады

** Мәліметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет көрсететін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттік  қызмет стандартына
4-қосымша

 

Қаржы институты субсидиялауға берген

кредит бойынша сыйақы есептемесі

_______жылғы__________№_______

(кредиттік келісім/шарттың нөмірі және күні)

 

 

Айы

Кредиттің сомасы/2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты кредит (лизинг) бойынша несие берешегінің қалдығы, теңге/АҚШ долл./евро

Кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері %

Негізгі

борышты өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Сыйақыны өтеу сомасы, теңге/ АҚШ долл./евро

Бірінші

 

 

 

Екінші

 

 

 

Үшінші

 

 

 

Төртінші

 

 

 

Бесінші

 

 

 

Алтыншы

 

 

 

Жетінші

 

 

 

Сегізінші

 

 

 

Тоғызыншы

 

 

 

Оныншы

 

 

 

Он бірінші

 

 

 

Он екінші

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

Қаржы институты филиалының

бірінші басшысы _____________________________(қолы, Т.А.Ә.)

Күні М.О.

Кәсіпорынның бірінші басшысы __________________(қолы, Т.А.Ә.)

Күні М.О.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»
мемлекеттік  қызмет стандартына
5-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың  %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

____________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus