Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабы 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 қазандағы
№ 1084 қаулысымен
бекітілген

 

   «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

 

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) және 15) тармақшаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімдіділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу ережелері (бұдан әрі — Ереже) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» деген кіші бөлімде, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан немесе жергілікті баспасөзде жарияланады.
5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) техникалық байқаудан өткізу көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады және мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе көшірмесі беріледі.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өткен машиналарға машиналарды мемлекеттік техникалық байқау журналына «Ақаусыз» деген жазба жасалады және байқаудан өткен жылын көрсете отырып Мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі, ол аумақтық инспекцияның инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі барынша рұқсат етілетін күту уақыты 40 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 40 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған орындық, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады). Аумақтық инспекция ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталады.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: заңды тұлғалар үшін:
1) машинаның маркасы және моделі, шыққан жылы, қозғалтқыштың зауыттық нөмірі, мемлекеттік нөмірлік белгінің сериясы және нөмірі көрсетілген теңгерімде тұрған машиналардың тізімі;
2) машинаның тіркеу құжаттары (техникалық паспорт);
3) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машиналарды мемлекеттік техникалық байқау актісі (2 дана);
жеке тұлғалар үшін:
1) азаматтық жеке басын куәландыратын құжат;
2) азаматқа тұлғаның мүддесін білдіру өкілеттігі берілгендігін куәландыратын құжат (сенім хат);
3) бар болған жағдайда, рұқсат етілген белгілері бар тракторист-машинисттің куәлігі;
4) машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
5) көлік құралдарына салық төлегенін растайтын немесе көлік құралдарының салық телеуден босатылғанын растайтын құжат.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш еркін нысанда беріледі.
13. Машинаны жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу үшін тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайы бойынша аумақтық инспекцияға баруы қажет.
14. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезінде өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тегі, күні, кіріс нөмірі көрсетіліп өтініштің көшірмесінде өтінішті тіркелгені жөнінде белгі қойылады және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетіледі.
16. Мемлекеттік қызмет тұтыныушының өзінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіздер:
1) осы стандарттың 1-тармағында санамаланған құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну;
2) машинаның техникалық жай-күйінің шығарушы зауыт нұсқауына немесе машиналарға қойылатын бекітілген техникалық талаптарға, еңбек қауіпсіздігі туралы мемлекеттік стандартқа сәйкес келмеуі;
3) өзіне тиесілі машиналарды иелерінің олардың техникалық жай-күйін байқау үшін ұсынбауы;
4) тіркеу мәліметтерінен айырмашылықтар тапқанда, техникалық паспортта машина мен двигательдің зауыттық нөмірлері, мемлекеттік нөмір белгілері жасанды өзгерілген болса.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Мемлекеттік қызмет көрсетуші аумақтық инспекцияның мамандары өз қызметінде:
1) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, оның ішінде көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
2) сыпайы және әдепті болуға;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауға;
4) қызметті тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда маманның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін мекен-жайы осы стандарттың 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекция анықтайды.
22. Тұтынушы көрсетілген қызметтің нәтижелеріне келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына мына мекен жай бойынша: 010000, Астана қ, Кеңесары көшесі, 36, каб. 701, тел. (8-7172) 555-761, www.tehnika.@minagri.kz, жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін шағым жасауға құқылы.
23. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына мына мекен-жайы бойынша: 010000, Астана қ, Кеңесары көшесі, 36, каб. 202, тел. (8-7172) 555-963, www.minagri.gov.kz, жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін шағым беріледі.
23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
24. Шағым жазбаша түрде ресімделеді.
25. Өтініш берушіге оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшін өтінішінің көшірмесіне кіріс нөмірін, мерзімін, шағымды қабылдаған тұлғаның тегін аты-жөнін, тиісті кеңсенің байланыс телефонын, сонымен қатар жауапты алатын жері мен уақытын көрсете отырып мөртаңба қойылады.
Қабылданған арыз келіп түскен уақытынан бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабардар етіледі.
26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген техинспекция кеңсесінен алуына болады.

 

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік байқаудан өткізу
бойынша мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша

 

   Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

 

 

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы Көкшетау қ. Абай к.,89 8(7162)401494
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81 8(71638)21100, 22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы к-ті, Комсомол к., 3 8(71644)22483, ф.21634
Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астраханка а., Әл-Фараби к., 49 8(71641)22808, 22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қ., Жеңіс к.,67 ф. 8(71643) 42902, 41388
Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қ., Углинский к., 42 8(71646)21530, ф. 21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы Егіндікөл а., Жеңіс к.,7 8(71642)21965, ф.21334
Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қ., Рысқұлов к.,2 8(71639)21154, ф.21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау қ., Степная к., 1 8(71633)23770, ф.23798
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Есіл қ., Мырзашев к., 96а 8(71647)29387, 21437, ф. 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы а., Тұқтыбаев к.,1 8(71635)21168, ф.21672
Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы Державинск қ., Ленин к.,24 8(71648) 91437, 91336
Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы Зеренді а., Ленин к., 23 а 8(71632) 21250, ф.22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын а., Абай к.,72 8(71637)21869, ф.21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балхашино а., Ленин к., 126 а 8(71640)91674, ф.92200
Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмола а., Гагарин к., 14 8(71651)31153, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды қ., Зеленый айналымы, 5 8(71631) 22520, 21744
Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қ. Железнодорожная к., 105 8(71636)36236
Степногор қалалық аумақтық инспекциясы Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй 8(71645) 64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ., Смағұл к, 11 8(7132)244089, ф.241819
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольское а, Құлымбет к, 6 8(71339)21712; 21182; 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қ, Тамды к, 1 8(71337)31475; ф.31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин қ, Метеостанция к, 33 8(71345)22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз қ, Барысбай к, 7 8(71343)21643; 21848
Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы Батамша қ, Әйтеке би к, 40 8(71342)23106; 23156
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда қ, Алиата к, 21 8(71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк қ, Панфилов к, 50 8(71331)22778; 21747
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы Қандыағаш қ., Қалиев к., 14 8 (71333)35550
Темір аудандық аймақтық инспекциясы Шұбарқұдық қ., Желтоқсан к., 5 8 (71346) 22152; 23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл қ., Бақаев к., 6 8(71332)21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қ., Спортивная к., 2 8(71336)21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қ., Үргенішбаев к., 26 8 (71335) 21748
Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы Ақтөбе қ., Иманов к.,33 8(7132)962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Лесная к. 1 8 (7282)261297
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгіров қ., Сәтпаев к. 2 8(72832)21315
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қ., Шуақов к., 30 8(72833)21455
Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас қ., Бижанов к.,4 8(72773)91466
Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есік қ., Пугачев к., н-з 8(72775)41879
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұлақ қ., Оразбек к.,52 8(72836)30130
Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы Ұзынағаш а., Сәтпаев к., 117 8(72770)22731
Іле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген батыр к., Титов к., 33 а 8(72752)22286
Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелең қ., Тәуелсіздікке 10 жыл к.,23 8(72771)23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қ., Оспанов к., 8 8(72834)21849
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек к, Рысқұлов к.,20 8(72840)31280
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би к., Сейфуллин к., 5 8(72838)20565
Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы Жаркент қ.., Иванов к., 94 8(72831)51034
Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген а., Лебаев к., 43 8(72777)21911
Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6 8(72839)21089
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қ., Абылай хан к., 98 20783
Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119 8(72778)21800
Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Қабліс жырау к., 207 8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а 8(7122)282941; 292071
Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы Құлсары қ., 8-учаске 8(71237) 55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат к., Орталық алаң, 2 8(71239)31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет а., Ветстанция, 1 8(71236)30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы а., Құттыбаев к.,16 8(71238)21324
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер к., Қаражанов к.,9 8(71234)22244
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау а., Ынтымақ к.,45 8(71231)20952
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино а., Ветстанция, 1 8(71233)23063

Шығыс Қазақстан облысы

Ш. Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өскемен қ., Крылов к., 40 8(7232) 259920, 254008 ф.
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қарауыл а., Баян к., 25 8(72252)91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а 8(72237)33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка а., Совхозная к., 38 8(7222)91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха а., СТО, 4 8(72351)21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое а., Пирогов к., 6 8(72331)22870, 21552
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21 8(72347)65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қ., Стамбетова к., 10 8(72340)21393
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қ., Бриллин к,55 8(72335)61718
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым а., Слямов к.,136 8(72341)21833
Кокпекті аудандық аумақтық инспекциясы Көкпекті а., Қабанбай к.,81 8(72348)21808
Күршім аудандық аумақтық инспекциясы Күршім а., Момышұлы к.,12 8(72339)31280
ТарбағатаЙ аудандық аумақтық ииспекциясы Ақсуат а., Қабанбай к., 24 8(72346)21405
Үржар аудандық аймақтық ииспекциясы Үржар а., Калинин к.,1 8(72230)34739
Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы Молодежный кенті 8(72338)27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха а, Мичурина к., 21 8(72332)30630
Риддер аудандық аумақтық инспекциясы Риддер қ., Қонаев к.,40 8(72336)40930
Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Семей қ., Павлодарская к., 106 8(72226) 36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қ., Пушкин к., 140-б 8 (7262) 453362
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89 8 (72637) 22559, 21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса а., Промышленная к. 3 8(72633)21707, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы 080300 Б.Момышұлы а.,93 8(72635)21592, 21311
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай а., Жібек жолы к., 108 8(72636)42170, 26438
Меркі аудандық аумақтық инспекциясы Меркі а., Панфилов к., 6 8 (72632) 24888, 24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм а., Көшенов к., 5 8 (72642) 24820, 24970
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан а., Асылов к.,54 8(72631)21975, 21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент а., Асанов к.,7 8 (72639) 22052, 22130
Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17 8 (72641)21446, 21169
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төле би а., Асатұлы к.,21 8 (72638) 32587, 32568
Тараз қалалық аумақтық инспекциясы Тараз қ.,12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер 8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Орал қ., Қ. Аманжолов к.,75 8(7112)515446, 507529
Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев а., Меңдалиев к.,23 8(71136)92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қ., Советская к., 81/2 8(71133)21710
Бекейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайқын а., Жәнікешов к., 16 8(71140)21320
Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы Жаңақала а., Заправочная к., 2 8(71141)21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнібек а., Чурин к., 19 8(71235)21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Переметное а., Набережная к., 59 8(71130)22708
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Даринск а., Жеңістің 40 жылдығы к.,43 8(71131)21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов а., Ветстанция к., 1 8(71144)31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратебе а., Құрманғали к., 13 8(71145)21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты а., Қазақстан к., 15 8(71134)31267
Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы Тасқала а., Ветстанция к. 8(71132)21953
Теректі аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка а., Ленин к., 162 8(71132)21953
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108 8(71137)33155
Орал қалалық аумақтық инспекциясы Орал қ., Конкин к., 5 8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Лобода к., 20 8(7212) 563595 567819 ф.
Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Прогресс к., 23 8(7212)437823
Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1 8(71032)26879
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қ., 3 ш.а.., 42 үй 8(72131)44560
Ақтоғай аудандық аумақтық ииспекциясы Ақтоғай к., Оразалин к., 14 8(71037)21861
Бұқар жырау аудандық аумақтық ииспекциясы Ботақара а., Шопанай к.,3 8(72154)21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық ииспекциясы Атасу к., Жамбыл к., 124 8(71030) 27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35 8(72146)31432
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка к., Ленин к., 2 а 8(72144)22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров қ., Шеткебұлақ к., 1 8(72149)42072
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы к., Жезқазған қ., 62 8(71031)22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау а., Бұлқышев к.,30 8(71035) 21204
Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы Балқаш қ., Желтоқсан к.,20 8(71036)65426
Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы Жезқазған қ., Балычная к., 16 8(71027)60557
Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы Теміртау қ., 7 ш.а.., 55 үй 8(72139)88114
Саран қалалық аумақтық инспекциясы Саран қ., Саран к., 2/1 үй 8(72137)25684

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Қостанай қ., Гоголь к., 79 а 8(7142)501199
Алтынсары аудандық аумақтық инспекциясы Обаған а., Строительная к., 2 8(71445)34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы Амангелді а., Б. Майлин к., 18 8(71440)21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48 8(71453)21072
Жангелді аудандық аумақтық инспекциясы Торғай а., Құлжановтар к., 66 8(71439)21580
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка а., Дорожная к., 1 8(71434)91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы Жітіқара қ., Д.Асанбаев к., 51 үй 8(71435)27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты а., Ленин к.,61 8(71437)22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық қ., Космонавттар к., 16 8(71441)33285
Карасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу қ., Исақов к., 66 8(71452)22062
Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затобольск қ., Терешкова к., 13/1 8(71455)21463
Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской а., Алтынсарин к., 83 8(71443)21894
Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы Қарамеңді а., Шаяхметов к., 2 8(71454)21652
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкөл қ., Миронов к., 1 а 8(71451)22740
Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран а., Западная к., 3 8(71436)36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл а., Октябрдің 60 жылдығы к., 23 8(71444)21842
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоров а., Пушкин к., 56 8(71442)22150
Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы Арқалық қ., Абай даңғылы, 29 8(71430)70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Қызылорда қ., Мостовая к., 2 8(7242) 212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қ., М. Сәдібеков к., 118 8(72433)21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы ауданы, Түктібаев к., 78 8 (72438) 23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101 8(72437)21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224 8(7243)131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93 8(72436)21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы Шиелі ауданы, Бөгенбай батыр к., 21 8 (72432) 43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорған ауданы, Мұсақанов к., 105 8(72435)22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Ақтау қ., 23 ш.а., 39-үй 8(7292) 605040
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8 8(7234) 32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу к., Бизнес орталық 8(72932)21167
Қарақия аудандық аумақтық ииспекциясы Құрық а., Босан батыр к., 6 8(72937) 22330
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе к., Орталық кітапхана 8(72931)21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй 8 (72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Крупская к., 71 8(7182)512078
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай а., ветеринарлық кешен 8(71841)21999
Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы Ақсу қ., Вокзальная к., 17 8(71837)60742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл а., Әуезов к., 1 8(71840)91506
Железин аудандық аумақтық инспекциясы Железин а., Чкалов к., 21 8(71831)21154
Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы Ертіс а., Интернациональная к.,6 8(71832)21189
Качир аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234 8(71833)22394
Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжі а., Ыдырысханов к., 39 8(71839)21754
Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе қ., ветеринарлық кешен 8(71838)91654
Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Ленин к., 145 8(7182)324301
Успен аудандық аумақтық инспекциясы Успенка а, Терешкова к, 18 8(71834)91636
Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты а, ветеринарлық кешен 8(71836)21692
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы Екібастұз қ, Геологическая к, 205 а 8(71873)36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Петропавл қ, Казахстанская правда к, 66 8(7152)360141
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл а. Озерная к, 4 8(71533)21190
Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық а. Ветеринарная к, 1 8(71546)21562
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирнов а., Жұмабаев к, 3 8(71532)22489
Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишим а. Ауелбеков к, 34 8(71535)21640
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка а. Фурманов к, 12 8(71543)22485
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Преснов а. Интернациональная к, 35 8(71544)22855
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл а. Новая к, 20 8(71538)28177
Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы Булаев а. Водопроводная к, 20 8(71531)22759
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют а. Больничный городок 8(71541)22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша а. Советская к, 191 8(71536)23037
Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязев а. Целинная к, 13 8(71537)20125
Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кішкенекөл а. С. Маликовк, 124 8(71542)22139
Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы Сергеевка а. Степная к, 2 8(71534)21435

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Шымкент қ, Қабанбай батыр к, нөмірсіз 8(7252)551417
Арыс қалалық аумақтық инспекциясы Арыс қ., Төле би к., нөмірсіз 8(72540) 21052, 21255ф.
Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы Түркістан қ., Т.Мыңбасы к., 16 8(72533) 43052, 43167ф.
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян а., Қадырбаев к.,32 8(72548) 22012, 21459ф.
Қазығұрт аудандық аймақтық ииспекциясы Қазығұрт а., Әуезов к., нөмірсіз 8(72539) 22889, 21405 ф.
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетісай қ., Маханбет к.,1 8(72534) 67344, 67250 ф.
Отырар аудандык аумақтық инспекциясы Шәуілдір а, Жібек жолы даңғ., 17 8(72544) 21578, 21337ф.
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темірлан а., Қажымұқан к., нөмірсіз 8(72530) 21586, 21757ф.
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу а., Панфилов к., нөмірсіз 8(72531) 20281, 20208 ф.
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қ., Майлы қожа к., 8(72537) 22890, 21413 ф..
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1 8(72546) 42420, 41305ф.
Төле би аудандық аумақтық инспекциясы Леңгір қ., Есенқұлов к., 55 8(72547) 61427, 62585 ф.
Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы Т. Рысқұлов а., Жантұров к., 17 8(72538)52440 ф.
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қ., Қасымов к., 17 8(72535) 21309, 22369 ф.

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15 8(7272) 302792, 738776

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қ., Фурманов к., 6 299278

 

  Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылы5ы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары і арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік байқау өткізу бойынша
мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

 

 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)      

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)      

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)      

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)      

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus