Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы
8) тармақшасының және «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурсында, сондай–ақ сараптамалық ұйымдағы стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығыштағы тұқымның сапасы туралы құжат – тұқымның кондициялығы туралы куәлік немесе тұқымды талдау нәтижесі, ал тұқымдық картопқа – түйнектік талдау актісі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет тұқым өндіру және өткізу саласында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

өнімділікке тұқым отырғызу үшін – мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды тапсырған сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес;

тұқымның өнімділігін анықтау үшін – ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне қарай қолданыстағы мемлекеттік стандартта белгіленген мерзімдерде;

мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін беру
үшін – тұқымның өрімділігі анықталған күннен бастап жеті күнтізбелік күннен артық емес;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тұқым сынамаларын іріктеу актісін ресімдеудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру мерзімі – осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды сараптамалық ұйым қабылдаған сәтте құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) тұқым сынамаларын іріктеу актісі;

2) тұқым сынамасы;

3) тұқымның сорттық сапасын растайтын құжаттардың (тұқым аттестаты, тұқым куәлігі, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін байқаудан өткізу актісі) көшірмелері.

Мемлекеттік қызмет алушының өтінімі бойынша себуге арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеуді сараптамалық ұйымның аттестатталған тұқым сарапшысы жүргізе алады.

12. Тұқым сынамаларын іріктеу актісінің бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның және www.kazagrex.kz интернет-ресурстарынан немесе сараптамалық ұйымның кеңсесінде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.

13. Мемлекеттік қызмет алушының құжаттары мен материалдары сараптамалық ұйымның кеңсесіне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер жоқ.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17.  Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

         18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19.  Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағым беру тәртібі

20. Сараптамалық ұйымның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайы бойынша орналасқан сараптамалық ұйымның заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 36-үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-59-61 мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым сараптамалық ұйым басшысының атына осы стандартқа 1 -қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты сараптамалық ұйымның кеңсесінде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz және www.kazagrex.kz интернет-ресурсынан ала алады.

 

_____________________________

«Тұқым сапасына сараптама жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

 

«ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамының және оның филиалдарының мекенжайлары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон

нөмірі

«ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы Астана қсы,  Республика длы, 64/3үй тел.: 8 (7172) 397647
Алматы облыстық филиалы Талдықорған қ-сы, Балпыкби ксі, 84үй тел.: 8 (7282) 270185
Актөбе облыстық филиалы Актөбе қ-сы, Заводская к-сы, 21үй тел.: 8 (7132) 213555
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қ-сы, Ушанов к-сы, 27үй тел.: 8 (7232) 260891
Жамбыл облыстық филиалы Тараз қ-сы, Абай к-сы, 164үй тел.: 8 (7262) 462662
Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал қ-сы, Толстой к-сы, 48үй тел.: 8 (7112) 505629
Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды қ-сы, Резник к-сы, 14аүй тел.: 8 (7212) 512051
Қостанай облыстық филиалы Қостанай қ-сы, Дулатов к-сы, 68аүй тел.: 8 (7142) 540769
Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда қ-сы,  Байтұрсынов к-сы, 42-32үй тел.: 8 (7242) 271712
Павлодар облыстық филиалы Павлодар қ-сы, Победа алаңы,  17үй тел.: 8 (7182) 321794
Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Петропавловск қ-сы, Ульянов к-сы, 59үй тел.: 8 (7152) 344446
Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Шымкент қ-сы, Майлы қожа к-сы, 203үй тел.: 8 (7252) 577741

________________________

«Тұқым сапасына сараптама жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

 

        Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

________________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus