Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – инспекциялар) осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 18-бабы
2-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай–ақ инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен қағаз тасығыштағы үзінді болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – екі жұмыс күні ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар инспекция қабылдаған сәтте құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

 

  1. 2.     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш;

2) техникалық паспорттың көшірмесі;

3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

5) мемлекеттік қызмет алушы өкілінің өкілеттерін куәландыратын құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжаттарды өкіл тапсырған жағдайда).

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1 қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселеріне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер жоқ.

 

  1. 3.           Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыстың нәтижелері

 

         18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін инспекциялардың жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

  1. 5.                 Шағымдану тәртібі

 

20. Инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан  инспекциялардың заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 703-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-59-61, электронды поштасы: tehnika@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан  ала алады.

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Көкшетау қ-сы,  Абай к-сі, 89-үй тел.: 8(7162)401494
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қ-сы, Ңұрмағамбетов к-сі, 81-үй тел.: 8(71638)21100,
22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы кенті,

Комсомольская к-сі, 3-үй

тел.: 8(71644)22483, факс: 8(71644)21634
Астрахан  аудандық аумақтық инспекциясы Астрахан ауылы,

Әл-Фараби к-сі, 49-үй

тел.: 8(71641)22808, 22286
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қ-сы, Жеңіс к-сі, 67-үй тел.: 8(71643) 42902,

факс: 8(71643) 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қ-сы, Углинский к-сі, 42-үй тел.: 8(71646)21530, факс: 8(71646)21009
Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі,

7-үй

тел.: 8(71642)21965, факс: 8(71642)21334
Енбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қ-сы, Рысқұлов к-сі,

2-үй

тел.: 8(71639)21154, факс: 8(71639)21512
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау қ-сы,

Степная к-сі, 1-үй

тел.: 8(71633)23770, факс: 8(71633)23798
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Есіл қ-сы, Мырзашев к-сі, 96а-үй тел.: 8(71647)29387, 21437, факс: 8(71647)21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы ауылы, Тұқтыбаев к-сі,

1-үй

тел.: 8(71635)21168, факс: 8(71635)21672
Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы Державинск қ-сы, Ленин к-сі,

24-үй

тел.: 8(71648)91437, 91336
Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы Зеренді ауылы, Ленин к-сі,

23а-үй

тел.: 8(71632)21250, факс:22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын ауылы,  Абай к-сі, 72-үй тел.: 8(71637)21869, факс: 8(71637)21236
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балқашин ауылы, Ленин к-сі, 126 а-үй тел.: 8(71640)91674,

факс: 8(71640)92200

Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмола ауылы, Гагарин к-сі,

14-үй

тел.: 8(71651)31153, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды кенті,

Зеленый орамы, 5-үй

тел.: 8(71631)22520, 21744
Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қ-сы,

Железнодорожная к-сі, 105-үй

тел.: 8(71636)36236
Степногорск қалалық аумақтық инспекциясы Степногорск қ-сы, 2 ш.а., 16-үй тел.: 8(71645)64997, факс: 8(71645)61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ-сы, Сымағұл к-сі,

11-үй

тел.: 8(7132)244089, факс: 8(7132)241819
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольский ауылы, Құлымбет к-сі, 6-үй тел.: 8(71339)21712; 21182; 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қ-сы, Тамды к-сі, 1-үй тел.: 8(71337)31475; факс: 8(71337)31475
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин кенті,

Метеостанция к-сі, 33-үй

тел.: 8(71345)22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз кенті, Барысбаев к-сі,

7-үй

тел.: 8(71343)21643; 21848
Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы Батамша кенті, Әйтеке би к-сі, 40-үй тел.: 8(71342)23106; 23156
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда кенті, Әли ата к-сі, 21-үй тел.: 8(71341) 21122
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк кенті, Панфилов к-сі,

50-үй

тел.: 8(71331)22778; 21747
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы Қандыағаш қ-сы, Қалиев к-сі,

14-үй

тел.: 8(71333)35550
Темір аудандық аумақтық инспекциясы Шұбарқұдық кенті,

Желтоқсан к-сі, 5-үй

тел.: 8(71346)22152; 23217
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл кенті, Бақаев к-сі, 6-үй тел.: 8(71332)21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қ-сы, Спортивная к-сі, 2-үй тел.: 8(71336)21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қ-сы, Ургенiшбаев к-сі, 26-үй тел.: 8(71335)21748
Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ-сы, Иманов к-сі, 33-үй тел.: 8(7132)962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ-сы, Лесная к-сі,

1-үй

тел.: 8(7282)261297
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгіров кенті, Сатпаев к-сі, 2-үй тел.: 8(72832)21315
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қ-сы, Шуақов к-сі, 30-үй тел.: 8(72833)21455
Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас ауылы, Бижанов к-сі,

4-үй

тел.: 8(72773)91466
Еңбекші қазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есік қ-сы, Пугачев к-сі тел.: 8(72775)41879
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұлақ кенті, Оразбеков к-сі, 52-үй тел.: 8(72836)30130
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынағаш ауылы, Сатпаев к-сі, 117-үй тел.: 8(72770)22731
Іле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген Батыр кенті, Титов к-сі, 33 а-үй тел.: 8(72752)22286
Қарасай  аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қ-сы,

Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23-үй

тел.: 8(72771)23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қ-сы, Оспанов к-сі, 8-үй тел.: 8(72834)21849
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек кенті, Рысқұлов к-сі, 20-үй тел.: 8(72840)31280
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би кенті,

Сейфуллин к-сі, 5-үй

тел.: 8 (72838) 20565
Панфилов  аудандық аймақтық инспекциясы Жаркент қ-сы, Иванов к-сі, 94-үй тел.: 8(72831)51034
Райымбек  аудандық аумақтық инспекциясы Кеген ауылы, Лебаев к-сі, 43-үй тел.: 8(72777)21911
Сарқанд  аудандық аумақтық инспекциясы Сарқанд қ-сы,

Қабанбай Батыр к-сі, 6-үй

тел.: 8(72839)21089
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қ-сы, Аблайхан к-сі,

98-үй

тел.: 8(72774)20783
Ұйғыр  аудандық аумақтық инспекциясы Шонжы ауылы,

Құдайбергенов к-сі, 119-үй

тел.: 8(72778)21800
Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы Талдықорған қ-сы,

Қабліс жырау к-сі, 207-үй

тел.: 8(7282)301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Атырау қ-сы, Лесхоз ш.а., 49а-үй тел.: 8(7122)282941
Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы Құлсары қ-сы, 8 бөлімше тел.: 8(71237)55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат кенті, Орталық алаң, 2-үй тел.: 8(71239)31110
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет ауылы, Ветстанция,

1-үй

тел.: 8(71236)30210
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы ауылы, Құттыбаев к-сі, 16-үй тел.: 8(71238)21324
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер кенті, Қаражан к-сі, 9-үй тел.: 8(71234)22244
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау ауылы, Ынтымақ к-сі, 45-үй тел.: 8(71231)20952
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1-үй тел.: 8(71233)23063

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өскемен қ-сы, Крылов к-сі,

40-үй

тел.: 8(7232) 259920, 254008
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қарауыл ауылы, Баян к-сі, 25-үй тел.: 8(72252)91308
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы  Аягөз қ-сы, Осенний орамы, 48А-үй тел.: 8(72237)33540
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка ауылы, Совхозная к-сі, 38-үй тел.: 8(7222)91604
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха ауылы, СТО, 4-үй тел.: 8(72351)21932
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое ауылы, Пирогов к-сі, 6-үй тел.: 8(72331)22870, 21552
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау ауылы, Мұсылманқұл к-сі, 21-үй тел.: 8(72347)65582
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қ-сы, Стамбет к-сі, 10-үй тел.: 8(72340)21393
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қ-сы,  Бриллин к-сі, 55-үй тел.: 8(72335)61718
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым ауылы, Слям к-сі, 136-үй тел.: 8(72341)21833
Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы Көкпекті ауылы, Қабанбай к-сі, 81-үй тел.: 8(72348)21808
Күршім аудандық аумақтық инспекциясы Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 12-үй тел.: 8(72339)31280
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат ауылы, Қабанбай к-сі, 24-үй тел.: 8(72346)21405
Ұржар аудандық аумақтық инспекциясы Ұржар ауылы, Калинин к-сі,

1-үй

тел.: 8(72230)34739
Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы Молодежный кенті тел.: 8(72338)27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха ауылы,

Мичурин к-сі, 21-үй

тел.: 8(72332)30630
Риддер қалалық аумақтық инспекциясы Риддер қ-сы, Қонаев к-сі, 40-үй тел.: 8(72336)40930
Семей қалалық аумақтық инспекциясы Семей қ-сы, Павлодар к-сі,

106-үй

тел.: 8(72226)36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қ-сы, Пушкин к-сі,

140б-үй

тел.: 8(7262)453362
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер ауылы,

Орынқұлов к-сі, 89-үй

тел.: 8(72637) 22559, 21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса ауылы, Промышленная к-сі, 3-үй тел.: 8(72633)21707, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы Б.Момышұлы ауылы, Коммунальная к-сі, 93-үй тел.: 8(72635)21592, 21311
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай ауылы, Жібек жолы к-сі, 108-үй тел.: 8(72636)42170, 26438
Меркі аудандық аумақтық инспекциясы Меркі ауылы, Панфилов к-сі,

6-үй

тел.: 8(72632) 24888, 24887
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм ауылы, Көшен к-сі, 5-үй тел.: 8(72642) 24820, 24970
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан ауылы,  Асыл к-сі, 54-үй тел.: 8(72631)21975, 21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент ауылы, Асан к-сі,

7-үй

тел.: 8(72639) 22052,
Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ауылы,  Қонаев к-сі, 17-үй тел.: 8(72641)21446, 21169
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төлеби ауылы, Асатұлы к-сі,

21-үй

тел.: 8(72638) 32587, 32568
Тараз қалалық аумақтық инспекциясы Тараз қ-сы, 12 ш. а., 23-үй,

22- пәтер

тел.: 8(7262)347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Орал қ-сы, Қ.Аманжол к-сі,

75-үй

тел.: 8(7112) 515446,
Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев ауылы, Мендалиев к-сі, 23-үй тел.: 8(71136)92424
Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қ-сы, Советская к-сі,

81/2-үй

тел.: 8(71133)21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайхин ауылы, Жәнікеш к-сі,

16-үй

тел.: 8(71140)21320
Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақала ауылы,

Заправочная к-сі, 2-үй

тел.: 8(71141)21712
Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнібек ауылы, Чурин к-сі,

19-үй

тел.: 8(71235)21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Переметное ауылы,

Набережная к-сі, 59-үй

тел.: 8(71130)22708
Зеленов аудандық аумақтық
инспекциясы
Даринск ауылы, Жеңістің 40 жылдығы к-сі, 43-үй тел.: 8(71131)21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов ауылы,

Ветстанция к-сі, 1-үй

тел.: 8(71144)31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратөбе ауылы,

Құрманғали к-сі, 13-үй

тел.: 8(71145)21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы,

Қазақстан к-сі, 15-үй

тел.: 8(71134)31267
Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы Тасқала ауылы, Ветстанция к-сі тел.: 8(71139)21897
Теректі аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка ауылы, Ленин к-сі, 162-үй тел.: 8(71132)21953
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау ауылы,

Сырым Датов к-сі, 108-үй

тел.: 8(71137)33155
Орал қалалық аумақтық инспекциясы Орал қ-сы, Конкин к-сі, 5-үй тел.: 8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қараганды облыстық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ-сы, Лобода к-сі,

20-үй

тел.: 8(7212) 563595 567819
Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ-сы, Прогресс к-сі, 23-үй тел.: 8(7212)437823
Қаражал қалалық аумақтық инспекциясы Қаражал қ-сы,

Сардары Сарытоқа к-сі, -үй

тел.: 8(71032)26879
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қ-сы, 3 ш.а., 42-үй тел.: 8(72131)44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай кенті, Оразалин к-сі,

14-үй

тел.: 8(71037)21861
Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара кенті, Шопанай к-сі,

3-үй

тел.: 8(72154)21798
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу кенті, Жамбыл к-сі,

124-үй

тел.: 8(71030)27502
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қ-сы,

Игенсартов к-сі, 35-үй

тел.: 8(72146)31432
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка кенті, Ленин к-сі, 2 а-үй тел.: 8(72144) 22657
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров кенті, Шеткібұлақ к-сі, 1-үй тел.: 8(72149)42072
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы кенті,

Жезқазған к-сі, 62-үй

тел.: 8(71031)22280
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау ауылы, Бұлқышев к-сі, 30-үй тел.: 8(71035)21204
Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы Балқаш қ-сы, Желтоқсан к-сі,

20-үй

тел.: 8(71036)65426
Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы Жезқазған қ-сы, Балықты к-сі,

16- үй

тел.: 8(71027)60557, факс: 8(71027)63922
Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы Теміртау қ-сы, 7 ш.а., 55-үй тел.: 8(72139)88114
Саран қалалық аумақтық инспекциясы Саран қ-сы,  Саран к-сі, 2/1-үй тел.: 8(72137)25684

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Қостанай қ-сы,  Гоголь к-сі,

79а-үй

тел.: 8(7142)501199
Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы Обаған ауылы,

Строительная к-сі, 2-үй

тел.: 8(71445)34113
Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы Амангелді ауылы,

Б. Майлин к-сі, 18-үй

тел.: 8(71440)21548
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл ауылы,

Байтұрсынов к-сі, 48-үй

тел.: 8(71453)21072
Жангелді аудандық аумақтық инспекциясы Торғай ауылы,

Құлжановтар к-сі, 66-үй

тел.: 8(71439)21580
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка ауылы,

Дорожная к-сі, 1-үй

тел.: 8(71434)91837
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы Жітіқара қ-сы,  Д. Асанбаев к-сі, 51-үй тел.: 8(71435)27656
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты ауылы, Ленин к-сі,

61-үй

тел.: 8(71437)22218
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық кенті,

Космонавт к-сі, 16-үй

тел.: 8(71441)33285
Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу кенті, Исак к-сі, 66-үй тел.: 8(71452)22062
Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затабольск кенті,

Терешкова к-сі, 13/1-үй

тел.: 8(71455)21463
Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской ауылы,

Алтынсарин к-сі, 83-үй

тел.: 8(71443)21894
Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қараменді кенті, Шаяхмет к-сі, 2-үй тел.: 8(71454)21652
Сарыкөл аудандық аймақтық инспекциясы Сарыкөл кенті, Миронов к-сі,

1а-үй

тел.: 8(71451)22740
Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран ауылы, Западная к-сі, 3-үй тел.: 8(71436)36157
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл ауылы,  Октябрдің 60 жылдығы к-сі, 23-үй тел.: 8(71444)21842
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоров ауылы,  Пушкин к-сі, 56-үй тел.: 8(71442)22150
Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы Арқалық қ-сы, Абай д-лы, 29-үй тел.: 8(71430)70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Қызылорда қ-сы,  Мостовая к-сі, 2-үй тел.: 8(7242) 212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қ-сы,  М. Сәдiбеков к-сі, 118-үй тел.: 8(72433)21951
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы қ-сы, Түктiбаев к-сі,

78-үй

тел.: 8(72438)23645
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы  Жосалы кенті, Момышұлы к-сі, 101-үй тел.: 8(72437)21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш кенті,

Бұқарбай батыр к-сі, 224-үй

тел.: 8(7243)131882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Теренөзек кенті,

Ғ. Мұратбаев к-сі, 93-үй

тел.: 8(72436)21133
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы Шиелі кенті,

Бөгенбай батыр к-сі, 21-үй

тел.: 8(72432)43788
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорғана кенті,

Мұсаханов к-сі, 105-үй

тел.: 8(72435)22185

Манғыстау облысы

Манғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Ақтау қ-сы, 23 ш.а., 39- үй тел.: 8(7292) 605040
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қ-сы,

Мұнайшылар к-сі, 8-үй

тел.: 8(7234) 32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу кенті, Іскерлік орталығы тел.: 8(72932)21167
Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық ауылы, Босан батыр к-сі, 6-үй тел.: 8(72937) 22330
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе кенті,

Орталық кітапханасы

тел.: 8(72931)21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко,

Ж. Мынбаев к-сі, 46-үй

тел.: 8(72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Павлодар қ-сы, Крупская к-сі,

71-үй

тел.: 8(7182)512078
Ақтоғай аудандық  аумақтық инспекциясы Ақтоғай ауылы, веткешен тел.: 8(71841)21999
Ақсу қалалық  аумақтық инспекциясы Ақсу қ-сы, Вокзальная к-сі,

17-үй

тел.: 8(71837)60742
Баянауыл аудандық  аумақтық инспекциясы Баянауыл ауылы, Әуэзов к-сі,

1-үй

тел.: 8(71840)91506
Железин аудандық  аумақтық инспекциясы Железинка ауылы, Чкалов к-сі, 21-үй тел.: 8(71831)21154
Ертіс аудандық  аумақтық инспекциясы Ертіс ауылы, Интернациональная к-сі, 6-үй тел.: 8(71832)21189
Качир аудандық  аумақтық инспекциясы Тереңкөл ауылы,

Байтұрсынов к-сі, 234-үй

тел.: 8(71833)22394
Лебяжі аудандық  аумақтық инспекциясы Лебяжі ауылы, Ыдрысхан к-сі, 39-үй тел.: 8(71839)21754
Май аудандық  аумақтық инспекциясы Көктөбе ауылы, Веткешен тел.: 8(71838)91654
Павлодар аудандық  аумақтық инспекциясы Павлодар қ-сы, Ленин к-сі,

145-үй

тел.: 8(7182)324301
Успенка аудандық  аумақтық инспекциясы Успенка ауылы, Терешкова к-сі, 18-үй тел.: 8(71834)91636
Шарбақты аудандық  аумақтық инспекциясы Шарбақты ауылы, веткешен тел.: 8(71836)21692
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы Екібастұз қ-сы,

Геологическая к-сі, 205 А-үй

тел.: 8(71873)36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Петропавл қ-сы,

Казахстанская правда к-сі, 66-үй

тел.: 8(7152)360141
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл ауылы, Озерная к-сі, 4-үй тел.: 8(71533)21190
Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық ауылы,

Ветеринарная к-сі, 1-үй

тел.: 8(71546)21562
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирново ауылы,

Жұмабаев к-сі, 3-үй

тел.: 8(71532)22489
Ғ.Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишимка ауылы,

Ауелбеков к-сі, 34-үй

тел.: 8(71535)21640
Есіл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка ауылы, Фурманов к-сі, 12-үй тел.: 8(71543)22485
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Пресновка ауылы,
Интернациональная к-сі, 35-үй
тел.: 8(71544)22855
Қызылжар  аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл ауылы, Новая к-сі, 20-үй тел.: 8(71538)28177
М.Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы Булаево ауылы,

Водопроводная к-сі, 20-үй

тел.: 8(71531)22759
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют ауылы, Аурухана қалашығы тел.: 8(71541)22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша ауылы, Советская к-сі, 191-үй тел.: 8(71536)23037
Тимирязев  аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязево ауылы,

Целинная к-сі, 13-үй

тел.: 8(71537)20125
Уәлиханов  аудандық аумақтық инспекциясы Кішкенекөл ауылы,

С. Маликов к-сі, 124-үй

тел.: 8(71542)22139
Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы Сергеевка ауылы, Степная к-сі, 2-үй тел.: 8(71534)21435

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Шымкент қ-сы,

Қабанбай батыр к-сі

тел.: 8(7252)551417
Арыс қалалық аумақтық инспекциясы Арыс қ-сы, Төле би к-сі тел.: 8(72540)21052, 21255
Түркістан  қалалық аумақтық инспекциясы Түркістан қ-сы, Т. Мыңбасы к-сі, 16-үй тел.: 8(72533)43052, 43167
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян ауылы, Қадырбай к-сі,

32-үй

тел.: 8(72548)22012, 21459
Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы Қазығұрт ауылы , Әуезов к-сі тел.: 8(72539) 22889, 21405
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетісай қ-сы, Маханбет к-сі,

1-үй

тел.: 8(72534) 67344, 67250
Отырар аудандық аумақтық инспекциясы Шәулдір ауылы,

Жібек жолы к-сі, 17-үй

8(72544)21578, 21337
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темірлан ауылы,

Қажымұқан к-сі

тел.: 8(72530)21586, 21757
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу ауылы, Панфилов к-сі тел.: 8(72531)20281, 20208
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қ-сы, Майлықожа к-сі тел.: 8(72537) 22890, 21413
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған ауылы,

Төреқұлов к-сі, 1-үй

тел.: 8(72546) 42420, 41305
Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы Ленгер қ-сы, Есенқұлов к-сі,

55-үй

тел.: 8(72547)61427, 62585
Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы Т. Рысқұлов ауылы,

Жантуров к-сі, 17-үй

тел.: 8(72538)52440
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қ-сы,

Қасымов к-сі, 17-үй

тел.: 8(72535)21309, 22369

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қ-сы, Медеу ауданы,
Мақатаев к-сі, 15-үй
тел.: 8(7272) 302792, 738776

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қ-сы, Фурманов к-сі,

6-үй

тел.: 8 (7172) 299278

 

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

                                                                 Нысан

 

Өтініш

 

Сізден ______________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________ аумақтық инспекциясында тіркелген

(облыс, қала, аудан)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_______________________________________________________ көлік құралына

(маркасы, моделі, мемлекеттік нөмірлік белгісі, зауыт нөмірі, қозғалтқыш нөмірі, жасалған жыл)

жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізімінен үзінді беруіңізді сұраймын.

 

 

20___ жылғы «____»____________

 

__________________________                              _________________________

(Т.А.Ә./атауы)                                                         қолы

   

Мөр орны

 

___________________________

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

   

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі)

   

4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

   

____________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus