Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы негізінде көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;
2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.
10. Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың имараттарында көрсетіледі, оларда күтуге және қажетті құжаттарды айқындауға қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады).
Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:
1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін (тұқым өткізушілер бермейді). Бұл ретте жер учаскесін жалдау шарты бойынша жалдау мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс.
4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін (заңды тұлғалар үшін);
5) жеке және заңды тұлғаның осы Стандарттың 4-қосымшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
6) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, жұмыс өтілі) тапсырады.
12. Өтініш бланкі жергілікті атқарушы органның кеңсесінде беріледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіне тапсырылады.
14. Тұтынушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар берілетін орын;
5) жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
15. Аттестаттау туралы куәлік тұтынушы өзі келгенде қолма-қол тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенімхатты көрсеткенде беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы;
2) тұтынушының осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі негіз болып табылады.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органның жауапты уәкілетті лауазымды адамдары мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағым беру тәртібі

 

20. Жергілікті атқарушы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін тұтынушыға мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органның заң қызметінің маманы түсіндіреді.
21. Егер тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, тұтынушы шағымды жазбаша түрде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің атына жібере алады.
Шағымдар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.
22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы орган басшысы орынбасарының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар жазбаша түрде жергілікті атқарушы органның жазбаша дәлелді бас тартуының көшірмесімен немесе өзге құжаттармен бірге қабылданады.
25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінің қызметкерлерінен алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Жергілікті атқарушы органдардың байланыс телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында және жергілікті атқарушы органдарда орналасқан стендтерде көрсетіледі.

 

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

   Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы мен телефондары

 

Астана қаласы
«Астана қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11; тел: 8(7172) 55-64-08; факс. 55-72-75
E-mail: ushastana@mail.ru

 

Алматы қаласы
«Алматы қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 72-02-85
E-mail: otdelselhoz@mail.ru

 

Ақмола облысы
«Ақмола облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85; тел/факс 8(716-2) 25-07-72, 25-55-11;
E-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

 

Алматы облысы
«Алматы облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 тел.8(7282) 27-08-18
E-mail: ob_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

 

Атырау облысы
«Атырау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77; тел. 8(7122) 35-45-03
E-mail: atirauagro@mail.ru

 

Ақтөбе облысы
«Ақтөбе облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-03-07, факс 54-17-39 E-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

 

Шығыс Қазақстан облысы
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40; тел. 8(7232) 26-42-48
E-mail: ispaevt@yandex.ru

 

Жамбыл облысы
«Жамбыл облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Абай көшесі, 125; тел: 8(7262) 43-28-94

 

Батыс Қазақстан облысы
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы, Достық көшесі, 179; тел/факс 8(7112) 51-35-41, 45-29-27
E-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-zemotdel@rambler.ru

 

Қарағанды облысы
«Қарағанды облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39; тел/факс 8(7212) 42-10-80
E-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

 

Қостанай облысы
«Қостанай облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 57-50-03
E-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

 

Қызылорда облысы
«Қызылорда облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Жақай көшесі, 76; тел. 8(7242) 26-26-44
E-mail: sh_kyzyl@mail.ru

 

Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 31-17-77
E-mail: so.mangistau@rambler.ru

 

Павлодар облысы
«Павлодар облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49; тел. 8(7182) 32-25-67
E-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

 

Солтүстік Қазақстан облысы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58; тел. 8(7152) 46-24-52, факс 36-07-45
E-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

 

Оңтүстік Қазақстан облысы
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Тәукехан көшесі 6, тел. 8(7252) 53-03-33
E-mail: dsh_uko@mail.ru

 

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

 

   Аттестаттау туралы №___куәлік

 

__________________________________облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының 20____жылғы «__»  ______№_____шешімі негізінде________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы, сорты) тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату)
жөніндегі___________________________________________________________
(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесі берілген__________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Басшының Т.А.Ә.______________________  _____________________________                        (қолы)
Лауазымы____________________________________________________________
Берілген күні: 200_____жылғы «___»__________________________________
М.О.
200____жылғы «___»____________________________________ дейін жарамды.

 

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

 

_________________________облысының әкіміне                               (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың)
____________________________________Т.А.Ә.
__________________________________________
__________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

 

Өтініш

 

Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және_______________________
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы, сорты)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату)
жөніндегі____________________________________________________________
(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесін беруді сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны______________________________________________
2. Құрылған жылы______________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәлігі немесе жеке тұлғаның жеке
куәлігі_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)

 

4. Мекен-жайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс, е-mаіl)
5. Басшының Т.А.Ә.____________________________________________
6. Банк деректемелері_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(СТН, БАА, шот №, банкінің атауы және тұрған жері)

 

7. Қоса беріліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарға сәйкес)
Басшы____________________   ___________________________________
(қолы)                      (Т.А.Ә.)

 

М.О.
200_____жылғы «___»__________________
Өтініш қарауға 200____жылғы «____»_____________
қабылданды.__________________________________________________________                     (өтінішті қабылдаған жауапты адамның Т.А.Ә.)

 

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша

 

   Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары

 

1. Бірегей тұқым өндірушілер қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
1) бірегей тұқым өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;
2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
3) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлердің (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне бұл талап қолданылмайды; астық үшін жыртылған ауыспалы егісті көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі):
шаруашылық бойынша орташа есеппен – кемінде 20 пайыз;
тұқым шаруашылығы бастапқы звеноларының учаскелерінде (іріктеу, көбейту питомниктері) – кемінде 50 пайыз көлемінде болуы;
4) тұқым шаруашылығының егістіктерінің жалпы егістік алқапта 30 пайыздан кем болмауы;
5) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмауы;
6) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;
7) бірегей тұқым өндірушілердің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушілердің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңде де болмауы тиіс;
8) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі селекционер мамандардың болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірегей тұқым өндіру жөніндегі бірлескен жұмысты жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы;
9) әрбір дақыл бойынша кемінде бір агроном-тұқымшының және маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін білетін техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы;
10) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндіруді қамтамасыз ету;
11) элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің тұқымын өндірушілер үшін аналық екпелердің) болуы;
12) қажеттілікке қарай тұқым сақтандыру қорларының болуы:
бастапқы буындардың негізін қалау үшін – 100 пайыз;
суперэлита үшін – 50 пайыз;
13) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
14) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың жеткілікті болуы;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша жүргізілетін бірегей тұқым өндірісіне, өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс, сұрыптаулықтар, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар) актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті), тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына) есеп жүргізу;
16) сортты шығару әдісі, ата-аналық нысандары мен сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт бойынша құжаттаманы жүргізу;
17) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының сақталуын алты жылдан кем емес мерзім ішінде қамтамасыз ету;
18) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалдық-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық- эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.
2. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сұр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) – 20 пайыздан аспайды;
2) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір айналымнан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
3) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;
4) жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістік жер көлемінің болуы – 25 пайыздан кем емес;
5) соңғы үш жылдағы өнімділік – орташа облыстық көрсеткіштен жоғары;
6) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы – төрт жылдан кем емес;
7) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етуі – 25 пайыздан кем емес;
8) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны – 4-ден аспайды;
9) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны – 3-ден аспайды;
10) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қорының болуы – 50 пайыз;
11) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
12) аудандастырылған сорттар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
13) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
14) аудандастырылған және перспективті сорттардың негізгі тұқым материалдары (бірегей тұқым) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіруге қажетті түр мен көлемде болуы;
15) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жылда элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін қажетті түр және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушілермен жасалған шарттың болуы;
16) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалармен элиталық тұқым өндірісі ілеспесіне келісімнің болуы;
17) элиталық тұқым өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
18) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;
19) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;
20) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
21) жоспарланған жұмыс көлемін білікті атқару үшін тиісті білімі бар штат кестесінде көзделген арнайы мамандар санының, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші-агроном болуы;
22) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.
3. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыс тәжірибесі – екі жылдан кем болмауы;
2) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;
3) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
4) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сүр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) орта есеппен шаруашылықта -16 пайыздан аспайды;
5) жалпы егістік көлеміндегі тұқым шаруашылығы егістіктері 20 пайыздан кем емес;
6) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны 3-ден аспайды;
7) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны – 3-ден аспайды;
8) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жылда тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өндіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
9) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндірудегі ғылыми сүйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыратын шарттың болуы;
10) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу агротехнологиясын сақтау;
11) тұқым шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл болмауы тиіс;
12) кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;
13) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
14) сорттық тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өсіру жөніндегі схеманың болуы;
15) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының болуы;
16) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуге арналған меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін  техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
17) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;
18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;
19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;
20) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.
4. Тұқым сатушыларына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым сату бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандардың, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;
2) әрі қарай тұқым сату үшін тұқым өндірушілермен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткізушілермен) жыл сайынғы келісімнің болуы;
3) жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу, сақтау және сату жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе  мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;
5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр тұқым партиясы бойынша сатылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне, тұқымды құжаттау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті тұқымдарды есепке алу журналына есеп жүргізу;
6) тұқымдарды сақтау және сату материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;
7) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда тұқым өткізушіде (лицензиатта) патент иесі (лицензиар) берген селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығының болуы;
8) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

 

Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушідерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша

 

   Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері  

 

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)      

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      
3.2. Электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)      

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

 

1

2

3

4

1. Уақытылылық

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)      

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      
3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)      

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына канағаттанған тұтынушылар % (үлесі)      

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus