Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

Мемлекеттік қызметті Министрлік, Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде Мемкомиссияға құжат тапсырған күнінен бастап – бiр жылға дейiн;
      мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезінде егін отырғызған күнінен бастап:
      бұршақты, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөністік, бақша, гүлді-сәнді дақылдар және картоп – 3 жылға дейін;
      жемшөптік – 6 жылға дейін;
      жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім – 12 жылға дейін

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi пайдалануға жіберуге өтiнiш, екі данада;
      2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткiзу кезiнде – топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
      3) селекциялық жетістікті шаруашылықта жарамдылығы тұрғысынан мемлекеттік сынауға беру туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме (ғылыми ұйымдар үшін) бір данада;
      4) селекциялық жетістік сауалнамасы, екі данада (тиісті дақылдарға сәйкес);
      5) тиісті тек және түріне арналған нысан бойынша селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
      6) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктердің және шаруашылықта пайдалану сатысында жақсы дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар ақ фонда түсірілген суреттері (сурет өлшемі 9 х 12 немесе 13х18);
      7) сортқа/буданға технологиялық анықтама;
      8) өтінім беруге құқықты растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
      9) генетикалық түрлендірілген объектілердің (жүгері, дәнді бұршақ, майлы, көкөніс дақылдары бойынша) қамтылуына жүргізілген сараптама нәтижелері;
      10) тұқым үлгiлерi

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беру туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзіліміне сортты енгiзу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз жеткізгіштегі қорытындысы

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011777#z156

 

Қызмет стандарты

Регламент

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемкомиссияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану, шағым:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не 010000, Астана қаласы, Оң жақ жағалау, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемкомиссия кеңсесіне өтініш беру арқылы не 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы, 309-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 50-26-10 бойынша Мемкомиссия төрағасының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе жазбаша хабарламалардың не басқа құжаттардың көшірмелерімен бірге Мемкомиссияның кеңсесінде қабылданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берілген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссия кеңсесінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарау журналында тіркеледі.
Мемкомиссияның кеңсесіне шағымды тапсырған кезде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus