Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековты қабылдады

А.Мамытбеков саланың қазіргі ахуалы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» бағдарламасын іскеасыру барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жиын-терін жұмыстарын тиімді жүргізу қажеттігін атап өтті. 

– Оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталып қалды, қазірдің өзінде 1 миллион тоннадан астам астық жиналды. Солтүстікөңірлердегі жағдай алғашында күрделі болған еді, бірақ жауын-шашын көбірек болып, пайдасын да, зиянын да тигізді. Астықтың түрлімерзімде пісіп-жетілуі ескерілетін жиын-терін технологиясын бақылауда ұстау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

А.Мамытбеков ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны жақсы екенін атап өтті.

– Бүгінгі күнгі негізгі міндет – жиын-терін жұмыстарын жүргізу. Шын мәнінде, оңтүстік облыстарда астық жинау науқаны қазірдің өзіндебасталып кетті, ал ол кейбір өңірлерде аяқталуға жақын. Мысалы, Жамбыл облысында астық жинау 94 %-ға аяқталды, астық түсімініңкөрсеткіші екі есе дерлік жоғары. Бидай егетін негізгі үш облыс жиын-терін жұмыстарын жүргізуге дайындалуда. Жауын-шашынның жиіболуына байланысты жиын-терін оңайға түспейді. Сондықтан біз егістік жерлер мен техникаларды тисті дайындықтан өткізу үшін ауылшаруашылық саласы кәсіпорындарымен бірлесе жұмыс жүргізіп отырмыз, – деді ауыл шаруашылық министрі.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы 2013 жылдың астығын уақтылы және сапалы жинап алу, сондай-ақ агроөнеркәсіпкешені кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

http://www.akorda.kz/kz/page/page_214528_glava-gosudarstva-nursultan-nazarbaev-prinyal-ministra-selskogo-khozyaistva-asylzhana-mamytbekova      

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus