Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Гербицидтер импортына қатысты демпингке қарсы шаралар

Гербицидтер импортына қатысты демпингке қарсы шаралар

2018 жылдың 9 тамызында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Е. Шөкеев Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕО елдерінде өндірілетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы шараларды енгізу мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

2017 жылдың 16 қаңтарында Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың («ЕЭО») кедендік аумағына әкелінетін және Еуропалық одақтан («ЕО») шығатын гербицидтерге қатысты демпингке қарсы тергеу бастағандығын еске саламыз.

Аталған жиналысты өткізуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы шараны енгізуге байланысты ЕЭК шешімін жоюға қатысты агроөнеркәсіптік кешен саласындағы салалық одақтардан және қауымдастықтардан түскен көптеген өтініштер себеп болды.

Осы жиналыста Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП, «Зерновой Союз Казахстана» ЗТБ, «Союз картофелеводов и овощеводов Казахстана» ЗЖЖТБ, «Союз фермеров Казахстана» РҚБ үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар «Щелково Агрохим» АҚ, «Астана-Нан» ЖШС, «КазТраскем» ЖШС, «Агрохимия» ЖШС отандық пестицидтерді өндірушілердің өкілдері қатысты.

Жиналысты қорытындылай келе Ө.Е. Шөкеев еуропалық гербицидтерді өндірушілерге қатысты демпинге қарсы баждарды енгізуде Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде туындауы мүмкін болатын мәселелерді, және қате шешімді қабылдауды және оның теріс салдарын жою мақсатында қосымша кеңес жүргізу қажеттігін атап өтті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved