Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру

Көрсетілетін қызметті  алушылар

жеке және заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті ұсыну орны (осы қызмет көрсетілетін орындарды таңдау)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, тел. 8 (7172) 555842

Көрсетілетін қызметтің құны

     Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332 «Геодезия және картография туралы» Заңының 12 бабына сәйкес аталған мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы.
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне топографиялық-геодезиялық және картографиялық ақпаратты беру бойынша жұмыстардың құны «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

Қызметті көрсету мерзімі

      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген күннен бастап төлеу қажеттілігі туралы хабарлама беру мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні;
жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру үшін көрсетілетін қызметтерді төлем туралы төлем құжаты (түбіртек) түскен күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

Қажетті құжаттар

1) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);
қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
3) «құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін мыналар жіберіледі:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);
стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге шарт жобасы;
қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Қызметті  мемлекеттік орган, ХҚКО арқылы көрсету

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

Қызметті портал арқылы көрсету

жоқ

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Министрлік басшысының атына мына
мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Оң жағалау, Кенесары көшесі, 36, тел. 8 (7172) 555-860.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда: 1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы; 2) заңды тұлға – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің аңықтамалығы
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus