Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Гамбург» ЖШС-да 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда

«Гамбург» ЖШС-да 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда

 

23.08.16

Бүгін ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Жамбыл облысындағы АӨК-тің озық технологияларымен танысу барысында «Гамбург» ЖШС жұмысымен танысқан болатын.
Айта кетейік, 2015 жылы кәсіпорында өндірілген өнім көлемі 413 млн.теңгені құраса, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу көлемі 322,0 млн.теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 7,0 пайызға артқан.

Кәсіпорында 2013 жылдан бері жалпы сомасы 2,01 млрд.теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда:
Біріншіден, 1255 гектар алқапты құрайтын заманауи жаңбырлатып суару технологиясын енгізу – 906,0 млн.теңге.

Жоба шеңберінде қолда бар инфрақұрылымды қайта жарақтап, заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы суландыру жүйелерін құру жоспарланған. Жаңбырлатып суару технологиясы мал азығы ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға бағытталып отыр.

Жоба нәтижесінде өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру күтілуде: мал азықтық қызылша 25 мың тоннаға дейін, жүгері 20,8 мың тоннаға дейін, көпжылдық шөптер 7,5 мың тоннаға дейін арттыру. Өндірілген өнім 5000 бас мүйізді ірі қара және басқа да малды азықпен қамтуға жетеді.

Жоба аясында заманауи, голландиялық жоғары технологиялы қондырғылармен жабдықталған, азықтандырудың, суарудың, және сауудың, сонымен қатар сиырлардың астын тазалаудың автоматтандырылған технологиясы бар кешен құрылысы көзделген.

Екіншіден, 800 бас сауынды сиырға арналған тауарлы сүт фермасы – 600,0 млн.теңге.
Жоба барысында германиялық соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған (азықтандыруды, суаруды, көңді шығаруды қоса алғанда) кешен салынуда.
Үшіншіден, 3000 бас МІҚ малына арналған мал бордақылау кешені – 507,0 млн.теңге.
Жобаны кәсіпорынның өз қаражатымен іске қосылады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде кәсіпорында жылына 400 тонна сиыр еті және 200 тоннаға дейін шұжық өнімдері өндіріледі.
Қазіргі уақытта кешен жартылай іске қосылып, 1500 бас мүйізді ірі қара бордақылануда.

Кәсіпорында 2016-2017 жылғы қысқы науқанға мал азығын дайындау бойынша 3000 тонна пішендеме (сенаж) бастырылды, сонымен қатар 700 тонна пішен, 1200 тонна сабан дайындалды. 10000 тоннадан астам  азықтық жүгеріден силос бастыру жоспарлануда.

 


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus