Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Г.Исаева: ҚР ауыл шаруашылығының негізгі инвестициялық капиталының көлемі 21,1%-ға артты

Г.Исаева: ҚР ауыл шаруашылығының негізгі инвестициялық капиталының көлемі 21,1%-ға артты

ҚР ауыл шаруашылығының негізгі инвестициялық капиталының көлемі 21,1%-ға артып, 25,5 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

«2016-шы жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артып, 317,8 млрд. теңгені құрады. Аталмыш өсім мал шаруашылығы өндірісі өнімінің 3%-ға артақны есебінен қамтамасыз етіліп отыр»,-деді Г.Исаева.

Осыған байланысты, оның айтуынша ауыл шаруашылығының негізгі инвестициялық капиталының көлемі 21,1%-ға артқан.

Қазіргі таңда оңтүстік, шығыс және батыс Қазақстандарда көктемгі дала жұмыстары жүріп жатыр. Астық 963,4 мың гектарға егілді, майлы дақылдар – 586,1 гектарға, көпжылдық шөптер – 190,8 мың гектарға, бақша дақылдары – 160,2 мың гектарға, картоп – 84,3 мың гектарға, қант қызылшасы – 10,1 гектарға және мақта 90 мың гектарға егілген.

Облыстық басқармалардың мәліметі ьбойынша Ақтөбе облысынан басқаларында ылғалды жабу жұмыстары толық аяқталған.

Г. Исаева биыл ауыл шаруашылық дақылдары егілген алаң 21,6 млн. гектарды құрағанын атап өтті.
Источник:https://strategy2050.kz/news/35129

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus