Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Сурет Көкөніс түрлерін өсіріп, сақтаумен айналысатын «Агрофирма Green Star» шаруашылығына ұйымдастырылған пресс-тур

Көкөніс түрлерін өсіріп, сақтаумен айналысатын «Агрофирма Green Star» шаруашылығына ұйымдастырылған пресс-тур

1
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков көкөніс түрлерін өсіріп, сақтаумен айналысатын «Агрофирма Green Star» шаруашылығының жұмысымен танысты. Кәсіпорын Астана қ. мен Ақмола облысының халқын сапалы әрі бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімімін қамтамасыз етуде.
2
Қазіргі таңда кәсіпорында 363 гектар жер телімі мен 351 гектар егістік жері бар.
3
Жыл сайын «Агрофирма Green Star» ЖШС 120 гектар картоп, 20 гектар сәбіз, 70 гектар люцерн, 135 гектар жаздық арпа отырғызады.
4
Болашақта көкөніс дақылдарына арналған егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осылайша, ү.ж. қосымша 160 гектар егіс алқаптары алынды.
5
Шаруашылық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 5000 тоннаға арналған голландылық үлгідегі көкөніс қоймасын салып, эксплуатацияға енгізді. Сондай-ақ, көліктік-тракторлық шеберхана, автотұрақ, 60 тоннаға арналған ангарлық коймалары бар.
6
Кәсіпорын 27 бірлік мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасын алған.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus