Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚОР “ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – 2020” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ОРНАЛАСТЫРДЫ

ҚОР “ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – 2020” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ОРНАЛАСТЫРДЫ

2013-06-26

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаржыны ауыл тұрғындарына шағын несие түрінде берді. 20 маусымдағы мәліметтер бойынша, Қор 3 046,6 млн. теңгеге 1411 несие берді. Осы аптада тағы 1 422,6 млн. теңгеге 765 несие бөлінбек.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы екінші бағытын жүзеге асыруға 2013 жылдың наурызынан қатысуға кірісті. Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық уәкілетті орган болып табылатын Қор ауыл тұрғындарының өз ісін ашу және дамытуға арналған жобаларды қаржыландырады.

Несиенің максималды сомасы – 3 миллион теіңге, мерзімі – 4,5 жыл. Жылдық сыйақы үстемесі – 6%, көрсетілмеген комиссиясыз және басқа да төлемдерсіз (жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 6,7%).

– Бұл – менің бірінші алған несием, – дейді Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны Шынар Бекмұрзина. – Мен үйде жұмыс істеймін, тігіндік іспен 2008 жылдан бері айналысамын, ұзату тойда қалындыққа берілетін төсек-орын, көрпе- жастық, дивандектер тігемін. Жақын арада таныстардан осы бағдарлама туралы естіп, әкімдікке барып, кеңес алдым. Одан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, несиеге ие болдым.

Бұрын Шынардың жалғыз тігін машинасы болатын. Қазіргі таңда құрал-жабдықтары көбейіп, жапондық электронды машинамен тігетін болды. Кепілдікке жаңа үйін қойып, ескі үйге тігін цехты орналастырды. Шынардың жоспарында – заманауи құрал-жабдықтарды сатып алып, қосымша тігінші алу.

Бекмұрзиндердің отбасында төрт бала өсіп жатыр. Екеуі – мектеп оқушысы, екеуі оқуға енді кіріседі. Жолдасы КаМАЗбен қызмет көрсетеді. Үлкен қызын Шынар отбасылық бизнеске тартып, тігіндік іске үйретеді. Клиенттер де, шығаратын өнімге сұраныс та бар. Бес жылдық тәжірибе Бекмұрзиндерге несиені қайтара алатынындарына сенімдік берді. Кестеде көрсетілген мерзімнен бұрын қайтара аламыз, дейді Шынар. Одан кейін мемлекеттік қолдаумен берілетін тағы бір қарыз алмақшы – өз ісін әрі қарай дамыту үшін.

– Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша ауылдық кәсіпкерлікке бөлінетін 16,9 млрд. теңгенің 9,1 млрд. теңгесі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі, – дейді Қордың несие департаментінің директоры Медет Тоқпай. – Бүгінгі таңда бұл соманың 3 миллиард теңгеден астамы ауылдықтарға берілді. Мұндай мемлекеттік қолдау жұмыссыз жүрген, өз ісімен үйлерінде айналысатын азаматтарға экономикалық баспалдақтың келесі сатына жылжып, ауылдық кәсіпкер болуға мүмкіндік береді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

Тел. 8 /7172/ 678 249 (Әлия Еңсебаева)

www.fad.kz, e-mail: pressa@fagri.kz

http://www.fad.kz/kk/node/4948

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus