Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі» мәселесі бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

«Фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі» мәселесі бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Ағымдағы жылы зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің 5,1 млн. гектарға, оның ішінде 1,92 млн. гектарға үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің, 2,4 млн. гектарға астық дақылдары ауруларының, 444 мың гектарға саяқ шегіртке тектестердің таралуы болжануда. (1-слайд)

Өсімдіктерді қорғау іс-шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді.
Пестицидтерді сатып алу конкурстары аяқталды. Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы 540 дана бүріккіш техникалары жұмылдырылады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу бойынша жеткізушілер айқындалды, қалған өңірлер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда.
Жедел жағдайға «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының резервтегі техникасы дайындалды.
Мароккалық шегірткенің жаппай таралуы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде, осы өңірлерде мароккалық шегірткеге қарсы 639,6 мың гектарды (Оңтүстік Қазақстан облысында 340,9 мың гектарды, Жамбыл облысында 298,7 мың гектарды) өңдеу жоспарланды. (2-слайд)

Облыстар әкімдіктеріне жедел штабтар құруды ұсынамыз.
Саяқ шегіртке текстестерге баса назар аудару қажет, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 408,4 мың гектар жерді өңдеуге 718,3 млн. теңге бөлді. Қолдағы ақпаратқа сәйкес облыстар әкімдіктерінің барлығы бірдей бұл мақсаттарға қаражат көздемеген, мысалы, Қарағанды облысының әкімдігі 15,6 млн. теңге бөлген, бұл 33,7 мың гектар жердің тек 8,3 мың гектарын ғана (24%) өңдеуге мүмкіндік береді. (3-слайд)

Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің уақтылы алдын алу мақсатында, Министрлікпен үйірлі шегіртке тектестермен күресу ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. РФ-мен 2018 жылға бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді.
Өсімдіктер карантині. Жеміс ағаштарының күйігін (ошақтардың 150,3 гектарға көбеюі) қоспағанда, карантиндік объектілер бойынша, жалпы алғанда, карантиндік объектілермен зақымдалған жерлердің 2015 жылы 248,54 мың гектардан 2018 жылы 123,63 мың гектарға азайғаны байқалады. (4-слайд)

Республикада карантиндік объктілердің 14 түрі таралған, барлық залалданған ошақтарда карантин белгіленген.
2017 жылы карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу мен транзиттеу барысында жүргізілген бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 1202 факт анықталды, оның ішінде 276 факт бойынша карантиндік объектілер табылды. 86,33 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынып, 11,8 мың тонна карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы ел аумағына қайтарылды, 121 мың тонна жойылды.
2018 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 254 факт анықталды, оның ішінде 9 факт бойынша карантиндік объектілер табылды 11,3 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды. (5, 6-слайдтар)

Ұтқыр топтар құру арқасында 2017 жылғы қазаннан бастап Қырғызстан аумағынан карантинге жатқызылған 4,2 мың тонна өнім тасымалының жолы кесілді. (7-слайд)

Министрлікпен отандық өсімдік тектес өнімдерді әлем нарығына жеткізуге фитосанитариялық кедергілерді алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні бидайды, бидай кебегін, соя бұршағын экспорттау жөніндегі талаптар қытай тарапымен келісілді.
– Ағымдағы жылғы 22-29 сәуір аралығында Қытайға күнжара мен жоңышқа (азықтық мақсатта) экспорттауды қалайтын Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарындағы кәсіпорындарды қытайлық сарапшылардың тексеруі жоспарланып отыр, тексеру қорытындысы бойынша көрсетілген өнім түрлеріне қойылатын талаптар жобасы келісілетін болады.
– Маусым айында жүгері мен арпаға тексеру жүргізіледі деп күтілуде.
Алдағы уақытта қытайлық сарапшылар жүргізетін бұл тексерулер аумақтар басшыларына белгілі бір жауапкершілік жүктейді, өйткені түпкілікті қорытындылардың қандай болатындығы әрбір тексерілетін объектіні бағалау нәтижесіне байланысты болмақ. Осыған байланысты, облыстар әкімдіктері қытай мамандарымен инпекция жүргізуге көмек көрсетулері қажет.
Өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлардың жұмыс қағидатын сертификат беруден елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өзгерту қажет. Ол үшін осы процесті автоматтандыру керек.
Сондай-ақ фитосанитариялық сертификаттарды бері бойынша жаңа тәсілдері әзірленді.
Аталған өзгерістер карантинге жатқызылған өнімдерді қадағалап отыру қағидатын енгізуге және фитосанитариялық тәуекелді талдау негізінде сертификат беру процесін автоматтандыруға, карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, өңдеумен, тасымалдаумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. (8, 9- слайдтар)

Ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау жүйесіне Австралияның тәжірибесі бойынша өзгеріс енгізу жоспарлануда, бұл талаптарға сәйкес келетін және тізілімге енгізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жерлерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде сорт сынауға мүмкіндік береді, ал сорт сынауды бақылау мен сүйемелдеуді аккредиттелген агрономдар жүргізетін болады (10, 11, 12-слайдтар)

Ветеринария
Құрметті отырысқа қатысушылар!
2018 жылы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспары қазанда бекітілді, бұл толықтай ветеринариялық препараттарды аудандарға дейін тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді уақтылы сатып алуға мүмкіндік берді.
Аса қауіпті аурулар бойынша вакцинациялау көлеміне күнделікті мониторинг жүргізе отырып, комитет мамандарының өңірлерге шығуы арқылы манипуляция жүргізуге бақылау ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда вакцинация жоспардағыдай өтуде.
Сонымен, 2018 жылғы 2 сәуіріндегі жағдай бойынша жоспар
7,7 млн. бас болғанда 6,9 млн. басқа немесе 90,1% малға аусылға қарсы вакцина егілді, сібір жарасына қарсы екпе жоспар 1,1 млн. бас болғанда 0,8 басқа немесе 82,2% малға жасалды, нодулярлы дерматитке қарсы екпе жоспар 0,9 млн бас болғанда 0,7 млн. басқа немесе 85,4 % малға жасалды (13-слайд).

Бұл ретте, нодулярлы дерматитке қарсы вакцина салудың төмен мөлшері Ақтөбе облысында (74,2%), аусыл бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысында (72,8%), сібір жарасы бойынша – Қарағанды облысында (74,2%) байқалады.
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қолданыстағы 3 609 мал қорымдары бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу.
Жалпы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша ахуал және ветеринариялық-санитариялық объектілердің жай-күйі тұрақты бақылауда.
2018 жылдың 19-22 ақпаны аралығындағы кезеңде Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) халықаралық сарапшылары ірі қара малдың нодулярлы дерматиті бойынша миссия (Атырау облысы Құрманғазы ауданы) өткізді.
Халықаралық сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша инфекцияны оқшаулау бойынша ветеринариялық қызметтің жұмысы оң бағаланды, бұл жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің экспортын арттыруға ықпал етеді.
Жануарлардан алынатын балық және балық өнімдері, мұздатылған қой еті, бал, асыл тұқымды және жылқы пайданушы экспорты бойынша Қытаймен жұмыс жандандырылды.
• ҚХР тізіліміне 52 қазақстандық кәсіпорын енгізілді және 2017 жылы Қытайға 2 917 тонна балық пен балық өнімдері экспортталды;
• асыл тұқымды және мініс жылқылары бойынша Қытаймен хаттамаға қол қойылды, ветеринариялық сертификат келісілді. Алғаш рет 2017 жылдың желтоқсанында Қытайға 153 бас жылқы экспортталды.
• 2018 жылғы 20 наурызда ҚХР Сапаны бақылау, карантин және инспекция бас басқармасының ресми сайтында мұздатылған қойға арналған ветеринариялық сертификатты (талапты) келіскені және аталған өнімді Қазақстаннан импорттауға рұқсат бергені туралы ақпарат орналастырылды.
• алты қазақстандық бал ара шаруашылығының анкетасы Қытайға жолданды. 2018 жылғы 16-29 сәуір аралығында қытай сарапшыларының аталған кәсіпорындарды тексеруі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ тірі қой мен мұздатылған қой етін Иранға экспорттау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
2017 жылы Иранға 528,9 тонна қой еті мен 4 807 бас қой экспортталды.
Иранмен тауық жұмыртқасы мен салқындатылған қой етінің экспорты бойынша келіссөздер жалғасуда.
Біріккен Араб Әмірліктерімен қой еті, сиыр еті, ірі қара мал, ұсақ мал бойынша ветеринариялық сертификат келісілді.
2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне 34,9 мың тонна сиыр еті, 22,99 тонна қой еті және 3 485 бас ұсақ мал экспортталды.
Ветеринариялық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, әкімдіктері тиісті тапсырмалар берілуін сұраймыз:
– статистика және ауыл шаруашылығы жануарлардың бірдейлендіру дерекқор мәліметтердің айырмашылығын төмендету мақсатында аулааралық есеп жүргізу;
– жайылымға шыққанға дейін егу жұмыстардың толық орындалуын қамтамасыз ету;
– егу дейінгі мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында қан сынамаларын өз уақытында алуын қамтамасыз ету;
– мал қорымдарының Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне еңгізілуін қамтамасыз ету;
– Қытай Халық Республикасының, Иран және Халықаралық эпизоотиялық бюроның сарапшыларына жәрдем көрсету.

Назар аударғанызға рахмет!
Фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздіктің жағдайы туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved