Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Формализация және елдің экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған тұрғындарды тарту бойынша жүзеге асыру барысы туралы Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Формализация және елдің экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған тұрғындарды тарту бойынша жүзеге асыру барысы туралы Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Министрлік «Еңбек» Бағдарламасының екінші бағытының Операторы бола, жеке қосалқы шаруашылық статусында жүрген өздігімен жұмысқа қамтылған халықты және жұмыссыздарды ауылды мекенде, шағын қалаларда бизнес жобаларын жүзеге асыруды, несие беру жолымен нәтижелі қызметке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Министрлікпен якорлық кооперацияға қатысатын қожалық, немесе фермерлік шаруашылықтарды, ауыл шаруашылығы кооперативтерін, жеке кәсіпкерлерді несиелендіруді жүзеге асыру жоспарлануда, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді күшейту, өнімдерді кепілді өткізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылау бойынша кәсіпорындарының, қайта өндеу кәсіпорындарының қуаттылығын жүктемесін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдердің экспортын қамтамасыз ету мақсатында шағын және орташа қожалық (фермерлік) және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін орташа және ірі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі субъектілерімен серіктестіруді қарастырған.
Атап айтқанда, кәсіпкерлікті тиімді жүргізу үшін якорлық кооперация қатысушыларын (ҚФШ, АӨК, ЖК) несиелендіру кезінде міндетті талаптардың бірі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын (оның ішінде жайылымдық) жері болу қажет.
Якорлық кооперациядан бөлек бизнесті несиелендіру ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерге байланыссыз жүзеге асырылатын болады.
Министрлікпен 2015-2016 жылдардағы берілген кредиттер/микрокредиттерге талдау жүргізілді, онда ірі және орташа кәсіпорындардың субъектілеріне байланыссыз қосалқы шаруашылықтарды қаржыландыру қаупі анықталған:
– орын ауыстыру және жеке қосалқы шаруашылықта көп мал басы шоғырлануы салдарынан ауылды округтарда ветеринарлық-санитарлық жағдайының қиындалуы;
– мал басын ұстау үшін мал азығы базасы жоқтығы;
– қайта өндеу кәсіпорындарына және бордақылау алаңдарына байланысы жоқ салдарынан өндірілген өнімдерді сату мәселелері шешілмегені;
– өтімділігі төмен мүлікті кепілге қою («психологиялық» кепіл);
– осының салдарынан несие қаражаттарын қайтарылмау қаупінің ұлғаюы.
2017 жылы бөлінген 27,1 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға Нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарлама аясында кепілге ауылды жерде және шағын қалаларда 4 мыңнан астам тұрғын үй және пәтерлер кепілге алынды, олардың барлық құны 20 млрд. теңгеден астам құрайды.
Министрлікпен нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарламасына келесі ұсыныстар енгізілді:
– «якорлық кооперация» ұғымы – шағын және орташа қожалық (фермерлік) шаруашылықтарды және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін орташа және ірі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі субъектілерімен ауылшаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және өнімді кепілді өткізу мақсатында серіктес болып табылады.
– ауылшаруашылығы кооперативтеріне және якорлы кооперацияның қатысушыларының қызметін дамыту үшін несиені/микронесиені беру жаңадан екеуден кем емес тұрақты жұмыс орнын және халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру шарттарын орындау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Осы толықтырулар тұрғындардың кәсіпкерлік қызметке тарту жылдамдығын арттыруға көмектеседі.

Назар аударғаныңызға рахмет!
Формализация және елдің экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған тұрғындарды тарту бойынша жүзеге асыру барысы туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика