Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ҚазАгро» холдингінің 2013 жылғы егістік науқанына арналған қаражаты

«ҚазАгро» холдингінің 2013 жылғы егістік науқанына арналған қаражаты

http://kazagro.kz/ru/news/1372–lr—-2013-
Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлерінде егістік науқаны басталды. Өңірлерде көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізудегі «ҚазАгро» ұлттық холдингі тарапынан қолдау маңызды рөл атқаратыны туралы айтады.

Жалпы республика бойынша «ҚазАгроның» құрылымына кіретін қаржыландырушы компанияларға егістік жұмыстарын жүргізу үшін шаруашылықтар мен агроқұрылымдардан жалпы сомасы 67,5 млрд. теңгеден астамға 3,5 мыңнан астам өтінім түсті. Оның осы уақытқа дейін жиынтық бағасы шамамен 51 млрд.теңге сомасындағы шамамен 2,7 мың өтінімі бойынша қаржыландыру мақұлданды. Осы ретте 44,5 млрд.теңге сомасы шамасындағы қаражат қазірдің өзінде шаруашылықтарға бағытталды.

Бұрын хабарланғандай, 2013 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің егістік науқанын өткізу шеңберінде барлық қаражат көздерінен 78,3 млрд.теңге сомасына ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеуді жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан басқа, 9,5 млрд.теңгені лизинг механизмі арқылы шаруашылықтарды қаржыландыруға бағыттау болжанады. Қаражатты бөлу бойынша операторлар болып Холдингтің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ белгіленді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі

Ринат Тасболатов, +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz

тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.

http://kazagro.kz/kz/news/1372–lr—-2013-

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus