Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары Фермерлік шаруашылықтармен «Сыбага», «Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалары арқылы 172 мың бас мал алынды

Фермерлік шаруашылықтармен «Сыбага», «Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалары арқылы 172 мың бас мал алынды

Баспасөз хабарламасы

9.11.2015ж.                                                                                                                           Астана қ.                                                                                                                                                                      
Үстіміздегі ауыл шаруашылығы жылын қорытындылай келе, республика бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1% есеге артық. Бұған өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемінің 3,1%-ға, еттің барлық түрінің – 2,5%-ға, сиыр сүтінің – 2,4%-ға, тауық жұмыртқасының – 11,8%-ға өсуі сеп болды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті. Сонымен, жылқы саны 2 132,5 мың бас, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. ІҚМ – 6 649,8 мың. бас (2,6%-ға артық), қой және ешкі 20 556,3 мың бас (0,9%-ға артық), құс – 38 479,8 мың бас (5,2%-ға артық). Сондай-ақ, саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау арқылы 2015 жылы 52,7 млрд. теңге бөлінді, яғни көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше уақытына 30%-ға артқан. «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның «Сыбага», «Құлан», «Алтын Асық» атты бағдарламаларына белсене қатысқан фермерлік шаруашылықтар да өз үлестерін қосуда. Сонымен, жыл бойы асыл тұқымды мал басы есебінен 75 мың ІҚМ, 25,2 мың бас жылқы, 72 мың бас қой сатып алынды. Асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 722 мыңға жетті, ал бұл көрсеткіш жалпы ІҚМ басының 22%. Ет экспорты 2015 жылдың 9 айы бойынша 9,6 мың тоннаны құрады. 2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрады. 2015 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 15,3 млн. га алқаптан дәнді-дақылдар жиналып, 19 959,4 мың тонна бастырылған. Дәнді-дақылдар алқаптарының (651,2 мыңға – 5,4%) қысқаруы және тыңайған жерлерді игеру есебінен азықтық дақылдар, сондай-ақ күріш, жүгері, сұлы, қант қызылшасы, бұршақты дәнді-дақылдар алқаптары арта түсті. АӨК секторларының барлық көрсеткіштерін талдауы жалпы өнім шығарылымының төмен өсімін көрсетті. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау көлемі соңғы 5 жыл ішінде 2,6 есеге, мал шаруашылығы – 2,1 есеге ұлғайған болса, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі тек 1,75 есеге артқан. Ауыл шаруашылығымен субсидияланатын 16 бағыттың ішінде өндіріс тиімділігіне қарамастан өндірілген өнім мен егіс алқаптарына берілетін өсімдік шаруашылығындағы гектарға бөлінетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарлатуға бағытталған субсидиялар тиімсіз екендігі анықталды. Өз кезегінде, шаруашылықтардың ұсақтығы жалпы саланың тиімді өндірісіне кедергі тигізуде.Тіркелген 3 856 фермерлік кооперациялар еліміздің жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының тек 2% ғана құрайды. Шаруашылықтардың көбіне ұсақ тауарлығы есебінен технологиялық пен инвестициялар қол жетімсіз боп қалуда. Кооперация арқылы шаруашылықтарды ірілендіруді ынталандыру үшін Министрлікпен «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң әзірленген, сондай-ақ, ү.ж. 29 қазанында Мемлекет басшымен қол қойылған қолданыстағы фермерлердің кооперациясы туралы заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізілген болатын. Атал тосқауылдарды жою және саланың тиімділігін арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен субсидиялау жүйесін өзгертуі туралы шешім қабылданды. Яғни, өсімдік шаруашылығында ЖЖМ және тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге бағытталған субсидиялар толықтай жойылып, мал шаруашылығында өнім сапасын арттыру және өнімділікті жоғарлату субсидияларының саны және ғылымды қаржыландыру көлемі азаяды. Оның орнына инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту тәрізді субсидиялар енгізіледі.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65 E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus