Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кірудің артықшылығы неде?

Фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кірудің артықшылығы неде?



Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырды.

Әзірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: мал шаруашылығының тиімділігін 40%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 30%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 500 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ті мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Бағдарламаның тұжырымдамалық ықпалы – қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа, фермерлік қожалықтарды өндірістің өсу факторымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін ескере отырып, ауқымды түрде кооперацияларды дамыту болып табылады. Сараптама нәтижесі бойынша, қосалқы шаруашылықтарда өндірілетін өнімнің 80%-ы ауылдық жерде қалып қойып, қала тұрғындары мен өңдеуші кәсіпорындарға дейін жетпейтіні белгілі болып отыр.

Есесіне еліміздегі сүт және ет кәсіпорындары бар болғаны 50-60% жүктемелік қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Яғни, шикізат жетіспейді. Ал, кооперация арқылы осы өнімді өндіріске жеткізудің механизмі түзіледі.

Кооперативтерге біріккен жағдайда, ең бірінші шешілетін жағдай өнімді тасымалдау. Кооперацияда фермер өз өнімін тапсырады, ал кооперация тапсырылған өнімді қалаға немесе кәсіпорынға жеткізеді. Ал мемлекет біріккен кооперацияға қолдау көрсетіп, субсидиялау және техника алуды несиелеу жүйесін қалыптастырып, айналымға қаражат береді.

2021 жылға қарай 500 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп, 1500 ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылады.
Фермерлерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуге біріктіре отырып, қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттырамыз.

Еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» ҰБХ арқылы жүзеге асырылады. ЖҚШ бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативін дамытсақ, 500 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құра аламыз және шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үлесін 1,3 есеге артады.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында ауыл тұрғындарының кірісін жыл сайын 300 млрд.теңгеге дейін арттыру және сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға төмендету көзделіп отыр.

Ойлап қарасак, жыл сайын 300 млрд. теңге ауылдарға қосымша кіріс ретінде кіріп отырса, бұл көрсеткіш бөлінген субсидия көлемінен екі есеге артық.
Сонымен қатар, кооперативтер өздерінің үлескерлеріне, яғни қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықтарына ветеринарлық, агрохимиялық, техникалық қызмет көрсету және жем дайындау бойынша бірнеше қызметтер көрсете алады.

Мысалы, ауыл адамдарының малы үшін шөп қажет болды делік. Өзінің құны 7-8 мың тонна болатын шөп, жазғы уақытта 20 мың теңгеге, күзде 30 мың теңге, қыста 40 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Ал, кооператив мемлекеттің қолдауымен лизинг арқылы сатып алынған трактор, шөп шабатын машина, тіркемелерді пайдаланып, арзан бағамен шөппен қамтамасыз ете алады. Кооператив ауыл тұрғындарын бір орталықтан құрама азықпен қамтамасыз етеді.

Кооперацияның тағы бір артықшылығы – агроөндірістік мақсатта және ауыл шаруашылығына қатысты емес бизнес түрлерін (монша, шаштараз және т.б) ашуға несие беру қарастырылған. Сонымен қатар, кооператив арқылы күнделікті тұтынатын несие алуға да болады. Ауыл тұрғындарына несие алу үшін банкке немесе аудан орталығы мен облыстарға барып жүрудің қажеті болмайды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus