Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры: 2013 жылы 1 жартыжылдығының қорытындылары

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры: 2013 жылы 1 жартыжылдығының қорытындылары

Астана, “АШҚҚҚ” баспасөз қызметі – Барлық бағдарламалардың шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 40,3 млрд. теңгені бағыттады. 2013 жылы Қор арқылы 18,9 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған, оның ішінде 1 шілдеге 9,2 млрд. теңге (3 346 қарыз) берілді.   «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғам 1998 жылы құрылған, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.   2005 жылдан осы күнге дейін Қордың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің несиелік ресурстарға қолжетімділігін арттыру, ауылды жерлерде шағын несиелік инфрақұрылымы мен ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарының хал-ауқаттарын нығайту.   Қордың филиалдары облыстық маңызы бар қалаларда орналасып, қызмет көрсетуде. Қордың штаттық саны – 299 қызметкер, олардың 235, яғни 79% аймақтарда жұмыс жасайды.   Қордың несиелік қоржыны 2013 жылғы 1 шілдеге 28,01 астам млрд. теңгені құрайды, қарыз алушылардың саны – 15,4 мыңнан астам адам. Несиелік қоржынның 19,2% жуығы «Ауылдық шағын несие» бағдарламасына, 45,6% – «Сыбаға» бағдарламасына, 12,7% – шағын несие ұйымдарын несиелеу бағдарламасына тиісті.   Бүгін Қор келесі несиелік өнімдерді жүзеге асырады: –              «Сыбаға» – мал шаруашылығын дамытуды несиелеу, –              «Ауылдық шағын несие», оның ішінде – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша, –              «Мурабаха» исламдық қаржыландыру бағдарламасы – Ислам Даму Банкімен біріккен жоба, –              «ШНҰ» – ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді әрі қарай несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелеу, –              «Егінжай» – көктемгі-дала және күзгі астық жинау жұмыстарын несиелеу, –              «Ауылдық ипотека» – «Ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер» 094 және 011 бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі Сеніміді өкілі (агенті) ретінде, –              басқа да бағдарламалар.   Қордың негізгі талабы – әлеуетті қарыз алушының міндетті түрде кепілдік мүлігінің болғанын айта кету керек. Дегенмен, қызметтің ерекшелігін еске ала отырып, Қордың кепілдік саясаты басқа қаржылық институттарға қарағанда жеңілдеу, қарыз алушылардың кепілдік қамтамасыз етуі көбінесе «моральдық» тұрғыда болады және өтімділігі өте төмен. Оған қарамастан, бұл шара несиелік қаржының жоғары қайтарылуын қамтамасыз етеді.   «Сыбаға»   2011 жылы республиканың экспорттық әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қор етті тұқымды жас мал алу үшін ІҚМ аналық басы мен бұқа-өндірушілерді сатып алуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын бастады.   Екі жылдың ішінде аталмыш бағдарлама бойынша Қор 10 208 млн. теңге берді. Бұл қаржыға қарыз алушылар 57,9 мың ІҚМ басын сатып алды.   2013 жылы етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға 4,3 млрд. теңге бағытталады деп жоспарланған. 1 жартыжылдықта 2 696,8 млн. теңге берілді. 1 шілдедегі мәліметтер бойынша, қарыз алушылар алған несиеге 16,3 мың ІҚМ басын сатып алды. Анықтама: несиелер 84 айға дейін мерзімге беріледі, жылдық 6% үстемемен. Қарыздың сомасы – 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін, қамтамасыз ету – өтімді мүлік.   Ерекше талаптар: жалпы мал басының (өзінің және сатып алынатын) 25% кем емес өз малының болуы, немесе қарыз алушы тарапынан ақшалай қатысу – сатып алынатын ІҚМ санының 25% кем емес; аналық малдың әр 30 басына өзінің немесе сатып алынатын 1 асыл тұқымды бұқаның болуы.   «Ауылдық шағын несие»   Қор ауылды жерлерде шағын несиелеу бағдарламасын 2005 жылдан бастап жүзеге асыруда. 8 жылдың ішінде 17,9 млрд. теңгеге 66,7 шағын несие берілген.   2013 жылғы наурызынан Қор аймақтық өкілетті ұйым ретінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған екінші бағытын жүзеге асыруға қатысады.   «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша Қор 9,6 млрд. теңгені тартуды жоспарланған. Жалпы, шағын несиелеудің шеңберінде ағымдағы жылы 4 181,1 млн. теңгеге 2086 несие берілді.   «Мурабаха»   Қор 2011 жылы Ислам Даму Банкімен 10 млн. АҚШ доллар көлемінде қарыз тарту туралы келісімге келді. Бұл қаржы Қазақстан ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге исламдық экономикалық қағидаттарына негізделіп бағытталуда. Сонымен қатар, басымдық әйел кәсіпкерлерді несиелеуге беріледі.   Осы мақсатта «Мурабаха» бағдарламасы әзірленген болатын.   1 шілдедегі мәліметтер бойынша, 275,7 млн. теңгеге 86 өтінім қаржыландырылды. Осы жылы несие желісін толық игеруі жоспарланған.   ИДБ-мен қарыз беру туралы келісіміне сәйкес, шағын несиелер келесі негізгі талаптарға сай беріледі: –              шағын несиенің максималды сомасы 25 000 АҚШ доллардан аспау қажет, –              шағын несиелеу мерзімі – 48 айға дейін, –              тиімді сыйақы үстемесі – жылдық 9,5 % аспайды, –              несиелер ИДБ қағидаттарына сәйкес келетін талаптар бойынша беріледі. Ерекше талаптар: «Мурабаха» бағдарламасы бойынша негізгі құрал-жабдықтарды, биологиялық активті (жылқы, түйе, ұсақ мүйізді мал) қарыз алушының өтінімі бойынша оған бөліп-бөліп төлеуге сатылады.   «ШҢҰ»   2007-2008 жылдары ауылды жерлерде шағын несиелеу инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қор 51 шағын несие ұйымын құрған болатын. 2011 жылдан бастап Қор ШНҰ жарғылық капиталдарындағы өз үлесін сатуды бастады. Қазіргі таңда құрылған ШНҰ 13-інде Қордың үлесі сатылды. Үлесті сатып алуға қызығушылық білдіретін тұлғалар Қордың орталық аппаратына өтінім білдіру керек.   2007-2012 жылдары әрі қарай шағын несиелеу үшін Қор шағын несие ұйымдарына 5,2 млрд. теңге бөлді.   Ағымдағы жылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді шағын несиелеу жұмыстары жалғасуда. 1 шілдеге Қор 979,9 млн. теңге ШНҰ-на несие ретінде берді.   Анықтама: несиелер 72 айға дейін мерзімге, 7,5 жылдық үстемемен беріледі. Қарыздың сомасы – 5 млн. теңгеден 350 млн. теңгеге дейін, қамтамасыз ету – өтімді мүлік. Несие желісін ашу үшін кепілдік қамтамасыз ету ретінде түпкі қарыз алушылардың мүлігі қойылмайд   «Егінжай»   «Егінжай» несиелеу бағдарламасы шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі-дала және күзгі астық жинау кезеңінде қаржыландыруға бағытталған. Несиелер 3 жылға дейін, 9,5% жылдық үстемемен беріледі.   2010-2012 жылдары осы мақсатқа 1,7 астам млр. теңге бағытталды, бұл қаржыға 420 мың гектар жерге егіс егілді. 2013 жылы қаржыландыру сомасы 2 есеге жуық көтеріледі (2012 жылы – 529,1 млн. теңге, 2013 – жылы – 991,4 млн. теңге).   Ағымдағы жылы 1 шілдеге 973,3 млн теңгеге 314 несие қаржыландырылды, бұл қаржыға 179,4 мың жерге егіс егілді.   Анықтама: несиелер 3 жылға дейін мерзімге, 9,5% жылдық үстемемен беріледі. Қарыздың сомасы – 1 млн. теңгеден 6 млн. теңгеге дейін, қамтамасыз ету – өтімді мүлік (оның ішінде – ЕДБ кепілдемелері, дәндік қолхаттар бойынша өсімдік шаруашылық өнімі).   «Ауылдық ипотека»   «Дипломмен – ауылға» жобасының аясында мемлекет тарапынан жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер ретінде қолдау көрсетіледі. 2010 жылдан бастап Қор «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер» 094 және 011 бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі агент болып табылады.   Мамандарды бюджеттік несиелеу талаптары келесі: – көлемі – 1500 АЕК (2013 жылы – 2 596 500 теңге), – мерзімі – 15 жыл, – сыйақы үстемесі – несие сомасының жылына 0,01 %.   Сенімді өкіл (агент) ретінде Қор 1 шілдеге 13,9 млрд. теңге бөлді (8 200 қарыз алушыға), оның ішінде 1 жартыжылдықта – 1 161,7 млн. теңге (485 қары алушыға).   Сонымен қатар, Қор «Шағын жылыжай кешендерінің лизингі», «Табиғи орта», «Бизнес-аймақ» бағдарламаларын жүзеге асырады.   Жалпы, барлық бағдарламалардың шеңберінде Қор агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 40,3 млрд. теңгені бағыттады. 2013 жылы Қор арқылы 18,9 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған, оның ішінде 1 шілдеге 9,2 млрд. теңге (3 346 қарыз) берілді.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus