Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды мәселелерін талқылауға жиналды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды мәселелерін талқылауға жиналды

IMG_1567

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Елбасының тапсырмасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясаты кеңесін құру туралы жиынына қатысты.

Мұндай форматтағы кездесу алғаш рет өткізілуде. Іс-шарада талқыланған мәселелердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы экспортын дамытуда маңызы зор.

Кездесу барысында сала басшыларының айтқан пікірлері ескерілетін болады. Ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруде құрылған кеңестің орны ерекше болатынына тараптар сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясатын жүзеге асыру, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, экспорттың әлеуеті, тұқым шаруашылығы, ветеринарлық-санитарлық бақылау, Еуразиялық экономикалық одақта ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тіркеу мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері Еуразиялық экономикалық одақ әріптестері «Еуразиялық экономикалық комиссия өкімінің жобасы «Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесі шешімінің жобасы «Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясаты кеңесі» хаттамаларына қол қойды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus