Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері ветеринариялық станция инспекторларының шекаралық бақылау жұмысымен танысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері ветеринариялық станция инспекторларының шекаралық бақылау жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 11-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ең үлкен жүктер өтетін «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Қордай», «Қарасу» шекаралық бақылау ветеринариялық станцияларының инспекторларының жұмысымен танысты.

Бұл шара 2017 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасының 18-тармағында қол қойылды, сондай-ақ шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кеден және салық әкімшілігі саласындағы ынтымақтастықты іске асыру көзделген.

Инспекторлар шекаралық ветеринариялық және санитарлық бақылау жұмыстарын анық көрсетті, сондай-ақ Комиссияның өкілдеріне соңғы 2 жылдағы есеп беру туралы, сондай-ақ қазіргі жағдай туралы хабарлады.

Еуразиялық комиссия өкілдері инспекторлардың өз міндеттерін орындаудағы жоғары кәсіби деңгейін, сондай-ақ атқарған жұмыстарын Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасына сәйкес екенін атап өтті.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика